декан
қауымдастырылған профессор, PhD докторы
Телефон: +7 72 12 35 61 52
E-mail: bgf-olimp@mail.ru
Университет көшесі, 28/3,
№ 3 ғимарат
Instagram
Биология - география факультеті – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі ең көне факультеттердің бірі. 1972 жылы тарихы 1952 жылы басталатын педагогикалық институттың жаратылыстану факультетінің негізінде құрылды. 1972 жылы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары факультетінің негізінде ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда факультет биология, география, экология, биотехнология, ауыл шаруашылығы және медицина ғылымдарының әртүрлі салаларының мамандарын біріктіреді.
Факультеттің міндеті – классикалық білім беру құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық технологияларды қолдану негізінде биологиялық, географиялық және экологиялық ғылымдар саласында жоғары сапалы білім беру және аймақтың болашағы үшін жауапкершілікті алуға қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау.
Факультетте 60 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының, Білім және ғылым министрлігінің таланты жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендияларының иегерлері және т.б. бар.
Факультет кафедраларында 900-ден астам студент, магистрант пен докторант оқиды, факультет қабырғасынан жыл сайын 200-ге жуық маман бітіріп шығады. Факультетте Биотехнология және экомониторинг зерттеу паркіне біріктірілген бес зерттеу зертханасы бар. Сабақтар мамандандырылған зертханалар мен кабинеттерде, Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарда, интерактивті мультимедиалық жабдықтары бар дәріс аудиторияларында өтеді. Факультеттің Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Табиғат мұражайында оқу-дала базасы, түрлі гербарий қоры бар.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
1955 жылы жаратылыстану факультеті физика-математика факультетінен бөлініп, дербес факультет болды. Жаратылыстану факультетінің алғашқы деканы х.ғ.к. Р.Г. Омарова болды. Ол жаратылыстану факультетінің негізін қалап, дәрістер оқуды, практикалық сабақтар өткізуді жоғары деңгейге қойып, Қазақстанда биологтар, химиктер сияқты жоғары білікті мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. 1955 жылдың желтоқсанында жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент П.С.Кравицкая тағайындалды.
1956 жылы ботаника, зоология, химия кафедралары ашылды.
1964 жылы «Ауыл шаруашылық өндірісі» кафедрасында агрохимиялық зертхана ашылып, онда Қарағанды облысының агрономдары қайта даярлаудан өтті.
1966 жылы зоология кафедрасы «Зоология» және «Адам және жануарлар физиологиясы» деп аталатын екі кафедраға бөлінді.
1972 жылғы наурызда педагогикалық институт университет болып қайта құрылып, биология және химия факультеті тәрізді екі тәуелсіз факультет ұйымдастырылды.
Қарағанды мемлекеттік университетін ұйымдастырғаннан кейін биология факультетінің алғашқы декандары биология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Р.А. Тоқтамысова (1973-1976 ж.ж.) және И.М.Анапиев (1976-1980 ж.ж.) болды.
1980 жылы доцент О.А. Абдрахманов дайындық бөлімінен биология факультетіне декан болып ауыстырылды. Осы лауазымдағы жеті жыл ішінде факультет өмірдің барлық саласында белгілі бір жетістіктерге жетті.
1990 жылы факультете екі мамандық бойынша студенттерді дайындау басталды: факультеттегі төрт кафедраға «Психология» және «География» кафедралары қосылды.
1987-1991 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры биология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Бигалиев болды, оның белсенді қолдауының арқасында 1992 жылғы 10 сәуірде жалпы ауданы 5982 ш.м. болатын биология факультетінің жаңа корпусы пайдалануға берілді, ғимараттың бастапқы жобалық құны шамамен 3 миллион рубльді құрады. Жаңа ғимараттың құрылысына факультет оқытушылары да, студенттері де белсенді қатысты.
Факультеттің дамуына және қалыптасуына факультетке 30 жылдан аса уақыт берген оқытушылар зор үлес қосты, олар: О.А. Абдрахманов, Н.Т.Абулкасымова, И.Б. Александров, И.М. Анапиев, Т.И. Аубакиров, Х.Ж.Аубакирова, А.И. Ахметжанова, Т.Б. Балмагамбет, К.Б. Бекишев, Г.В.Вишневская, Е.М. Гвоздырова, Ш.Б. Джумабаева, Ш.Е. Дюсекеева, Т.Н.Ержанов, Ж.Ж. Жумажан, В.И. Капитонов, М.К. Кожахмет, В.Г.Колбасинская, П.С. Кравицкая, К.И. Кульжанова, Р.Г. Мейрамова, Б.Н.Мухачев, Р.А. Пудова, Н.Г. Скопин, Н.П. Славченко, Ж.Б. Тарабаева, М.К.Утебаева, А.Б. Фатхулова, Т.К. Шаушеков.
Факультетте биология ғылымдарының докторлары, профессорлар: П.С.Кравицкая, В.И. Корнилов, Н.Г. Скопин, В.И. Калинин, А.Б. Бигалиев, Н.Т.Ержанов, М.Р. Хантурин, Н.К. Смағұлов, Н.М. Мырзаханов және т.б. жұмыс істеді.
Білім алушылар:
2020-2021 оқу жылында білім алушылар контингенті: - 841 студент, 79 магистрант, 33 докторант. 953 білім алушының 627-сі мемлекеттік грант иегері. Соңғы үш жылда факультет бағдарламаларына түсетін талапкерлердің орташа саны 200-ден астам студентті құрады, олардың 10%-ы «Алтын белгі» иегері болып табылады. Қазақстандық студенттермен қатар факультетте Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, АҚШ елдерінен келіп оқитын білім алушылар бар.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80%-ды құрайды;
Оқытушылар:
50 оқытушы, оның 60%-ының ғылыми дәрежесі бар. Факультетте жоғары оқу орнының үздік оқытушысы республикалық атағының 8 иегері жұмыс істейді.
Білім беру бағдарламалары:
Көптілді бағдарламалар бар: 5В011300/6в1509 – Биология, 5В011600/6в01510 – География, 5В060700/6в05101 – Биология, 5В070100 / 6в05102-Биотехнология.
Диссертациялық кеңестер:
8D05108001 - Биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін диссертациялар қорғауға арналған диссертациялық кеңес.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Факультеттің білім беру бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің нұсқасы бойынша 2020 жылғы Ұлттық рейтингте бакалавриаттың 4 бағдарламасы, магистратураның 5 бағдарламасы және докторантура бағдарламалары көш бастап тұр:5В011300/6В1509 – Биология, 5В011600/6В01510 – География, 5В012900/6В01511 – География-Тарих, 5В060700/6В05101 – Биология, 5В060900/6В05203 – География; 7М01501501- География, 7М05108301- Геоботаника, 7М01501401- Биология, 7М05208701- Экология, 7М05108001- Биология, 7М05108201 – Биотехнология, 8D051080001 – Биология.
Серіктестер:
«Герхард Катч» диабет институты (Германия),
Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің биология-топырақ факультетінің құрылымдық-функционалдық бейімделу зертханасы (Ресей),
М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультеті (Ресей),
Гигиена және кәсіби аурулардың кешенді проблемалары ҒЗИ (Ресей),
Вроцлав қоршаған ортаны қорғау және жер туралы ғылымдар университеті (Польша),
«Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университеті (Болгария).
Ғылыми жобалар:
«Филадельфия хромосомасын және лейкозбен ауыратын науқастардағы D дәрумені деңгейін анықтау» Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық биотехнология орталығымен, Бен-Гурион университетімен (Израиль) бірлесіп жасалады.
«Орталық Қазақстанның флорасы мен өсімдік ресурстарын зерттеу» Нұр-Сұлтан қ. Астана Ботаникалық бағымен, Ақтау қ. Маңғышлақ эксперименттік Ботаникалық бағымен, Жезқазған қ. Жезқазған Ботаникалық бағымен бірлесіп жүзеге асырылды.
«Өсімдік материалын криоконсервациялау және микроклональды көбейту» институты, Алматы қ. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтымен, В.И. Вавилов атындағы Санкт-Петербург өсімдіктердің генетикалық ресурстары институтымен, Харьков қ. Криобиология және криомедицина институтымен бірлесіп жүзеге асырылады.
«Қарағанды облысы жағдайында дәрілік және ағаш-бұта өсімдіктерін жерсіндіру» Барнаул қ. Алтай мемлекеттік университетімен, Нұр-Сұлтан қ. Астана Ботаникалық бағымен бірлесіп жүзеге асырылады.
«Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің фармакогностикалық, гистохимиялық және тауартанушылық талдауы» Қарағанды қ. медициналық университетімен, Нұр-Сұлтан қ. ЕҰУ қолданбалы химия институтымен, Степногорск қ. «Биомедпрепарат» ЖШС-мен бірге.
Түлектер:
Факультеттің көптеген түлектері өз мансабында жетістікке жетуде:
Айбат Мұзбай – «KazakhstanWildlifeFoundation» ҚБ атқарушы директоры, түрлердің тіршілік етуі жөніндегі комиссияның (SSC IUCN) Орталық Азия елдеріндегі SULI жұмыс тобының мүшесі («Биология» мамандығының 2018 жылғы түлегі).
Бекмұхаметов Әлібек Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы («Экология» мамандығының 2004 жылғы түлегі).
Воронова Вера Владимировна – «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСА)» атқарушы директоры, Нұр-сұлтан қ. («Экология» мамандығының түлегі, 2007 жыл).
Жирков Валентин Васильевич – Жезқазған қ. «Биосфера Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры («Биология» мамандығының түлегі, 2006 жыл).
А.В. Ким – Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы («Экология» мамандығының 2003 жылғы түлегі).
Маратов Темірлан – ҚР Ауыл министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің бас сарапшысы («Биотехнология» мамандығының 2017 жылғы түлегі).
Мұсаханова Кәмшат – Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадрлар бөлімінің бастығы («Экология» мамандығының түлегі, 2004 жыл)
Протас Евгений – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы («Биология» мамандығының 2013 жылғы түлегі).
Рябцев Сергей – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы («Биология» мамандығының 2013 жылғы түлегі).
Төлегенов Асылжан Қанатұлы – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қоршаған ортаны қорғау Департаментінің бас маманы («Экология» мамандығының 2015 жылғы түлегі).
Шайзадаева Жансая Амирзадаевна – Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы («Экология» мамандығының 2015 жылғы түлегі).
Түлектер қауымдастығы
Факультет түлектерінің қауымдастығы 2006 жылы құрылған. Оған әр жылдардағы түлектер кіреді. Ол факультеттің корпоративтік ортамен серіктестігін нығайтуға көмектеседі.