ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Студенттер үйі


Студенттер үйі 2 400 орындық тоғыз қабатты 6 тұрғын үй ғимаратынан тұрады.

Барлық ғимараттар бірнеше аймаққа бөлінген: тұрғын секция, тұрмыстық бөлмелер, кір жуатын орын, душ, демалыс бөлмесі.


Толығырақ

Тұрғын секцияға екі немесе үш орындық бөлме, шағын дәретхана бөлмесі, душ және ортақ дәліз кіреді. Әр бөлмеде матрасы бар екі-үш кереует, үстел, екі-үш орындық, көйлек-көншек шкафы, төсек-орын жабдығы, перде, еден төсеніші бар. Дәретхана бөлмесінде унитаз және қол жуғыш бар.
Тұрғын бөлімге 2 немесе 3 бөлме кіреді.
Екі орынды бөлменің ауданы – 11 ш.м., үш орынды бөлменің – 16,4 ш.м., дәретхана бөлмесі – 1,2 ш.м., жалпы дәліз – 8,6 ш.м.

Тұрмыстық бөлмелер әр қабатта орналасқан және тамақ дайындауға арналған. Оларда екі электр плитасы, ыдыс жуатын шұңғылша, үстел бар

Кір жуатын орындар автоматты режимде жұмыс істейтін кір жуғыш машиналармен жабдықталған.

Киімді кептіруге арналған бөлмелерде арнайы кептіру сөрелері, үтіктеу тақталары мен үтіктер бар.

Душ бөлмесі душ кабиналарымен жабдықталған.

Демалыс бөлмелерінде үстел ойындарын ойнауға, кітап оқуға болады.

Тұрғын қабаттың схемасын қарау

Тұрғын қабат

1

бөлме

2

дәретхана бөлмесі.

3

тұрмыстық бөлме

4

киімді кептіруге арналған бөлмелер

1

бөлме

 

5

демалыс бөлмесі



6

лифт

А – тұрғын секция

В – қабаттың мамандандырылған бөлімі


СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЙ ЭТАЖ

A

душ бөлмесі


B

кір жуатын орын


C

төсек жабдықтарын
беру орны


Студенттер үйінің аумағында орналасқан "Аюлы" жаттығу залы мен "Жастар орталығы" бара алады.

Әрбір студенттер үйінде бейнебақылау камералары, өткізу жүйесі жұмыс істейді, күзетші және әкімші бар.

Студенттер үйлері қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын алабында бой көтерген кампус аумағында орналасқан. Кампус аумағында университеттік емхана. Кампустың жанында азық-түлік дүкендері, дәріханалар, қала орталығына баруға мүмкіндік беретін аялдамалар бар.

Кампусқа қалалық көлікпен жетуге болады.

Студентер үйінде тұру ақылы, тұру ақысы орналасу кезінде төленеді.

Студенттің үйінен орын алу үшін ҚБҚО порталына online өтінім беру қажет .
Өтінімді университеттің қоныстандыру комиссиясы қарайды.
Комиссия шешімі туралы хабарлама өтініш берушінің және Студенттер үйі әкімшінің жеке кабинетінде автоматты түрде көрсетіледі.

Студенттер үйінің тұрғындары негізгі ережелерді сақтауы керек.


Ережелерді қарау

Құрметті студенттер! Жатақхана – сіздердің екінші үйлеріңіз. Университет қызметкерлері осы үйде тұруларыңызды жайлы ету үшін көп күш жұмсайды. Сондықтан сіздерден бір-біріңізді құрметтеп, тұрудың негізгі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

  1. Бөлмеде, Студенттер үйінде бірге тұратындарды, қызметкерлерді құрметтеу керек.
  2. Жеке гигиенаны, Студенттер үйінің үй-жайлары мен аумағының тазалығын сақтау керек. Тұрғын секцияда бөлмелерді, тамбурларды және санитарлық тораптарды күнделікті тазалауды жүргізу маңызды.
  3. Студенттер үйінің мүлкіне ұқыпты қарау керек.
  4. Студенттер үйінің мүлкін, басқа тұрғындар мен қызметкерлердің мүлкін ғимараттан шығаруға тыйым салынады.
  5. Студенттер үйінің жұмыс тәртібін сақтау керек. Студенттер үйіне сағат 22-ге дейін оралу қажет. Осы уақыттан бастап шулауға, кештер өткізуге, қонақтарды шақыруға тыйым салынады.
  6. Темекі шегуге, алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарын қолдануға тыйым салынады.
  7. Студенттер үйі әкімшінің дәлелді талаптарын орындау және оған штаттан тыс жағдайлар туралы хабарлау қажет.
  8. Төбелес шығаруға, әдепсіз сөйлеуге, адамды моральдық және физикалық тұрғыдан қорлауға, денсаулыққа зиян келтіруге, ақша талап етуге, біреудің бөлмесіне рұқсатсыз кіруге және бір-бірінің жеке заттарын алуға болмайды.