ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ШЕТ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІ



ТЛЕУЖАНОВА
ГУЛЬНАЗ КОШКИМБАЕВНА

декан
педагогика ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор


Телефон: +7 72 12 770413
E-mail: foreign_lang@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, №9 ғимарат
Facebook Instagram


Шет тілдер факультеті 1994 жылы құрылды. Факультет педагогикалық, ғылыми, аударма қызметін жүзеге асыру үшін шет тілдерін білетін кадрлар дайындайды, атап айтқанда шет тілдері мұғалімдерін, колледж оқытушыларын, зерттеушілер мен аудармашыларды дайындайды.

Факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, сонымен қатар қос диплом бағдарламасы, ортақ білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Студенттерге ағылшын, неміс, француз, қытай және түрік тілдері ұсынылады.

Қазіргі уақытта факультетте 4 кафедра бар, онда 100-ге жуық ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, түрік, итальян тілдерінің оқытушысы жұмыс істейді.

Факультет құрамында Қытай тілі мен мәдениеті орталығы, Тілдік білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы, Көптілді білім беру орталығы, Қарағанды өңіріндегі жалғыз аккредиттелген емтихан орталығы – TOEFL орталығы, ағылшын тілі бойынша халықаралық емтихандарды өткізуге арналған сертификаттардың иегері: TOEFL ITP; TOEIC Listening&Reading; TOEIC Speaking&Writing; TOEFL Junior бар.

Студенттер мен оқытушылардың иелігінде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер, көркем және ғылыми әдебиеттерге бай қор, Workshop rooms, Students Hub, студенттерге арналған free Wi Fi Zone бар.