ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Coursera


26.02.2026 ж.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ 2026 күнтізбелік жылына Coursera платформасында 35 лицензия сатып алып, профессорлық-оқытушылар құрамына оқыту мүмкіндігін ұсынып отыр. Аталған лицензиялар келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • халықаралық үлгідегі сертификаттар ала отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өту;
  • жасанды интеллект, педагогика, басқару, экономика, цифрлық технологиялар және басқа да бағыттар бойынша 15 000-нан астам курсты меңгеру;
  • профессорлық-оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптарын орындау, оның ішінде «Жасанды интеллект» бағыты бойынша 18 сағаттық оқыту талабын орындау;
  • Course Builder құралы арқылы жеке онлайн курстар әзірлеу және оларды платформада орналастыру.

Осыған байланысты университеттің 35 профессорлық-оқытушылар құрамы 2026 жылғы 23.02–20.05 аралығында онлайн форматта оқудан өтуде.

Профессорлық-оқытушы құрамының тізімі:

Оқытушының аты-жөні, латын әріптерімен

Қызметі

Факультеті

1

Gelashvili Nikolay Nikolaevich

Қауымдастырылған профессор

Экономика

2

Yeskendir Nessip Nuralievna

Аға оқытушы

Экономика

3

Kozhabatchina Culnur Maratovna

Аға оқытушы

Экономика

4

Assel Myrzakhmetova

Қауымдастырылған профессор

Тарих

5

Shyngys Zipatolla

Аға оқытушы

Тарих

6

Aiman Zhumanova

Қауымдастырылған профессор

Тарих

7

Bulkairova Gulden

Аға оқытушы

Физика техникалық

8

Kongyrtayeva Kolkanat

Аға оқытушы

Физика техникалық

9

Mussenova Elmira

Қауымдастырылған профессор

Физика техникалық

10

Akhmetzhanova Guldeyar Adilkhanovna

Аға оқытушы

Педагогика

11

MazhenovaRauana

Кафедра меңгерушісі

Педагогика

12

MukyshevaSaltanat

Профессордың ассистенті

Педагогика

13

Tuite Yeldos

Факультет деканы

Филология

14

Ramazanova Zhanar

Қауымдастырылған профессор

Филология

15

Yelshibekova Nazerke

Аға оқытушы

Филология

16

Kitibaeva Alfiya Kanybekovna

Факультет деканы

Шет тілдер

17

Smagulova Gulnur Zhumartovna

Кафедра меңгерушісі

Шет тілдер

18

Mukanova Darina Yergalievna

Деканның орынбасары

Шет тілдер

19

Albek Tanin

Қауымдастырылған профессор

Математика және ақпараттық технологиялар

20

Zhumagulova Saule

Қауымдастырылған профессор

Математика және ақпараттық технологиялар

21

Akhmanova Danna Maratovna

Профессор

Математика және ақпараттық технологиялар

22

Dyubanova Svetlana

Оқытушы

Дене мәдениеті және спорт

23

Sarmantaev Ayan Saparovich

Кафедра меңгерушісі

Дене мәдениеті және спорт

24

Omarov Ongarsyn Salserovich

Аға оқытушы

Дене мәдениеті және спорт

25

Abdizhami Aitugan

Қауымдастырылған профессор

Заң

26

Baizhanova Kulzira

Профессордың ассистенті

Заң

27

Khuat Meiramgul

Оқытушы

Заң

28

Kuttybaeva Nurgul Bolatovna

Қауымдастырылған профессор

Экономика

29

Сармурзин Ербол Жанбырбаевич

Қауымдастырылған профессор

Филология

30

Anara Makatova

Профессордың ассистенті

Философия және психология

31

Gaziza Djumagalieva

Қауымдастырылған профессор

Философия және психология

32

Sapargalikyzy Zhanar

Профессордың ассистенті

Философия және психология

33

Тyrzhanova Sayagul

Қауымдастырылған профессор

Биология және география

34

Kali Almagul

Қауымдастырылған профессор

Биология және география

35

Tleukenova Saltanat Ushkempirovna

Қауымдастырылған профессор

Биология және география

Профессорлық-оқытушылар құрамы үшін тіркелу бойынша нұсқаулық қоса беріледі.

Тіркелу және оқу мәселелері бойынша Университет көшесі, 28а мекен жайындағы бас корпустың 212-кабинетінде орналасқан Цифрлық білім беру орталығына хабарласуға болады.

 

 


05.01.2026

Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігін талдау

25.12.2025

8 оқу кезеңінің қорытынды нәтижесі (оқу мерзімі 2025 жылдың 19 қыркүйегінен 25 желтоқсан аралығында)

15.09.2025

7 оқу кезеңінің қорытынды нәтижесі (оқу мерзімі 2025 жылдың 5 мамырынан 25 тамыз аралығында)

22.05.2025

Coursera платформасында 19.03.2025 ж. - 19.05.2025 ж. (көктемгі) аралығында меңгерілген курстар туралы ақпарат

13.05.2025

Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігін талдау


09.04.2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 37-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2025 жылғы 28 ақпандағы шарт негізінде және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қажеттіліктеріне ескере отырып, «Coursera» платформасына 600 лицензия берілді.

