ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ



БУРКЕЕВ
МЕЙРАМ ЖҮНІСҰЛЫ

декан
химия ғылымдарының докторы профессор
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі


Телефон: +7 7212 34-19-40
E-mail: chemical_dekanat@mail.ru
Мұқанов көшесі, 41, №6 ғимарат
Instagram


Химия факультеті 1972 жылы құрылған, оның тарихы, белгілі түлектері және дамыған халықаралық байланыстары бар.

Химия факультеті іргелі білімі бар және химия өнеркәсібі, ғылым және білім саласындағы инновацияларды тиімді енгізуге қабілетті бакалаврларды, магистрлерді және докторларды дайындайды.

Түлектер мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады; ғылыми-зерттеу және жобалау индустриясы институттарында кіші ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істей алады; мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, жанармай, қатты және сұйық зымыран отынын қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандары бола алады; көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау және оларды ұтымды пайдалану мекемелерінде, қорғаныс кәсіпорындарында қызмет атқара алады.

Факультетте ғылыми дәрежелері мен атақтары бар тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.

Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: физикалық-аналитикалық химия кафедрасы, бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы, химиялық технология және экология кафедрасы, органикалық химия және полимерлер кафедрасы. Факультетте 2 ғылыми-зерттеу институты және аккредиттелген инженерлік зертхана жұмыс істейді.