ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ӘСКЕРИ КАФЕДРА



ҚАЙРАТ
БАЛТАШҰЛЫ ӘБІШЕВ

кафедра басшысы
запастағы полковник


Телефон: +7 7212 35-60-66
E-mail: vk_buketov@ksu.kz
Университет көшесі, 28,
№ 2 ғимарат, № 119 кабинет


Әскери кафедра Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін запастағы офицерлерді даярлауды жүзеге асырады. Арнайы іріктеуден өткен университет студенттері кафедра тыңдаушылары болып табылады.

Студенттерді даярлау 6 әскери-есептік мамандық бойынша жүзеге асырылады:

1. Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану.

2. От шашу және түтін бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану.

3. Қару-жарақ және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, экологиялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу.

4. Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану.

5. Қарулы күштердің жауынгерлік іс-қимылдарының радиациялық, химиялық, биологиялық қорғалуын, экологиялық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру.

6. Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім департаментіне және университеттің Басқарма Төрағасы – ректорына бағынады.