Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел азаматтарын қоспағанда, Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
5) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес.
Философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар бағдарламасына "D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "D006 – Музыка педагогтерін даярлау", "D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсуші үміткерлерге шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар талап етілмейді.
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) көлемі 3x4 сантиметр алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық құжат;
9) Ғылыми зерттеу жобасы (Research proposal) (РисҰрч прэпоузал) және соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Оқу және жатақханада тұру ақысын төлеуге арналған банктік деректемелер
ИИК KZ796010191000077867
АО «Қазақстан Халық Банкі»
БИК HSBKKZKX
РНН 302000033720
БИН 990540002444
Код 16
***
ИИК KZ 988560000004472257
Қарағанды қ-сы «Центр Кредит банкі»
БИК KCJBKZKX
РНН 302000033720
БИН 990540002444
Код 16
100028, Университет көшесі 28, бас ғимарат, к№ 109,111 кабинет , Қарағанды Университетінің Коды - 031
Call center: 8(7212)35-64-05
E-mail: priemka@karnu-buketov.edu.kz , office@karnu-buketov.edu.kz