Бұл қадам студенттердің, магистранттардың және докторанттардың білім беру процесінің сапасын арттыруға, сондай-ақ университеттің академиялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған маңызды күш болып табылады.

Академиялық жұмыс департаменті, Қашықтықтан білім беру орталығымен бірлесіп, «Coursera» платформасына лицензияларды университеттің 12 факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында бөлді.

Бүгінгі таңда «Coursera» платформасында білім алушыларды шақыру және тіркеу процесі аяқталды. Студенттер «ChatGPT: Өнеркәсіптік инженерия», «Нейрондық желілер және терең оқыту», «ХХІ ғасырдағы жұмыс орнындағы коммуникация», «Soft skills: гибкие навыки для личностного и профессионального развития», «Python: бағдарламалаудағы алғашқы қадамдар», «Мәдени антропология» және тағы да басқа курстарға жазылды.


Барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!

24.12.2024

Coursera платформасында 05.07.2024 ж. - 20.08.2024 ж. (жазғы семестр) және 16.09.2024 ж. - 16.12.2024 ж. (күзгі семестр) аралығында меңгерілген курстар туралы ақпарат

09.12.2024


11.11.2024

Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігін талдау


26.09.2024

Таңдалған санаттар шеңберінде аяқталған курстардың атаулары (жазғы және күзгі семестр)


16.09.2024

«COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ВЕБИНАР КЕСТЕСІ


10.09.2024

02.05.2024 ж. бастап 28.08.2024 ж. дейін Coursera платформасында игерілген курс бойынша аралық ақпарат (көктемгі және Жазғы семестр)


14.05.2024

Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігін талдау


07.12.2023

06.12.2023


Coursera плафтормасында білім алушылардың барлық лек бойынша меңгерен курстары


20.11.2023

Меңгерілген курстар бойынша нәтижелер

Coursera плафтормасында білім алушылардың барлық лек бойынша меңгерен курстары (сертификатқа сілтеме)


15.11.2023

Біздің қазақ тіліне локализацияланған 100 курсқа тағы екі жаңа курс қосылғандығы туралы хабарлаймыз:
1. Қызметкер өтемақысын басқару
2. Жаһандық экономикадағы бизнес мүмкіндіктері мен тәуекелдері

Енді платформада қазақ тіліне толықтай аударылған курстар саны - 102, орыс тіліне толықтай аударылған курстар саны - 50 және басқа тілдердердегі курстар саны - он мыңнан астам.

тізімді көру


«Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен кездесу өтті

10 маусымда Astana IT University базасында «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қатысуымен «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтық университет ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, онлайн курстарды оқытудың маңыздылығын ашып, дәріс оқыды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен университетімізге «Coursera қазақ тілінде» курстарына білім алушыларымызға 1500 лицензия берілген.

Бүгінгі таңда 1500 білім алушымыз жазылған курстарын сәтті меңгеріп шықты. Университет бойынша білім алушылар 501 атауы курстарға жазылды, соның ішінде 80 курс қазақ және орыс тілінде, қалған 421 курс ағылшын тілінде меңгерілді.

Курстарға жазылған 1500 білім алушыларымыздан 1 сертификат алғандар саны - 409, 2 сертификат алғандар саны - 223, 3 сертификат алғандар саны – 150, 4 және одан да көп сертификат алғандар саны – 718.

Кездесу «Coursera қазақ тілінде» курстарынан жоғары нәтиже көрсететкен студенттерді марапаттаумен аяқталды. Марапаттауға үздік нәтиже көрсеткен университетіміздің педагогика факультетінің 1 курс магистранты Калабаева Айгерім ұсынылып, «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қолынан үздік студент сертификатын алды.

Бүгінгі күні екінші лектің 1500 білім алушысына тіркеу жүргізіліп, дайындық жұмысы басталып кетті.

Білім алушыларымыздың жинаған тәжіибесі мен білімі кәсіби қызметтерінде пайдаланатындықтарына сенімдіміз!

"Coursera"онлайн-платформасында оқыту бойынша қысқаша әдістемелік нұсқаулар

"Coursera" платформасы бойынша жалпы ақпарат

"Coursera"платформасының локализацияланған 100 курсының (қазақ және орыс тілдерінде) тізбесі

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (1 лек, оқу кезеңі 21.02.2023 ж. - 21.05.2023 ж.)

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (2 лек, оқу кезеңі 06.06.2023 ж. - 31.08.2023 ж.)

2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (3 лек, оқу кезеңі 16.09.2023 ж. - 16.12.2023 ж.)

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде қазақ және орыс тілдеріне аударылған "Coursera" ЖАОК курстарын қолдану (4 лек, оқу кезеңі 14.05.2024 ж. - 30.06.2024 ж.)

https://www.coursera.org/