ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Зерттеу бағыттары


Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, серіктес ұйымдардың тапсырысы бойынша және ішкі қажеттіліктер бойынша зерттеулерді жүзеге асырады. Осыған байланысты университет ғалымдары шаруашылық шарттар аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сыртқы тапсырыс берушілер және университеттің өзі қаржыландыратын жобаларды іске асыруға қатысады. Зерттеулер жалпы және инклюзивті білім беру, энергетика, археология, жаңа материалдар мен инновациялық технологиялар жасау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, өмір және денсаулық туралы ғылымдар, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және т.б. мәселелеріне арналған.


ҚР БҒМ тапсырысы бойынша жобалар

1. 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру

2. Іске асыру мерзімі 12 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

3. Іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

4. 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру

5. 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

6. Іске асыру мерзімі 12 ай 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

7. 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру


Сыртқы тапсырыс берушілердің жобалары (шаруашылық шарттар)

1. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

«Тау-кен және металлургия өндірістерінің құрамы өте төмен кендері мен калдықтарынан электрохимиялық процестерді және гидроимпульсті разрядтау энергиясын (ГРЭ) қолдана отырып мысты және басқада түсті металдарды бөліп алу технологиясын жасау» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының докторы, профессор Мустафин Едиге Суиндикович басқарады.

2. Тапсырыс беруші: «Ұлар МК» ЖШС

«Асфальтбетон жабындарының пайдалану мерзімін арттыру үшін модификациялаушы және тұрақтандырғыш қоспалар алу технологиясын жасау» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының докторы, профессор Мустафин Едиге Суиндикович басқарады.

3. Тапсырыс беруші: «Шұбаркөл көмир» АҚ.

«Көмірдің, арнайы кокстың, көмір шайырының және кокс газының қасиеттері мен құрамын анықтау үшін кешенді зерттеу» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының докторы, профессор Байкенов Мурзабек Исполович басқарады.

4. Тапсырыс беруші: ERG-дің ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы

««Шұбаркөл Көмір» АҚ көмір шайырын дистилляциялау және оның фракциясының үлгілерін алу» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының докторы, профессор Байкенов Мурзабек Исполович басқарады.

5. Тапсырыс беруші: «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

«Құмайдың жоғары сапалы сиропын өндірудің оңтайлы технологиялық режимдерін әзірлеу» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының докторы, профессор Тажбаев Еркеблан Муратович басқарады.

6. Тапсырыс беруші: «Биосфера Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы

«Балқаш байытуфабрикасының қайта сумен жабдықтау жүйесінде технологиялық ағындысу дайындау үшін Балқаш мыс балқыту зауытының қышқылды ағындылары мен күкірт қышқылын бейтараптандыруда шламды пайдалану тиімділігін зерттеу және Балқаш БФ қалдық қоймасында қалдықтарды біріктіріп жинау кезінде оларды тұрақтандыру тиімділігін бағалау» жобасы.

Жобаны химия ғылымдарының кандидаты Фомин Виталий Николаевич басқарады.

7. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейтін омыртқасыздардың инвентаризациясы» жобасы. Жобаны биология ғылымдарының кандидаты Блялев Серик Абдуалиевич басқарады..

8. Тапсырыс беруші: «Rational Solution» ЖШС

«Қазіргі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік кәсіпкерлік: тұжырымдамасы, типологиясы, Қазақстандағы даму механизмдері» жобасы.

Жобаны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Хусаинова Жибек Сеитовна басқарады.

9. Тапсырыс беруші: Қарағанды облысының сауда палатасы

«Аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін әзірлеу» жобасы.

Жобаны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Хусаинова Жибек Сеитовна басқарады.

10. Тапсырыс беруші: Қарағанды облысының нотариаттық палатасы

«Сертификат бере отырып оқыту қызметі» жобасы.

Жобаны заң ғылымдарының кандидаты Киздарбекова Антонина Сериковна басқарады.

11. Тапсырыс беруші: «Шұбаркөл Премиум» АҚ.

««Шұбаркөл Премиум» АҚ Шубаркөл кен орнында (аумақ ауданы 677,317 га) тарихи-мәдени мұра нысандарының жоқтығын немесе болуын анықтау үшін ғылыми зерттеулер жүргізу» жобасы.

Жобаны тарих ғылымдарының кандидаты Кукушкин Игорь Алексеевич басқарады.

12. Тапсырыс беруші: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы

«Талды тарихи-археологиялық паркінің Талды (қола дәуірі) қорымының доңғалақ атрибутикасы бар ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізу» жобасы.

Жобаны тарих ғылымдарының кандидаты Кукушкин Игорь Алексеевич басқарады.

13. Тапсырыс беруші: Халықаралық Түркі академиясы

«Түркі кезеңінің «Ащекен Сораңы» объектісіне ғылыми археологиялық зерттеулерін жүргізу» жобасы.

Жобаны тарих ғылымдарының кандидаты Кукушкин Игорь Алексеевич басқарады.


Университеттің ішкі жобалары

1. «Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері мен салдары (мұрағат материалдары мен естеліктер негізінде)» жобасы.

Мұрағаттық құжаттар зерттелуде, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық туралы естеліктері бар құжаттық мәтіндер корпусы қалыптастырылуда.

Жобаны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мустояпова Айнаш Токушевна басқарады.

2. «Қасымтану мәселелері» жобасы.

1930-60 жылдардағы әдеби даму үрдістерімен сабақтастықта кеңестік идеология жағдайында классикалық стильде қазақ сөз өнерін жаңғыртуға баға жетпес үлес қосқан Қасым Аманжоловтың поэзиясы зерттелуде.

Жобаны филология ғылымдарының докторы, профессор Жарылғапов Жансая Жанғазыұлы басқарады.

3. «9 сыныпқа арналған оқулық әзірлеу «Құқық негіздері»» жобасы.

Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық әзірленеді, онда құқық туралы ғылыми білім маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде жүйеленеді; саяси институт ретінде мемлекет туралы ғылыми түсінік беріледі және басқалары.

Жобаны заң ғылымдарының магистрі Шакирова Алтынай Боранкулкызы басқарады.