декан
Қауымдастырылған профессор, PhD докторы
Телефон: +7 (7212) 356430
E-mail: matfak.kargu@mail.ru
Университет көшесі, 28,
№2 ғимарат, 408 кабинет
Facebook, Instagram
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті математика, механика, сандық технологиялар және білім, ғылым және бизнес үшін робототехника саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Факультет бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларын, үш тілді білім беру бағдарламасын, қос диплом бағдарламасын ұсынады.
Факультет түлектері сұранысқа ие және білім беру мектептерінде, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында, жоғары оқу орындарында, бизнес-құрылымдарда, ғылыми ұйымдарда, IT-компанияларда табысты жұмыс істейді.
Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер», «Профессор Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия», «Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі», «Қолданбалы математика және информатика».
Факультет мультимедиалық, компьютерлік және лингафондық кабинеттермен, мамандандырылған оқу зертханаларымен, Wi-Fi аймақтарымен жабдықталған. IT-құзыреттілік орталығы, «Robotics and intelligent machine» ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Математика факультеті 1972 жылы құрылды. Факультеттің алғашқы деканы физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Сматов Тасболат Сматович болды. Факультеттің қалыптасуы мен дамуы факультеттің ашылған сәтінен бастап қызмет еткен мамандардың есімдерімен байланысты: С.Б. Баймурзин, К.М. Махметов, Н.Т. Мочернюк, В.Н. Нам, М.А. Перевертун, Н.П. Кострикина, Н.А. Алмуханбетов, Т.Г. Мустафин, Е.С. Смаилов және басқа да мамандар.
Факультетте алғаш рет «Математика» мамандығы ашылды, кейіннен «Қолданбалы математика» (1996 ж.), «Механика» (1997 ж.), «Ақпараттық жүйелер» (2004 ж.), «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (2011 ж.), «Математика-информатика», «Математика-физика», «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» (2018-2019 жж.), «Робототехника және мехатроника» (2022 ж.), «Бағдарламалық инженерия» (2023 ж.) мамандықтары ашылды. Сондай-ақ, докторантура бағдарламалары бойынша «Математика» (2014 ж.), «Цифрлық педагогика» (2020 ж.), «Механика (2023 ж.) мамандықтары енгізілді.
Білім алушылар:
Факультеттің білім беру бағдарламалары талапкерлер арасында жоғары сұранысқа ие. Соңғы үш жылда студенттер саны шамамен бір жарым есеге өсті. Қазіргі таңда факультетте 1463 адам білім алуда, олардың 80,5%-ы білім беру гранттарының иегерлері болып табылады. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, халықаралық ғылыми жоба байқауларының қатысушылары бар. Факультетте шетелден келген студенттер білім алады, олардың қатарында Моңғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары бар, сонымен қатар Қазақстанның көптеген облыстарынан: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан келген студенттер оқиды
Оқытушылар:
Математика және ақпараттық технологиялар факультетінде қазіргі таңда 87 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер, республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшелері, өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін А.Нобель медалінің иегерлері бар. Қазіргі уақытта факультеттің 12 оқытушысы докторантурада, 4 оқытушы постдокторантурада білім алуда.
Жұмыспен қамту:
Факультет түлектерінің жұмыспен қамтылуы 90%-ды құрайды.
Білім беру бағдарламалары:
Факультет 19 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады:
-Бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы:
6В01501-Математика, 6В01502-Математика-Информатика, 6В01502.1-Математика-Физика, 6В01505-Информатика, 6В05401-Математика, 6В05402-Механика, 6В06103-Ақпараттық жүйелер, 6В06104-Математикалық және компьютерлік модельдеу, 6В06105-Бағдарламалық инженерия, 6В07107-Робототехника және мехатроника.
-Магистратураның 6 білім беру бағдарламасы:
7М01502-Математика, 7M01503-Информатика, 7M05401-Математика, 7M05402-Механика, 7M06101-Ақпараттық жүйелер мен технологиялар, 7M06104-Ақпараттық жүйелер мен технологиялар;
-Докторантураның 3 білім беру бағдарламасы:
8D01103-Цифрлық педагогика, 8D05401-Математика, 8D05402-Механика.
Бірлескен білім беру бағдарламасы:
Факультет Ресейдің Мәскеу қаласындағы Ұлттық ядролық зерттеу университетімен (МЭФИ) бірлесіп магистратура бағдарламаларын жүзеге асырады: «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар - Экономикалық қауіпсіздік»; «Математика
- Кванттық метрология және оптоинформатика».
Сүлеймен Демирел атындағы университетімен бакалавриаттың «Бағдарламалық инженерия» бағдарламасы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы бар.
