ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы



ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім алушыларға жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетуді, болашақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
• табысты жұмысқа орналасу және мансаптық өсу үшін қажетті білім алушылардың әлеуметтік маңызды дағдыларын дамыту бойынша компания өкілдерінен мастер-кластар, презентациялар, семинарлар ұйымдастыру;
• жұмыс берушілердің қатысуымен Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, Мансап күндерін өткізу;
• компания өкілдерімен танысу кездесулерін өткізу;
• білім алушылар үшін табысты жұмысқа орналасу дағдыларын қалыптастыру бойынша психологиялық тренингтер өткізу;
• білім алушыларды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар ету;
• түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
• мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау;
• нақты мамандықтар түлектеріне компаниялардан келіп түскен өтінімдерді өңдеу, студенттер мен түлектерді бос жұмыс орындары туралы хабардар ету;
• әрі қарай жұмысқа орналасу үшін тағылымдамадан өту бағдарламаларына, әңгімелесуге қатысу үшін іріктеу іс-шараларын өткізу;
• түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі;
• білім алушыларға түйіндеме жазу, әңгімелесуден өту және т.б. бойынша кеңес беру.


БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған түлектерді жұмысқа жіберу

Құжаттар тізімі

ЖОО арналған мониторинг бойынша сұрақ-жауап


БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
Жастарды жумысқа орналасу мемлекеттік бағдарламалар

Жас Отан жобасы – “Сәтті қадам”
Дипломмен – ауылға!
Жастар тәжірибесі

Бос жұмыс орындар

25.11.2020 жылға Қарағанды облысы бойынша педагогикалық кадрлар қажеттілігі

Түйіндемені құрастыруға арналған кеңестер

Жақсы түйіндеме - жұмыс табудың ең тиімді түрінің бірі

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.

Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі. Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кәсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.

Түйіндемедегі мәліметтер

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Сіздің аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, телефондарыңыз (қала коды).
2. Мақсат (міндетті түрде емес, бірақ лазым): Сiздің маман ретіндегі талаптанып отырған қызмет орныңызға лайықты екеніңіз жайында қысқаша мағлұмат ( 2-3 жол немесе 6 жолдан аспау керек).
3. Керi мерзiмдiк (хронологиялық) ретiндегi еңбектiк тәжiрибеңіз (кейінгі жұмыс орныңыздан бастап). Жұмыс істеген мерзіміңіз, ұйым атауы, лауазымыңыз көрсетілсін және лауазымыңыз бойынша қысқаша мәлімет, жеткен жетістіктеріңіз.
4. Білім. Оқу орнын бітіргеніңізге көп уақыт болса, онда сіздің түйіндемеңізде ол аз орын алу керек. Мақсатынызға шету барысында мадақтауларыңызды және керекті пәндеріңізді көрсетуге болады.
5. Қосымша мәлімет: тілдік дағдыларыңыз және компьютерлік сауаттылығыңыз, жүргізуші куәлігіңіздің бар болуы, кәсіби мекемелердегі мүшелілігіңіз және т.б. (әуестігіңіз, егер жұмысынызға керекті, орынды болса).
6. Ұсыныс берілу мүмкiндiгін нұсқау.

Түйіндеме қандай болу керек?

Түйіндемені жазу стильіне қойылатын негізгі талаптар: қысқа; нақты; белсенді (ешқашанда қатыстым, көмек көрсеттім және т.с.с. деп жазбаңаыз. Бұл Сіз бір реттік қызмет көрсеткен деп ойлауға мүмкіндік береді); шындық. «Мен» деген есімдікті қолданудан сақтаныңыз. Тұжырымдама таңдау кезінде барынша нақты болу керек: - оқумен айналыстым, қатені азайтуға көмектестім, жаңа білімді тез қабылдаймын – деп жазбаңыз; - екі жаңа қызметкерді оқыттым, қатені 15% азайтып, сол арқылы фирма $40 000 үнемдеді, өте қысқа уақыт – екі апта - ішінде жаңа процедураларды игердім – деп жазыңыз.

