Академиялық жұмыс департаменті бакалавриатта, магистратура мен докторантурада білім беру процесін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, білім беру инновацияларын енгізеді, білім беру бағдарламаларын жобалауға және оларды әдістемелік сүйемелдеуге жәрдемдеседі, білім алушылар контингентінің қозғалысын, олардың оқу жетістіктерін тіркейді.
Департамент құрамына Тіркеуші кеңсесі, Білім алушылармен жұмыс қызметі, Қашықтықтан оқыту орталығы, Практика бөлімі, Мансап бөлімі, Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы кіреді.
Білім алушылар Департаментке білім беру бағдарламасына қайта қабылдану және ауысу, академиялық демалыс беру, стипендия тағайындау, стипендиялық бағдарламаларға қатысу және бос білім беру гранттарын бөлу конкурсына қатысу, практикадан, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгіне алады.
Оқытушылар Департаментке педагогикалық жүктемені бөлу, оқу кестесін құру, әдістемелік көмек алу мәселелері бойынша жүгіне алады.
Департамент академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.
Департаментті
Хасенова Тогжан Муратовна басқарады.
Басшының орынбасарлары
биология ғылымдарының кандидаты Гаголина Светлана Викторовна,,
филология ғылымдарының кандидаты Абишева Мария Сериковна.
Смаилова Салима Аблаевна.
Департаментке көрсетілген байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз.
Байланыс деректері: Университет к-сі, 28, бас корпус, № 219 кабинет, тел.: +7 7212 35-64-92, + 7 7212 35-64-94, e-mail: umu@buketov.edu.kz (директор); № 217 кабинет, тел.: +7 7212 35-64-76 (Білім алушылармен жұмыс қызметі).
Орталық ақпараттық жүйелерді енгізуді жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, желілік және серверлік инфрақұрылымды қолдауды жүзеге асырады, компьютерлік және көшіру техникасының жөндеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді, мультимедиялық жабдықтың, IP-телефонияның, WI-FI желісінің, университет сайты мен порталдарының жұмысын сүйемелдейді.
Университеттің цифрлық экожүйесі аясында бағдарламалық модульдерді әзірлеу, компьютерлік техника мен мультимедиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қолдау, Интернет желісіне қолжетімділік мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне аласыздар.
Орталықтың құрылымына мыналар кіреді:
- желіні басқару және сүйемелдеу бөлімі;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сүйемелдеу бөлімі;
- техникалық Оқыту құралдары бөлімі;
- компьютерлік және офистік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімі.
Орталық стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
Орталықты
Хен Виктор Владимирович басқарады
Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 103 кабинет, тел.: +77212 90-02-70, ішкі 1010, e-mail: citit@buketov.edu.kz
диспетчерлік қызмет тел.: + 7 7212 90-02-70, ішкі 1102.
ақпараттық қауіпсіздік бөлімі басшысының м. а.
Шошаев Жанқозы Сарсенұлы
Департамент университет инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді, үй-жайлар мен аумақтарды тұрақты тазалауды, университет объектілерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Департаменттің құрылымына: күрделі құрылыс және жөндеу басқармасы, қоғамдық тамақтану комбинаты, автономды жылыту станциясы, ботаникалық бақ, автогараж кіреді. Университеттің құрылымдық бөлімшелері департамент қызметкерлеріне техникалық қолдау алу қажеттіліктерімен жүгіне алады. Департамент университеттің Басқарма Төрағасы - Ректорына бағынады.
Департаментті Басқарма мүшесі, әкімшілік – шаруашылық қызмет жөніндегі проректор
Молдабаев Асылбек Серикович басқарады.
Департаментке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 120 кабинет тел.: +7 7212 35-60-87
Департамент университеттің студенттер қауымымен жұмысты ұйымдастырады және мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Университет студенттерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың шығармашылық, спорттық, азаматтық әлеуетін дамытуға ықпал етеді, Студенттер үйлерінде бос уақытты және тұруды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.
Департамент құрамына Студенттер сарайы, Студенттер үйлері, Университет тарихы музейі, денсаулық сақтау пункті, рекреакциялық спорт орталығы кіреді.
Білім алушылар әлеуметтік сипаттағы мәселелер, әлеуметтік жобаларға қатысу, өзін-өзі басқару құрылымдарының жұмысы, еріктілер қозғалысы, студенттік құрылыс жасақтары, бос уақытты ұйымдастыру клубтары, студенттер үйлерінде тұру мәселелері бойынша Департаментке жүгіне алады.
Департамент әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректорға бағынады.
Департаментті
Маргулан Уалиевич Туяков басқарады.
