ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ


Педагогика факультеті 1996 жылы құрылған. Факультет білім беру жүйесі мен өнер саласы үшін аймақтың полимәдени ортасындағы инклюзивті саясатты жүзеге асыру және тұлғалық даму, тәрбиелеу, оқыту саласында кәсіби қызметті жүзеге асыратын жоғары білікті мамандарды дайындайды.

Факультет бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларын ұсынады. Өзінің ұзақ тарихында факультет аймақтың жоғары білікті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын 6000-нан астам бастауыш мектеп мұғалімін, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларын, тәрбиешілерді, мектепке дейінгі мекеме әдіскерлерін, практикалық психологтарды, логопедтерді, дефектологтарды дайындады.

Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық, арнайы және инклюзивті білім беру, бейнелеу өнері және дизайн.

Педагогика факультеті инновациялық педагогикалық технологияларды әзірлеу және апробациялау зертханасы болып табылады. Педагогика факультетінің инновациялық қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – инновациялық саясат. Бұл саясаттың бірінші кезектегі міндеттері мамандар даярлаудың шетелдік тәжірибесін енгізу, тәжірибе алмасу, оқытушылардың, магистранттар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау, ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады.