кафедра меңгерушісі
профессор, PhD
Телефон: +77 7212 770438
E-mail: foreign_lang@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, 9-ғимарат, 218-кабинет
Facebook, Instagram
Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай, жапон тілдерін және орыс тілін шет тілі ретінде оқытуды қамтамасыз етеді, бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттері әртүрлі тілдік траекторияларда оқуға мүмкіндік алады: «Ағылшын тілі/ Неміс тілі», «Ағылшын тілі/ Француз тілі», «Ағылшын тілі / Қытай тілі», «Ағылшын тілі/Түрік тілі», «Ағылшын тілі/Жапон тілі» «Орыс тілі шет тілі ретінде / Ағылшын тілі». Оқу бағдарламасына «Білім берудегі ақпараттық технологиялар», «Сандық білім беру ресурстары», «Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар», «Инклюзивті білім беру негіздері», «Тілдік білім беру саласындағы менеджмент» сияқты өзекті пәндер енгізілген. Студенттер шет тілдерін ерте оқыту, үш тілді және көптілді білім беру саласында арнайы білім алады.
Алынған дайындық деңгейіне сәйкес кафедра түлектері білім беру ұйымдарында, оқу орталықтарында және тілдік курстарда шет тілін оқыта алады, аудармашы ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесінде әдістемелік немесе басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады, білім беру бөлімдері мен департаменттерінде, университеттерде және ғылыми мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылық саласы көптілді және шеттілді оқыту, лингводидактиканың теориялық және қолданбалы аспектілері, шет тілін ерте оқыту, мәдениетаралық қатынас және т.б. мәселелерін қамтиды.
Кафедра бакалавриат - магистратура - докторантура жүйесі арқылы мамандарды дайындау үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді, шетелдік серіктес университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, олардың ішінде: Шихэцзи университеті (Қытай), Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ататүрік Университеті(Түркия), Кастамону Университеті(Түркия). Кафедра академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2023 ж. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) «6B0175 - Шетел тілі: екі шетел тілі» бакалавриат бағдарламасы бойынша екі дипломдық білім туралы келісімге қол қойылды.
Кафедрада 2023-2024 оқу жылынан бастап Fulbright бағдарламасының стипендиаты, АҚШ елшілігінің ағылшын тілі оқытушысының көмекшісі Спенсер Харрисон дәріс беруде.
2023 ж. 13 қазанда "ЖОО-мектеп" бағдарламасын іске асыру аясында Қарағанды қ. №15 жалпы білім беретін мектебінде жаңа филиал ашылды. Филиал болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын дамыту үшін құрылған студенттердің практикалық және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың орталығы.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра өзінің тарихын 1991 жылы «неміс тілі» мамандығы бойынша алғашқы қабылдау жүргізілгенінен бастау алады. Кафедра дамуының және мамандықтың қалыптасуының бастауында п.ғ.д., профессор Б.А. Жетпісбаева, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.К. Тлеужанова, гуманитарлық ғылымдар магистрі Б.Ж. Жанкина, аға оқытушылар Ж.А. Қағазбаев, А.С. Ибраева, Г.И.Абишева, С.А. Смайловалар тұрды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі 1994-1998 жылдар аралығында п.ғ.д., профессор Б.А. Жетпісбаева болды. Кафедраны әр жылдары доцент Ж.А.Қағазбаев (2003-2007 жж.), п.ғ.к., доцент Ү.И. Көпжасарова (2007-2010 жж.), ф.ғ.к. С.Х. Жақыпова, ф.ғ.к. З. Мажит, п.ғ.к., доцент Э.А. Утеубаева (2010-2013 жж.), п.ғ.к. Г.Н. Ақбаева (2013-2017 жж.), п.ғ.к., доцент Г.К.Тлеужановалар (2018-2019 жж.) басқарды. Қазіргі уақытта кафедраны PhD докторы Ғ.Б.Саржанова басқаруда.
Ең алғашқы бітірушілер 1996 жылы неміс тілі мамандығының түлектері болды, олардың саны 63 адам болды. Осы бағдарлама бойынша 1998 жылдан бастап Түркия азаматтары білім алды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы дамыған кезде кафедрада Ресей, Германия, Қытай студенттері білім алды.
Осы жылдар аралығында кафедра білім беру бағдарламаларының санын төртке дейін көбейтті. Кафедрада 2006 жылы 6M011900-«Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасы бойынша магистратура ашылды. Ал 2014 жылы 6D011900-«Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасы бойынша PhD докторларды даярлау басталды, PhD доктор дәрежесін алған бағдарлама түлектерінің саны – 6 адам.
Маңызды даталар:
1991 жыл: «Неміс тілі» мамандығына алғашқы қабылдау.