Үштілді білім беру бағдарламалары:
6B06103 – Ақпараттық жүйелер
6B06105 – Бағдарламалық инженерия
Диссертациялық кеңес:
Факультетте 2019 жылдан бастап 8DO5402 - Математика мамандығы бойынша философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
Аккредитация және көшбасшылық:
Факультеттегі барлық білім беру бағдарламалары ұлттық аккредитациядан өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие:
Білім беру бағдарламаларының рейтингі – БСҚА:
6В05401 «Математика» – 1 орын; 6В05402 «Механика» – 2 орын; 6В01505 «Информатика» – 3 орын; 6В01501 «Математика» – 4 орын; 6В01503 «Математика – Физика» – 4 орын; 6В01502 «Математика-Информатика» – 4 орын; 6В06104 «Математическое және компьютерлік модельдеу» – 6 орын; 6В06103 «Ақпараттық технологиялар» - 6 орын; 7М01502 «Математика» – 1 орын; 7М01503 «Информатика» – 2 орын; 7М05401 «Математика» – 2 орын.
Білім беру бағдарларының рейтингі – АРТА:
6В05402 «Механика» - 2 орын, 6В01501 «Математика» - 3 орын, 6В05401 – «Математика» - 3 орын, 6B01505 «Информатика» - 6 орын, 6B06103 «Ақпараттық жүйелер» - 8 орын, 6B06104 «Математическое және компьютерлік модельдеу» - 8 орын, 7M05402 «Механика» – 1 орын, 7М01502 «Математика» - 2 орын, 7M05401 «Математика» - 3 орын, 7M06101 «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» - 3 место, 7M01503 «Информатика» - 6 орын, 8D05402 «Механика» - 1 орын, 8D05401 «Математика» - 2 орын.
Білім беру бағдарламаларының рейтингі – Атамекен:
6B01505 «Информатика» – 2 орын; 6В05401 «Математика» – 3 орын; 6В01501 «Математика» - 7 орын; 6В06103 «Ақпараттық жүйелер» – 9 орын.
Зертханалар:
- Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
- Cisco жабдығы негізінде практикалық жұмыстарға арналған компьютерлік жергілікті жерлілер
- Робототехника
- Компьютерлік графика және модельдеу
- Robotics and intelligent machine
- Қолданбалы математика институты
- Қолданбалы логика зертханасы
- Дифференциялды теңдеулер зертханасы
- Математикалық физика теңдеулерінің зертханасы
- Модельдер теориясының зертханасы
- Қолданбалы механика және робототехника
Серіктестер:
К.Бернар атындағы Лион-1 университеті
Синьцзян университетінің жанындағы Математика және жүйелік ғылымдар институты (Үрімжі, ҚХР)
Чехия техникалық университеті
Марибор қаласындағы университеті (Словения)
РҒА Кабардино-Балкарлық ғылыми орталығының қолданбалы математика және автоматика институты (Ресей)
Новосибирск мемлекеттік университеті
Ұлттық ядролық зерттеу университеті «МЭФИ НРНУ» (Ресей)
Томск мемлекеттік университеті (Ресей)
Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті (Ресей)
Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті (Ресей)
Факультетке шетелдік қонақ лекторлар келді: профессор Бруно Пуаза (Лион қ, Франция), физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Гольдман М.Л. (РУДН, Мәскеу), PhD докторы Селезнева Р. (Wyższa Szkoła Humanitas, Польша).
Жобалар:
Халықаралық:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық Желілік институт». Жоба Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі федералды қызметімен, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігімен, Ресей Федерациясының Ғылыми ұйымдар федералды агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылды, 2017-2022 жж.
GeKaVoc халықаралық ғылыми жобасы, Магдебург неміс университетімен (Германия, Отто фон Герике университеті) бірлесіп жүзеге асырылды, 2018-2022 жж.
Erasmus+ бағдарламасының “Inplementing DualSystem in Kazakhstan/Kazdual” халықаралық жобасы (618835-EPP-1-2020-10-0KZ-EPPKA2-CBHE-SP), 2020-2023 жж.
Республикалық (гранттық):
Шекаралары өзгеріп отыратын аймақтағы бөлшек ретті жеке туындылы теңдеулер және оларға ілеспе интегро-дифференциалдық теңдеулер, 2024-2026 жж.
Жүктелген дифференциалдық теңдеулер мен бөлшек ретті операторлы интегро-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер: шешімдерінің бар болуы және құрылысы, 2024-2026 жж.
Фиксацияланған Джонсон теориясының семантикалық моделінің анықталатын ішкі жиындары фрагменттері, 2024-2026 жж.
Жоғары білім беру жүйесінде бейімделген жекешелендірілген оқытуды жүзеге асыру үшін жасанды интеллект технологиялары, 2024-2026 жж.
Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде q-есептеулерді қолдану, 2024-2026 жж.
Фрагменттер гибридтері және олардың шағын модельдері, 2024-2026 жж.
Мұрагерлік йонсондық теорияларының орталық типтері, 2024-2026 жж.
Функционалды-градиентті арқалықтардың серпімді негіздегі иілу және бос тербелістерін есептеудің жетілдірілген әдісі, 2024-2026 жж.
Ғылыми басылым:
Факультетте «Қарағанды университетінің хабаршысы. Математика сериясы» атты ғылыми басылым бар. Бұл басылым Clarivate Analytics және Scopus ақпараттық базаларына (процентиль – 46%) ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіреді.