ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
тарих мұражайы


Университеттің өзіндік тарих мұражайы бар. Мұражай 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жерден Қазақстанның алғашқы мемлекеттік университеттерінің бірінің қалыптасу және даму тарихы туралы біле аласыздар. Мұражайға келушілерге қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тегін экскурсия ұсынылады.

Мұражайды философия докторы, доцент Ильясов Шамиль Амангельдыевич басқарады.

Мұражайдың экспозициялық ауданы 505 ш.м. құрайды және 4 аймақты қамтиды:
Бірінші аймақ – «Университеттің құрылуы». Мұнда ректорлар галереясы, университеттің ашылуына байланысты құжаттар, оның ресми атрибуттары ұсынылған. Экспозиция 1938 жылы Мұғалімдер институты құрылғаннан бастап университеттің қалыптасуы, 1952 жылы педагогикалық институтқа, содан кейін 1972 жылы мемлекеттік университетке айналуы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.


Фотосуреттерді қарау


Екінші аймақ – «Бейнелеу өнері көрмесі». Мұражайдың бұл аймағында студенттердің шығармашылық жұмыстары қойылған: көркем картиналар, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, мүсіндер, ұсталық қолөнер, кесте тігу, гобелен туындылары, зергерлік бұйымдар. Онда біздің студенттер тарих, қазақ мәдениеті туралы түсініктерін және өздеріне және қоғамға деген шығармашылық-жасампаздық көзқарастарын білдірді. Ұлттық мұраны зерттеу және оны өмірде шебер қолдану эстетикалық талғамның дамуына әсер етеді және шеберлердің жұмысын бағалауға үйретеді.
Фотосуреттерді қарау


Үшінші аймақ – «Университеттің дамуы». Экспозиция университеттің жетістіктеріне, оның академиялық, ғылыми, спорттық, мәдени саладағы көшбасшылық тарихына арналған.
Фотосуреттерді қарау


Төртінші аймақ – «Факультеттер».  Мұнда әр факультеттің даму тарихы көрсетілген. Экспонаттарда отандық білім беру мен Қарағанды университетінің дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың фотогалереясы бар.
Фотосуреттерді қарау

Мұражай сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Университет к-сі, 28, бас корпус, тел.: +7 7212 35-63-19
№ 40, 118, 145, 146, 02, 07 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.