кафедра меңгерушісі
PhD докторы
қауымдастырылған профессор
Шетел филология кафедрасы ҚарУ-дың Е.А.Бөкетов атындағы түлек шығарушы кафедрасы болып табылады. Кафедра 6B02303 «Шетел филология (ағылшын)», 6B02303.1 «Шетел филология (қытай)» бакалавриатының және 7M02301 «Шетел филология» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша тіл және әдебиет саласындағы мамандарды дайындайды.
Дайындық екі траектория бойынша жүзеге асырылады: әдебиеттану және лингвистика.
Студенттер келесі пәндерді оқиды:
- бакалавриатта : «Іскерлік шет тілі», «Мәтін лингвистикасы», «Оқытылатын тіл елінің әдебиеті», «Әдеби түзету», «Көркем әдебиетті оқу бойынша практикум», «Стилистика», «Көркем мәтіннің филологиялық талдауы» т.б.;
- магистратурада: «Шетел тілі (кәсіби)», «Академиялық ғылыми хат», «Лингвистикадағы және әдебиеттанудағы инновациялар», «Қолданбалы лингвистика», «Қазіргі ағылшын әдебиетінің құндылық доминанттары» т.б.
Кафедраның ПОҚ басқа да білім беру бағдарламаларының студенттеріне: «Оқытылатын тіл теориясының негіздері», «Оқытылатын тіл елінің әдебиеті», «Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы», «Екінші шетел тілі (қытай тілі)» пәндерін оқытады.
Факультетте негізгі және екінші шет тілі ретінде тілдері ретінде Еуропалық және Шығыс тілдері оқытылады. Екінші шет тілін үйрену міндетті болып саналады жәнеде екінші курстан оның оқытылуы басталады. Тіл таңдау мәселесі студенттердің өз қалауларына негізделген.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатыса алады: Аньшань педагогикалық университеті, Шэньян педагогикалық университеті, Шихэцзы университеті (Қытай Халық Республикасы), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Адам Мицкевич атындағы университет (Польша), Бабес-Боляй университеті (Румыния), т.б.
Кафедра оқытушылары – бұл біздің елде ғана емес, шетелде де үлкен жұмыс тәжірибесін алған мамандар. Олардың көпшілігі шетелдік университеттерде тағылымдамадан өткен. Кафедра құрамына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері ф.ғ.д., профессор Исина Г.И., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Какжанова Ф.А., «Болашақ» стипендиясының түлегі Омарова А.М. кіреді.
Кафедра кәсіби қарым-қатынас саласында тілді когнитивтік және функционалды-прагматикалық зерттеумен айналысады. Кафедрада ф.ғ.д., профессор Исина Г.И. , ф.ғ.д., профессор Букетова Н.И., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Какжанова Ф.А., PhD Жұман А.Қ. жетекшілігімен ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде, сондай-ақ ЖОО ішілік грант шеңберінде ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.
2024 жылы кафедраның аға оқытушысы Омарова А.М. Translation Studies докторантура бағдарламасы бойынша Гонконг баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) білім беру грантының иегері атанды.
7М02301 «Шетел филологиясы» бағыты бойынша кафедра Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асырады..
Кафедра атынан шетелдік қонақ профессорлардың дәрістері, тренингтері ұйымдастырылады (Пономарева А.В., UCL университеті, Лондон, Literary theory / Translation theory; Dr. Rab Nawaz Lodhi, Орталық Пенджаб университеті, Пәкістан, Qualitative research design).
Кафедра түлектері білім беру және гуманитарлық мекемелерде, дипломатиялық ведомстволарда және коммерциялық фирмаларда, аударма қызметтерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамада, редакторлық және баспа қызметі саласында: филолог, редактор, корректор, копирайтер мамандар иесі ретінде ағылшын және қытай тілдерін тәжірибеде қолдана отырып, табысты жұмыс істеуде.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
2018 жылға дейін шетел филологиясы кафедрасы шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының құрамында болды. 2018 жылы шетел филологиясы кафедрасы дербес болды.
Әр жылдарда кафедраны п.ғ.к., доцент Цай Е.Н., ф.ғ.д., профессор Исина Г.И., ф.ғ.к., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Какжанова Ф.А. басқарған.
2013 жылы Шихэцзи университетімен (Қытай Халық Республикасы) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, Қытайдан алғашқы студенттер ҚМУ-не оқуға келді .
2017 жылы 6В02303.1 «Шетел филологиясы (қытай)» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер оқуды бітірді.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада 22 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде докторлар, ғылым кандидаттары, магистрлер бар. Кафедра шетелдік филолог-оқытушыларды ынтымақтастыққа шақырады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА)
Кафедраның білім беру бағдарламалары «IQAA» Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде аккредиттелген және дәстүрлі түрде БСҚА және «Атамекен» ҚР ҰКП ұлттық рейтингтерінде жоғары орындарға ие.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедра түлектері Қазақстанның әртүрлі облыстарынан келген, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан азаматтары бар. Кафедра бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткіші бакалавриатта 89%-ды және магистратурада 100%-ды құрайды.
Академиялық ұтқырлық:
Студенттер сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады: Аньшань педагогикалық университеті, Шэньян педагогикалық университеті, Шихэцзы университеті (Қытай Халық Республикасы), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Адам Мицкевич атындағы университет (Польша), Бабес-Боляй университеті (Румыния), Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті., М.Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан).
Білім беру бағдарламалары:
Білім беру бағдарламалары
6В02303 «Шетел филологиясы (ағылшын)»: бакалавр дәрежесі
Білім беру бағдарламасының мақсаты – бірнеше шет тілдерін (ағылшын/ неміс / француз / итальян / қытай) еркін меңгерген, шет тілі мен әдебиеті теориясы мен тарихы, коммуникация теориясы, мәтінді филологиялық талдау және түсіндіру, шетел филологиясының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды білуді көрсететін тіл білімі және әдебиеттану саласындағы мамандарды кәсіби даярлау болып табылады.
6В02303.1 «Шетел филологиясы (қытай)»: бакалавр дәрежесі
Білім беру бағдарламасы студенттерге Қытай мәдени мұрасының филологиялық құрамдас бөлігін тереңдетіп оқыту негізінде Қытай туралы іргелі білім беруге бағытталған. Сонымен бірге, бағдарлама студенттерде қытай тілін меңгерімен қатар, жан-жақты зерттей отырып, Қытайдың мәдени, этникалық, тілдік, әлеуметтік және басқа да ерекшеліктерін тұтас түсінуді қалыптастыруды көздейді.
Осы екі бакалавриат бағдарламасының түлектері тіл білімі бакалавры дәрежесін алады.
7М02301 «Шетел филологиясы»: магистратура
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шет тілін оқытудың когнитивтік-лингвомәдени әдіснамасы контекстінде өнімді технологияларды жетік меңгерген жоғары білікті филолог зерттеушілер мен университет оқытушыларын дайындау.
Магистратураның түлектері филология ғылымдарының магистрі дәрежесін алады.
Мұғалімдердің профильдері
Китибаева А.К.