Департаментке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 104 кабинет тел.:+7 7212 35-64-14, e-mail: vospitanie_buketov@mail.ru
Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімі білім алушылар мен қызметкерлер қатарынан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізеді. Бөлім азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Бөлімге Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне әскерге шақыруды кейінге қалдыру, Қазақстан Республикасының қорғаныс істері жөніндегі аумақтық бөлімдеріне ұсыну үшін №3 нысан бойынша анықтама алу мәселелері, әскери есепке алуға байланысты өзге де мәселелер бойынша жүгіне аласыздар.
Бөлім Ректор аппаратыныңбасшысынабағынады.
Бөлімді
Абдыгалиев Рамазан Берикович басқарады.
Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 122 каб. тел.: +7 72 12 35-65-22, e-mail: vmigo@buketov.edu.kz
Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы университетте мемлекеттік қызметтер мен университет қызметтерін көрсету үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыс істейді.
Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс атқарады. Бұл білім алушылар мен қызметкерлердің анықтамалар мен құжаттар алу кезіндегі уақытын үнемдейді.
Сіз «e.gov.kz электрондық үкімет» порталында қарастырылған мемлекеттік қызметтерді және соған байланысты кеңестер алу үшін Орталыққа жүгіне аласыздар. Атап айтқанда, университет жатақханасынан орын алуға өтінім бере аласыздар; университет ғимараттарына электронды рұқсаттаманы тіркете; түрлі құжаттар мен анықтамаларды сұрата аласыздар.
Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.
Орталықты
Татьяна Вячеславовна Микляева басқарады.
Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, бірінші қабаттағы холл тел.: +7 72 12 90-02-70, ішкі 1081
Бухгалтерия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес бухгалтерлік және салық есебін жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Бухгалтерияға жалақыны есептеу, стипендия, оқу ақысын төлеу және студенттер үйінде тұру, іссапар шығындарын төлеу мәселелері бойынша жүгіне аласыз.
Бухгалтерия қаржы директорына бағынады.
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміді
Раушан Өміртайқызы Жақыпова басқарады.
Көрсетілген байланыстар бойынша бухгалтерияға хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 204 кабинет тел.: +7 7212 35-64-23 е-mail: raushan.zhakupova@buketov.edu.kz
Баспа университеттің ғылыми басылымдарына, конференция жинақтарына, кітаптарға түзету енгізеді, олардың баспа МемСт-қа сәйкестігін қамтамасыз етеді, кітап және басқа полиграфиялық өнімдердің дизайнын әзірлейді.
Баспаның баспаханасы әртүрлі полиграфиялық қызметтер түрін, баспа басылымдардың барлық түрлерін, техникалық редакциялауды жүзеге асырып, бланктік өнімдерді басады, сонымен қатар суреттер мен құжаттарға сканерлеу, ламинация, түптеу түрлерін орындайды.
Баспаны
Виктория Михайловна Кобина басқарады.
Баспа келесі мекенжайда орналасқан: 100024, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, бас ғимарат (№ 1 оқу корпусы), № 102-кабинет және Студенттер сарайы ғимаратында. Тел.: +7 212 35-63-16, e-mail izdаt-kbu@mail.ru .
Жұмыс тәртібі: дүйсенбі–жұма 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Баспасөз қызметі ақпараттандыруды жүзеге асырады, қоғаммен байланысты қамтамасыз етеді, университеттің имиджін қалыптастырады.
Баспасөз қызметіне сайтта, әлеуметтік желілерде, университеттің «Жастар әлемі. Мир молодёжи» газетінде ақпарат орналастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ брифингтер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру үшін хабарласа аласыздар.
Баспасөз қызметі Ректор аппаратының басшысына бағынады.
Баспасөз қызметіне
Могай Светлана Григорьевна басшылық етеді.
Баспасөз қызметіне көрсетілген байланыстар арқылы және сайттағы «Кері байланыс» қосымша беті арқылы хабарласуға болады.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 127 кабинет, тел.: +7 72 12 35-12-41, e-mail: press.buketov@buketov.edu.kz
Ғылыми кітапханада оқу және ғылыми әдебиеттің, мерзімді басылымдардың кітап және электрондық қоры бар. Ғылыми кітапхананың құрамына 8 каталог залы, 12 оқу залы, 8 электрондық ресурстар залы, сирек кітаптар залы, 8 әдебиет беру қызметі, сақтау орны кіреді.
Ғылыми кітапхана қызметінің жүйесіне әдебиет беру, дереккөздерді цифрландыру, белгілі бір тақырып бойынша дереккөздер, ғылымды қажетсінетін дерекқорлардан жоғары рейтингті журналдар іздеуге кеңес беру кіреді.
Оқырман картасын, электронды кітапханада жұмыс істеу паролін, қажетті оқулықтар мен оқу әдебиеттерін алу үшін ғылыми кітапханаға хабарласа аласыздар.
Ғылыми кітапхана академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.
Ғылыми кітапхананы
Гаухар Қуанышқызы Әбдіғұлова басқарады.
Қарағанды университеті ғылыми кітапханасының сайтына өту
Ғылыми кітапханаға көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Ғылыми кітапхананың бас кеңсесі Университет көшесі, 28 мекенжайында орналасқан, № 308 кабинет тел.: +7 7212 35-64-47, e-mail: library@mail.ksu.kz
Департамент университеттің ғылыми қызметін ұйымдастырады, ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысына жетекшілік етеді, ғылыми инфрақұрылымның дамуына ықпал жасайды, ғылыми зерттеулерді коллаборациялау, бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды нарықта ілгерілету үшін серіктестер іздеуді жүзеге асырады.
Департаментқа ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысу, ғылыми конкурстарға өтінімдер дайындау, патенттерді ресімдеу, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды сатып алу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.
Департаменттің құрамына ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үшін бизнес-тұжырымдамаларды, бизнес-жоспарларды және басқа да құжаттарды әзірлеуге көмектесетін «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы» (осы Кеңсенің қосымша бетіне сілтеме) кіреді.
Департамент университеттің Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына жетекшілік етеді.
Департамент ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.
Департаментті физика-математика ғылымдарының кандидаты
Серік Сағымбекұлы Қасымов басқарады.
Департаментке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 233 және 206 кабинеттер, тел.: +7 72 12 35-64-93, e-mail: science.buketov@buketov.edu.kz
Заң басқармасы университет қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады. Басқарманың жұмысы университеттің сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғаумен, шарттық және талап-арыз жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты.
Басқармаға құқықтық ақпарат алу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, заңгерлік кеңес алу үшін жүгіне аласыздар.
Заң басқармасы Ректор аппаратының басшысына бағынады.
Басқарманы
Шырын Тәкенқызы Байкенжина басқарады.
Заң басқармасына көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуға болады.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 231 кабинет тел: +7 72 12 35-63-39, e-mail: baikenz@mail.ru
Кеңсе сыртқы және ішкі құжаттаманың жедел логистикасын, университетке келіп түсетін сыртқы сұраныстардың (сұрау хаттардың) орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кеңсе құрылымына университет архиві мен аудармашылар қызметі кіреді.
Кеңсеге университет басшылығына жолданатын жазбаша өтініштер, мақсатты хат-хабарлар алу, университет архивіне атаулы сұраныстар алу мәселелері бойынша хабарласа аласыздар.
Кеңсе Ректор аппаратының басшысына бағынады.
Кеңсені
Әкімжанова Күлзия Маманқызы басқарады.
Кеңсеге көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 227 кабинет, телефон/факс: +7 7212 35-63-98, e-mail: office@buketov.edu.kz
Орталық қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан қолдауды қамтамасыз етеді.
Сіз қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі, idl.ksu.kz порталының жұмысы, сондай-ақ электрондық оқу басылымдарын құрастыруды техникалық қолдау мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне аласыз.
Орталық академиялық жұмыс департаментінің құрамына кіреді.
Орталықты
Жетімекова Гаухар Жеңісқызы басқарады.
Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 212 кабинет, тел.: +7 7212 35-63-71, е-mail: idl@mail.ksu.kz
Қабылдау комиссиясы талапкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады, бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларына қабылдау науқанын жүргізеді, Ұлттық тестілеу орталығымен, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен түсу емтихандарын өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Талапкерлер университетке түсу ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі, ҰБТ пәндері бойынша дайындық курстарынан өту туралы кеңес алу үшін Қабылдау комиссиясына жүгіне алады.
Қабылдау комиссиясының жұмысын жауапты хатшы
Барикова Алёна Рудольфовна ұйымдастырады.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Университет к-сі, 28, бас корпус, № 111, 109 кабинеттер тел.: +7 7212 35-64-05, +7 7212 90-02-70 (ішкі нөмірлер 5001, 5003) e-mail: priemka@mail.ksu.kz, alena.luh@mail.ru, Instagram: priemka_buketovuniversity.
Басқарма талапкерлер мен басқа да стейкхолдерлерді тартуға бағытталған маркетингтің заманауи әдістерін енгізуге ықпал етеді; ішкі және сыртқы ортада университеттің имиджін ілгерілетеді; білім беру қызметтері саласында отандық және шетелдік рекрутингтік агенттіктермен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
Факультеттер талапкерлер тартудың тиімді әдістерін енгізуге және университет беделінің нығаюына қатысты, сондай-ақ университеттің Instagram әлеуметтік желісінде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат орналастыру туралы бастамаларымен Басқармаға жүгіне алады.
Басқарма стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
Басқарманы экономика ғылымдарының кандидаты
Азамат Алдашұлы Дүйсембаев басқарады.
Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 310 кабинет тел.: +7 7212 35-63-17, е-mail: mir.department@gmail.com
Бөлім мемлекеттік сатып алудың www.goszakup.gov.kz. web-порталы арқылы университеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Бөлім қаржы директорына бағынады.
Бөлімді
Татьяна Александровна Круглякова басқарады.
Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 211кабинет тел.: +7 7212 35-65-26, e-mail: office@buketov.edu.kz
Мансап бөлімі өңір ұйымдарындағы бос орындар мониторингін жүзеге асырады және Мансап аптасын, жұмыс берушілердің презентацияларын өткізеді. Бөлімде жұмыс берушілер туралы деректер банкін қалыптастырады және бітіруші курстың білім алушылары туралы сауалнамалық ақпаратты жүйелейді.
Білім алушылар жұмысқа орналасу, түйіндеме дайындау, жұмыс берушімен сұхбаттан өту үшін психологиялық тренингтерге қатысу мәселелері бойынша Бөлімге жүгіне алады.
Жұмыс берушілер өз ұйымдарына маман немесе тағылымдамадан өтуші іздеу үшін бөлімге жүгіне алады, бітіруші курстың білім алушылары үшін мастер-класс өткізу туралы өтінім бере алады.
Мансап бөлімі Академиялық жұмыс департаментінің құрамына кіреді.
Бөлімді
Махабаева Айгуль Турганбаевна басқарады.
Мансап бөліміне көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 113 кабинет тел.: +7 7212 31-22-99, e-mail: ckt_kargu@list.ru. Біздің Instagram аккаунтымыз: buketov_work
Ректор аппараты Басқарма Төрағасы – Ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, университет қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіреді.
Ректор аппаратын
Серік Қарбайұлы Қалқаманов басқарады.
Ректор аппаратының басшысы Кеңсе, Архив, Баспасөз қызметінің, Қызметкерлерді басқару, Заң басқармасының, Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімінің, Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді.
Басшылықтың жедел шешімін талап ететін немесе Аппарат басшысының тікелей бағынысындағы қызметтердің жұмысына қатысты мәселелер бойынша Ректор аппаратына жүгінуге болады.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 225 кабинет, тел.: +7 7212 35-62-06, e-mail: serik.kalkamanov@mail.ksu.kz.
Орталықтың миссиясы:
Karaganda Buketov University қоғамдастығы үшін спортпен шұғылдану және спорттық өмірді ұйымдастыру мүмкіндіктерінің кең спектрін ұсыну. Жоғары санаттағы жарыстарға қатысу үшін студент-спортшыларды даярлау, сондай-ақ оларға спортта, оқуда және одан әрі еңбек жолында барынша қуатты, табысты болуына ықпал ету.
Орталықтың мақсаттары мен міндеттері: 1. Секцияларда студенттер мен қызметкерлер үшін сапалы спорттық бос уақытты ұйымдастыру; 2. Студенттер мен қызметкерлер үшін сапалы спорттық жарыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру; 3. Жоғары санаттағы жарыстарға қатысу үшін студент-спортшыларды даярлау; 4. Спорттық үй-жайлар мен залдарды жалға беру базасында ЖОО-ның коммерциялық қызметін ұйымдастыру; 5. Спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау.
Орталықты
Ақшалов Каир Шәріпұлы басқарады.
Қызмет Студенттер үйінде тұрумен байланысты тұрмыстық мәселелерді шешуде студенттерге көмек көрсетеді.
Егер сіз Студенттер үйінің бірінде тұрсаңыз, Қызметке жүгіне аласыз.
Қызметті
Бектас Бақытұлы Жұман басқарады.
Студенттер үйінде тұруға орын алу үшін БҚҚО порталына online режимде өтінім беріңіз(БҚҚО-ға сілтеме).
Студенттер үйі туралы көбірек білу
Қызметке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28/4, «Жастар орталығы» коворкинг-орталығы, тел.: +7 702 1664562, е-mail: zbektas@mail.ru - Бектас Бақытұлы.