Көп сөзді болмаңыз, пассивті формадан аулақ болыңыз: ...орындалуына жауап бердім, ...келесі мүмкіндіктердің қолданылуын іздестірдім, ... үшін жауапты мойныма алдым – деп жазбаңыз; ...орындадым, ...тиімді пайдаландым, ...үшін жауап бердім – деп жазыңыз. Теріс ақпараттан гөрі оң ақпаратты таңдаңыз: ...деген арыздарын реттедім, сату үлесінің азаюына тосқауыл болдым, ...лауазымынан ауыстым – деп жазбаңыз; клиенттерге ... бойынша көмектестім, өнімнің нарықтағы потенциалын арттырдым, ...лауазымына өстім – деп жазыңыз. Өз жетістіктеріңізге назар шоғырландырыңыз: сол жерде үш жыл жұмыс істедім, қосымша жұмыс атқардым – деп жазбаңыз; лауазымда жоғарлап, жалақым екі есе артты, жұмысты дәл мерзімінде орындадым – деп жазыңыз.

Түйіндемеде не туралы жазбау керек?

Түйіндемеңізге мыналарды қосудың қажеті жоқ: өзіңіздің барлық еңбек тарихыңызды. Шындығында, Сіздің потенциалды жұмыс берушіңізді Сіздің соңғы 3-5 жұмыс орныңыз және 10 жылдан аспайтын кезең қызықтырады. Сіздің физикалық деректеріңізді, дене бітіміңізді; Сіздің фотосуретіңізді; жұмыстардан кету себептері; жалақыға деген талаптарыңызды; Сізге рекомендация берген адамдардың аты-жөні (бұл тізімді дайындап қойыңыз, сұхбаттасу кезінде керек болуы мүмкін).

Ең соңында түйіндемеңізді мына тармақтар бойынша тексеріңіз:
- Түйіндеме қай тілде жазылса, сол тілді жақсы меңгерген біреуге тексертіңіз;
- Қазіргі жұмысты сипаттаған кезде осы шақ етістігін қолданыңыз, мысалы, істеп жатырмын, жобасын жасап жатырмын; сәйкесінше, өткен жұмыс орындарыңыз туралы жазған кезде етістіктерді өткен шақта қолданыңыз;
- Жүйелі болыңыз: егерде Сіз бір рет қысқарту пайдалансаңыз, оны түйіндеменің барлығында қолданыңыз (бірақта, ең жақсысы барлық атауды толығымен жазу);
- Ұзын сөйлем мен күрделі сөздерден аулақ болыңыз; Қажетті тақырыпшаларды нақты бөліп көрсетіңіз;
- Түйіндемеңіздің бір стильде рәсімделуін қадағалаңыз;
- Оңай оқылатын стильді таңдаңыз (үлкен алаңдар, кішкентай емес шрифт, жолдар арасындағы аралық жеткілікті деңгейде және т.б.);
- Ақ түсті және жақсы сапалы қағазды пайдаланыңыз;
- Түйіндемеңізді бір, ары кеткенде екі бетке сыйдыру өте маңызды;
- Сіз түйіндемеңізді көрсеткен ақпараттарды растай алатындығыңызға сенімді болыңыз.

Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!

1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.

2. Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс. Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық. Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа басталғалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды. Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

Источник: rabota-spb.info

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

www.enbek.kz
www.hh.kz
www.zarplata.kz
www.neuvoo.kz


БІЗДІҢ ІС-ШАРАЛАР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ-ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР жүктеу (PDF)
2020 жылдың педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған Мансап күні

2020 жылдың 22 қарашасында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында педагогикалық мамандық түлектеріне арналған Мансап күні өткізілді.

Мансап күніне Қарағанды, Балхаш, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының білім бөлімдері, Ақтоғай, Абай, Нұра, Жанаарқа, Ұлытау, Осакаров аудандырының білім бөлімдері, 68 білім беру мекемелерінің өкілдері (57 мектеп, 8 мектепке дейінгі мекемелер, 3 колледж) мен педагогикалық мамандықта оқитын 350-ден астам болашақ түлектері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – түлектерді аймақтың білім беру мекемеріндегі бос жұмыс орындарымен және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру.

