ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ғалымдарды қолдау


Университетте ұйымдастырушылық көмек, зерттеулер жүргізуге ішкі грант, ғылыми нәтижелерді біржолғы қаржыландыру алуға мүмкіндігі бар ғалымдарды қолдау саясаты іске асырылады.


Ұйымдастырушылық көмек
  1. Ғалым:
  2. - ғылыми конкурстарға, оның ішінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, «Жоо-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысуға;

    - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында куәлік алуға өтінімдерді рәсімдеу кезінде ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау ала алады.

  1. Университет қаржыландырылатын жобаларды тапсырыс берушімен шарт жасасудан бастап орындалған жұмыстар актісін, бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есепті және қорытынды ғылыми есепті тапсырғанға дейін толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Толығырақ »


Зерттеулер жүргізуге арналған ішкі грант

Университет ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ішкі гранттар бөледі. Ізденушілер қатарына университеттің оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары кіреді. Ішкі грант алу ниетіңіз туралы Ғылым департаментіне мәлімдеу керек.

Басқарма қызметкерлері университет Басқармасына өтінішхат ресімдеуге көмек көрсетеді.

Толығырақ ақпарат алу

2020 жылы университет өзекті ғылыми тақырыптарды зерттеуге 8 ішкі грант бөлді:

«Техногендік шикізат пен кендерден бағалы компоненттерді алуға арналған электргидравликалық қондырғы» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, доцент А.К. Хасенов.

«Органикалық күн батареялары үшін құрамында азулені бар жана түйіскен олигомерлерді құру» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының докторы, профессор Н. Мерхатұлы.

«Нанокаталитикалық қоспалардың қатысуымен көп мақсатты өнімдерге бастапқы тас көмір шайыры мен полимерлі қалдықтарды гидрокаталитикалық крекингтің жаңа тәсілі» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы А. Түсіпхан.

«Жабайы өсетінөсімдіктер мен дәрілік өсімдіктердің тұқымдық материалын криоконсервациялау және қысқа және ұзақ мерзімді сақтау банкін жасау» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, профессор М.Ю. Ишмуратова.

«Экспериментте Амарант тұқымдасының Beta vulgaris өсімдік тұқымдарының емдік қасиеттерін зерттеу және бағалау» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Конкабаева.

«Фрагменттер және олардың модель топтары» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Ешкеев.

«Жартылай өткізгішті полимер мен металфталоцианиндер негізінде күн энергиясы фототүрлендіргішті әзірлеу» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор А.К. Зейниденов.

«Жастар арасында діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимылдың теориясы мен практикасы» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.А.Аманжолова.

2021 жылы университет 3 грант бөлді:

«Қасым тану мәселелері» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Жарылғапов.

«Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері мен салдары (мұрағат материалдары мен естеліктер негізінде)» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Мустояпова.

«9 сыныпқа арналған оқулық әзірлеу «Құқық негіздері»» тақырыбы. Ғылыми жетекшісі – заң ғылымдарының магистрі А.Б.Шакирова.


Ғылыми нәтижелерді біржолғы қаржыландыру
  1. Университет отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқытушылар мен білім алушылардың тағылымдамадан өтуін, конференциялар мен форумдарға қатысуын толық және ішінара қаржыландырады.
  2. Университет Web of Science және Scopus сияқты жоғары рейтингті ғылыми басылымдардағы жарияланымдарды дайындағаны үшін жалақыға үстемақы төлейді.
  3. Университет докторанттардың жоғары рейтингті журналдарда жариялануы үшін ақы төлейді.
  4. Университет «Қарағанды университетінің хабаршысында» оқытушылар мен білім алушылардың жарияланымдары үшін жеңілдікті тариф белгіледі.
  5. Университетте жас ғалымдарға арналған конкурстар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша ақшалай төлемдер тағайындалады.
  6. Университет зияткерлік меншікке патенттер ресімдеу кезінде ғалымдардың шығындарын төлейді.
Толығырақ ақпарат алу

- өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдер қабылдау және формальды сараптама жүргізу үшін баж төлеу;

- өнертабысқа өтінімнің мәні бойынша сараптама жүргізгені үшін баж төлеу;

- өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжатын тіркеу және беру туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімде жариялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін баждарды төлеу;

- қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған кезден бастап үш жыл бойы күшінде ұстап тұру үшін баждарды төлеу.


Қолдау алу үшін Ғылым департаментіне жүгінуге болады.