Студенттер сарайы білім алушылардың шығармашылық және бос уақытын өткізу орталығы болып табылады. Онда 500 орындық концерт залы, жоғарғы және төменгі фойесі, дайындық бөлмелері, хореографиялық зал, костюм бөлмесі, дыбыс жазу студиясы бар. Сарайда университеттің шығармашылық ұжымдарының («Шығармашылық ұжымдар» қосымша бетіне сілтеме) дайындықтары мен қойылымдары, көрмелер, жәрмеңкелер мен шығармашылық жұмыстардың тұсаукесерлері, конкурстар мен фестивальдар, мерекелік іс-шаралар өтеді.
Студенттер сарайында «Дүйсенбі – Жұма» аралығында 9.00-ден 18.00-ге дейін және 18.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін шығармашылық клубтарды ұйымдастырушылардың кеңсесі орналасқан.
Студенттер сарайын
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат тел: 35-64-24, e-mail: ksu.ds@mail.ru, Instagram @ksu_ds.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ГИМНІ
Академик Е.А. Бөкетовтің 90 жылдығына арналған спектакль
Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған концерт (2020 жыл)
2020 жылғы Қарағанды университеті түлектеріне арналған бейне-құттықтау
Бос уақытты өткізу бағдарламасы Керемет серуен, немесе Қарағанды, туған күніңмен! 2021ж.10 ақпан
Тәжірибе бөлімі бөлімі білім алушыларға кәсіптік практика өтуіне және магистранттарға тағылымдамадан өтуіне жағдай жасайды.
Сіз болашақ жұмысқа тұрғылықты жер бойынша орналасу үшін сол кәсіпорыннан практикадан өтуге және магистранттардың ғылыми немесе өндірістік тағылымдамадан өту мәселелері бойынша Бөлімге жүгіне аласыз.
Бөлім академиялық жұмыс Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Департамент директорына бағынады.
Тәжірибе бөлімінің басшысы Животова Евгения Валерьевна
Сіз көрсетілген контактілер бойынша Практика бөліміне хабарласа аласыз.
Байланыс: Университетская көшесі, 28, бас ғимарат, № 113 кабинет, тел: +7 7212 31-22-99, e-mail: prof_p@buketov.edu.kz
бөлім парақшасы
Бөлім еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жағдайларын бақылауды жүзеге асырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде кіріспе нұсқама өткізеді.
Бөлім Ректор аппаратының басшысына бағынады.
Бөлімді
Тунгишбеков Рустем Социалович
Байланыс: Университет көшесі, 28, № 124 кабинет тел.: + 77212 35-65-04, e-mail: otbiot@mail.ru
Кеңсе білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүзеге асырады, білім алушылардың жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылайды, білім алушылардың оқу жетістіктерінің есебін жүргізеді, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады, емтихан ведомостары мен транскриптерін ресімдейді.
Кеңсеге ресми және бейресми оқыту нәтижелерін қайта есепке алу, апелляция өткізу, жеке оқу жоспарларын, білім алушылардың академиялық рейтингісін қалыптастыру мәселелері бойынша жүгінуге болады.
Кеңсе академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.
Кеңсені экономика ғылымдарының кандидаты
Тян Ольга Алексеевна басқарады.
Тіркеуші кеңсеге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 214 кабинет , е-mail: regoff@buketov.edu.kz
Басқарма білім беру саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты ұйымдастырады, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларға ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, қызметкерлер мен білім алушылардың халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуына жәрдемдеседі.
Факультеттер Басқармаға ынтымақтастық туралы шарттар жасасу, қонақ дәрісшілерді шақыру, академиялық алмасу бағдарламаларына және халықаралық жобаларға қатысу туралы бастамаларымен жүгіне алады.
Әлеуетті серіктестер ынтымақтастық туралы ұсыныстарды ілгерілету, университет басшылығымен ресми кездесулер ұйымдастыру үшін Басқармаға жүгіне алады.
Шетелдік азаматтар визалық мәселелерді шешу кезінде ұйымдастырушылық және консультациялық көмек алу үшін Басқармаға жүгіне алады.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
Басқарманы
Успанова Марьяна Валерьевна басқарады.
Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 222 кабинет тел.: +7 7212 35-60-35, e-mail: icd.buketov.university@gmail.com
Бөлім университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін жасайды, ақылы қызмет құнын есептеуді жүзеге асырады.
Бөлім қаржы директорына бағынады.
Бөлімді
Байгулина Жанна Антаевна басқарады.
Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.
Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 208 кабинет тел.: +7 7212 35-63-86, е-mail: office@buketov.edu.kz