ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Білім беру жобалары


«Инженерлік іс оқытушыларын педагогикалық даярлау» жобасы / 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP ENTER

Жоба Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Негізгі іс-қимыл: инновациялар және озық тәжірибелермен алмасу үшін ынтымақтастық.

Іс-қимыл түрі: жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру.

Жүзеге асыру мерзімі: 15.11.2018ж. - 14.11.2021ж.

Жоба серіктестері:

  1. Порту политехникалық институты, Португалия (жоба үйлестірушісі)
  2. Таллин технологиялар университеті, Эстония
  3. Дубнице-над-Вагомдағы Дубница технологиялық институты, Словакия
  4. Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, Ресей
  5. Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Ресей
  6. Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей
  7. Дон мемлекеттік техникалық университеті, Ресей
  8. Вятск мемлекеттік университеті, Ресей
  9. «Болон клубы» білім беру саласындағы стратегиялық бастамалар агенттігі, Ресей
  10. Инженерлік білім беру қауымдастығы, Ресей
  11. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақстан
  12. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
  13. Қазақ инженерлік білім беру қауымдастығы, Қазақстан

Жобаның мақсаты:

  • жоғары білікті инженер-педагогтарды даярлаудың тиімді әдістері саласындағы еуропалық тәжірибені талдау;
  • электронды оқыту сияқты заманауи оқыту технологиялары негізінде ауыспалы модульдер жиынтығы бар инженерлік мамандықтар оқытушыларына арналған үш бағдарлама әзірлеу;
  • инженерлік педагогикада жеке білім беру траекторияларын құру технологиясын әзірлеу;
  • модульдерді іске асыруда және нәтижелерді таратуды қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастық модельдерін әзірлеу;
  • құқықтық қамтамасыз ету бойынша құжаттарды және желілік ынтымақтастық ережелерін әзірлеу;
  • инженер-педагогтер игерген кәсіби құзыреттілікті бағалау критерийлерін және оқу бағдарламаларының сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу.

Жоба банері:

Сілтемелер: http://www.isep.ipp.pt/Page/ViewPage/ENTER

http://www.erasmus-enter.org/

https://info.ksu.kz/?page_id=12149

 


«Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» жобасы / 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP KAZDUAL

Жоба Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Негізгі іс-қимыл: инновациялар және озық тәжірибелермен алмасу үшін ынтымақтастық

Іс-қимыл түрі: жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру

Жоба түрі: құрылымдық

Жүзеге асыру мерзімі: 25.01.2021ж. - 24.01.2024ж.

Жоба серіктестері:

  1. М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан (жоба үйлестірушісі)
  2. Магдебургтегі Отто фон Герике университеті, Германия
  3. Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, Германия
  4. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Орталық және Шығыс Еуропалық агенттіктер желісі, Германия
  5. Тироля жоғары педагогикалық мектебі, Австрия
  6. Таллин жоғары педагогикалық мектебі, Эстония
  7. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан
  8. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан
  9. Семей қаласының Шәкәрім атындағы уиверситеті, Қазақстан
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  11. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, Қазақстан
  12. Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қазақстан
  13. Электротехникалық колледж, Қазақстан.

 

Жобаның мақсаты - жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің құзыретін жақсартатын, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыратын және жеке сектормен ынтымақтастықты нығайтатын Қазақстандағы дуалды жүйені бейімдеу.

Жобаның міндеттері:

  • заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсыну/Қазақстанда дуалды білім беруді бейімдеу бойынша нормативтік құжаттар;
  • студенттерге формалды білімді жұмыс орнында алған оқумен үйлестіре отырып, анағұрлым өзекті білім мен дағдылар алуға мүмкіндік беру;
  • жұмыс берушілердің, жоғары оқу орындары мен студенттердің өнеркәсіптің түрлі салаларындағы әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қолдайтын дуалды жоғары білім беру моделін әзірлеу, сондай-ақ жоғары оқу орындарына дуалды білім беруді енгізу бойынша ұсынымдар беру;
  • кәсіптік колледждердің бағдарламаларын жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптармен үйлестіру;
  • жоғары оқу орындары мен компаниялардың дуалды оқытуды қолдауға және енгізуге қызығушылығын арттыру, студенттердің оқудан шығарылуын төмендету;
  • дуалды білім беру мен кәсіптік оқытудың желілік және зерттеу орталығын құру.

Жоба банері:

Сілтемелер: https://instagram.com/kazdual?igshid=5rk1yqi5ph53

https://www.facebook.com/kazdual.kz