1993 жыл: DAAD-пен алғашқы ынтымақтастық - DAAD стипендияларын алғаш рет алу, неміс академиялық алмасу қызметі.
1996 жыл: «Неміс тілі» мамандығы бойынша алғашқы түлектер.
2000 жыл: «Француз тілі» мамандығы бойынша алғашқы түлектер.
2001 жыл: Ағылшын тілінде сөйлеу практикасы кафедрасы ашылды.
2003 жыл: Ағылшын тілі әдістемесі кафедрасының негізі қаланды.
2006 жыл: 6М011900-«Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
2008-2011 жж.: DAAD дәріс оқушысы Томас Шпикердің (Германия) кафедрадағы кісіби қызметі.
2010-2011 жж.: Жюльен Паре (Франция) университеті докторантының Сорбоннаның кафедрасындағы кәсіби қызметі.
2011 жыл: Қарағанды қаласының «№ 93 гимназия» КММ базасында кафедра филиалының ашылуы
2011-2014 жылдары: кафедрадағы DAAD оқытушысы, PhD Катарина Буктың (Германия) кәсіби қызметі
2012 жыл: «№ 97 гимназия» КММ базасында кафедра филиалының ашылуы
2012 жыл: 6D011900 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша докторантураның ашылуы
2013 жыл: «Шетел филологиясы» (қытай) мамандығына бірінші қабылдау
2013 жыл: Шихэцзи университетімен (Қытай) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, Шихэцзи университетінің алғашқы студенттерін оқыту (Қытай)
2013 жыл: Германия университеттерінің студенттеріне арналған халықаралық тәжірибені ұйымдастыру (Лейпциг университеті, В. Гумбольдт атындағы университет,
Берлин, Кельн университеті)
2014-2017 жылдары: кафедрадағы DAAD оқытушысы, PhD Штефан Кельдің (Германия) кәсіби қызметі
2014 жыл: 5В011900, 6М011900 - Шетел тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламаларының ACQUIN халықаралық агенттігінде (Германия) халықаралық аккредиттеуден өтуі
2016-2017 жылдары: кафедрадағы итальян тілі оқытушысы Элиана Консолоның (Италия) кәсіби қызметі.
Білім алушылар:
5 жыл ішінде студенттер контингентінің көбеюі байқалды: бакалавриатта 198-ден 639 адамға, магистратурада 17-ден 111 адамға, докторантурада 6-дан 16 адамға дейін артты.
Оқытушылар:
Кафедрада 30 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғылым кандидаттары мен магистрлері, 5 «Үздік оқытушы» атағының иегері, сонымен қатар республикалық марапаттар мен ғылыми стипендиялардың лауреаттары да бар.
Білім беру бағдарламалары:
Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетімен қос дипломды бағдарламасы (Ресей).
Диссертациялық кеңес:
2017 жыл: 6D010000 - Білім және 6D011900 - Шетел тілі: екі шет тілі мамандықтары бойынша PhD докторы дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестің ашылуы.
Жұмыспен қамту:
Бакалаврлардың жұмысқа орналасу деңгейі 88%-ды, магистранттар мен докторанттар арасында – 100%-ды құрады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: 2018 және 2019 жылдары БСҚБТА Ұлттық рейтингісі бойынша «Шетел тілі: екі шет тілі» магистрлік бағдарламасы екінші орынды иеленді.
Білім беру бағдарламалары
6В01705 - Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): бакалавриат. Осы мамандық бойынша студенттер тілдік, шет тілді, үш тілді білім беру, Қазақстандағы шет тілдік оқытудың қазіргі жағдайы, орта білім берудің жаңартылған мазмұны, педагогикалық акмеология негіздері және шет тілдік білім беру және тәрбие жұмысының әдістемесі аясында инновациялық әдістер мен технологиялар бойынша білім алады. Түлектер білім беру бакалавры дәрежесіне ие болып, орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында шет тілдер мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер; шет тілі курстарының оқытушылары; аудармашылар, оқу бөлімдерінде, біліктілікті арттыру институттарында маман ретінде жұмыс істей алатын болады.
7М01701901 - Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): магистратура. Бағдарлама терең ғылыми, тілдік және педагогикалық дайындыққа бағытталған. Түлектер педагогика ғылымдары бойынша магистр академиялық дәрежеге ие болып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жұмыс істей алады; шет тілдік дайындық саласындағы оқу үдерісін ұйымдастыра алады; ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік қызметімен айналысады.
8D01702 - Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): докторантура. Бағдарлама ғылыми, тілдік және педагогикалық дайындықтары бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған. Түлектер PhD философия докторы академиялық дәрежесіне ие болады және университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады. Оқытушылар бейіні «ПОҚ бейіні – 2.12» нысанын қараңыз.