Іс-шараның салтанатты ашылуы ҚарМУ-дың ректор аппаратының жетекшісі Түйте Елдос Ерғазыұлының құттықтау сөзінен басталды. Сонымен қатар студенттер мен жұмыс берушілердің алдында сөз сөйледі:
- Пфайфер Лилия Александровна, Абай ауданының білім бөлімінің кадр бөлімінің маманы, «Дипломмен ауылға!» жас мамандарды жұмысқа орналастыру бағдарламасымен таныстырды;
- Ридель Людмила Юрьевна, Балхаш қаласы №10 орта мектеп директоры, Балқаш қаласының білім беру мекемелері жайында баяндады.

Салтанатты ашылудан кейін білім беру мекемелерінің өкілдері түлектермен сұхбат жүргізді, бос жұмыс орындарымен, жас маманға қойылатын талаптармен, берілетін жеңілдіктермен, әлеуметтік кепілдермен таныстырды. Мансап күніне қатысу түлектерге кәсіби тәжірибеден өтетін және болашақтағы қызмет орнын анықтауға, ал білім беру мекемелеріне жас әрі келешегінен үлкен үміт күттіретін педагогикалық кадрлармен танысуға тамаша мүмкіндік берді.


2020 жылдың жаратылыстану және техникалық мамандықтар түлектеріне арналған Мансап күні

Жаратылыстану және техникалық мамандықтар түлектеріне арналған мансап күнін өткізу туралы ақпарат

Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында 2019 жылы 6 желтоқсанда Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы факультеттермен бірге техникалық және жаратылыстану мамандықтар түлектеріне арналған Мансап күнің өткізді. Іс-шараға аймақтың 22 кәсіпорны мен мекемелері және ҚарМУ-дың техникалық мамандықтарының 2020 жылы оқуын аяқтайтын 300-ден астам студенттері қатысты. Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер қатарында:

«Фитохимия» АҚ, «ЭФЕС Қазақстан» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» РМК, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, «Tranco Express» ЖШС, «Қарағанды қаласының №2 автобус паркі» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Центргеоланалит» ЖШС, «WTO» ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ филиалы, Қарағанды облыстық Радиотелехабар тарату Дирекциясы, EPAM Systems, Gexabyte Software & Web Solutions, NITEC, Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы.

Одан әрі Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Н.М. Русанова болашақ түлектерді "Жастар тәжірибесі" бағдарламасымен таныстырды. Жұмыс берушілердің атынан қатысушылар алдында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директорының м.а. Е.Б.Агатанов сөз сөйледі.

Салтанатты ашылу барысында ҚарМУ және Қарағанды фармацевтикалық кешені арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Одан кейін жұмыс берушілер мен студенттер іс-шараның негізгі бөліміне қатысуға шақырылды. Болашақ түлектерге компаниялармен ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысуға, өкілдерге сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Жұмыс берушілердің түлектерге кеңес беру, олармен алдын ала әңгімелесу, түйіндемелер тарату үдерісі қарқынды және мазмұнды өтті.

Әңгімелесуден кейін студенттер үшін "ЭФЕС Қазақстан" компаниясынан тренинг ұйымдастырылды, онда студенттер пайдалы ақпарат алды, компаниядан сыйлықтар ұтысына қатысты.


ЖҰМЫС БЕРУШіЛЕРГЕ

Құрметті жұмыс берушілер!

Біз сізге экономика, құқық және қызмет көрсету, педагогика және дизайн, әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды ұсынамыз.

Біздің түлектердің мәліметтер базасы кадрларды іріктеу процесін жеңілдетіп, жеделдетеді және Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілерге келесі қызмет түрлерін ұсынамыз:
• Университеттің ақпараттық орталықтарында сіздің кәсіпорныңызда бос жұмыс орындары туралы хабарландыру құру және орналастыру;
• белгіленген іріктеу критерийлеріне сәйкес мәлімделген бос орындарға кандидаттарды іріктеу;
• мамандарды даярлауға үш жақты шарттар жасасу;
• бітірушілердің "мансап күнін" ұйымдастыру және өткізу, соның арқасында бос лауазымдарға үміткерлерді таңдай аласыз;
• университет түлектерімен танысу кездесулерін өткізу

Түлекке сұраныстың үлгі нысанын жүктеу


БАЙЛАНЫС тел.: 8(7212)31 22 99
e-mail: ckit_ksu@mail.ru