кафедра меңгерушісі
қауымдастырылған профессор, PhD
Телефон: +7 (7212) 35-64-30
Университет көшесі, 28а, 2 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде математика және информатика мұғалімдерін даярлауды жүзеге асырады. Кафедра студенттері екі траектория бойынша оқуға мүмкіндік алады: математика педагогикалық, математика-информатика. Бірінші траектория бойынша оқыту бағдарламасына математиканы оқыту әдістемесі, қарапайым математика, математикалық есептерді шешу практикумы, стандартты емес есептерді шешу практикумы, математикалық сауаттылық негіздері, математика тарихы мен әдіснамасы сияқты өзекті пәндер кіреді. Екінші траектория аясында студенттер бағдарламалау технологиясы, Python бағдарламалау, компьютерлік графика және анимация пәндерін оқиды. Кафедра университеттің барлық факультеттерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асырады.
Түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда және колледждерде; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында, математика және информатика саласында мамандандырылған өндірістік және өндірістік емес саладағы ұйымдарда, мекемелерде және қызметтерде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары математика және информатика сабақтарында инновациялық технологияларды, математикалық есептерді шешу әдістерін, бағдарламалау тілдерін оқытумен және қолданумен байланысты. Бағдарламалау технологиялары, Python-да бағдарламалау, компьютерлік графика және анимация
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы 1972 жылы құрылған. Кафедраның бастауында тәжірибелі педагогтар мен әдіскерлер тұрды: аға оқытушы Мирау Борис Эдуардович (кафедра меңгерушісі 1952-1972 жж.), п.ғ.к., доцент Баймурзин Сейткали Баймурзинович (кафедра меңгерушісі 1972-1976 жж.), п.ғ.к., доцент Кострикина Нина Петровна (кафедра меңгерушісі 1976-1993 жж.). Әр жылдары кафедраны доцент Бертисканова Камшат Турсуновна, доцент Сыздыкова Назым Косарбековна басқарды.
1994 жылдан бастап кафедра математика, жоғары математика, информатика пәндерінен сабақ бере бастады. 2004 жылдан бастап кафедра 5В010900-Математика білім беру бағдарламасы бойынша, 2018 жылдан бастап 5В012700 - Математика-информатика білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындауды бастады. Кафедра түлектері 6М010900-Математика мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.
Білім алушылар:
Кафедраның білім беру бағдарламалары сұранысқа ие. 3 жыл ішінде кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингенті: 2018-2019 оқу жылы - 206 студент, 2019-2020 оқу жылы - 223 студент, 2020-2021 оқу жылы - 238 студент.Студенттердің негізгі контингентін Қарағанды облысының (Балқаш, Теміртау, Жезқазған қалаларының), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының түлектері, «Серпін – 2050» бағдарламасының қатысушылары құрайды. Кафедрада Өзбекстан, Моңғолия, Әзірбайжаннан келген шетелдік студенттер білім алуда.
Кафедра студенттері пәндік олимпиадаларда беделді стипендиялар мен жүлделі орындарға ие болды:
- - Студент Д. Жумагул Тұңғыш Президент стипендиясына екі рет ие болды (2019 ж., 2020 ж.).
- - Студент А. Торгаева Мұстафин атындағы сыйлыққа ие болды.
- - Студенттер арасында математика пәнінен республикалық олимпиадада М.Мергенбай, Б. Рыскул, Д. Жумагул командалық есепте 3 орын алды.
- - 2 курс студенті А. Ахметшин ғылыми жобалар байқауына қатысқаны үшін 1 дәрежелі дипломмен (Пенза қ.), 3 дәрежелі дипломмен (Алматы қ.) марапатталды.
- - 3 курс студенттері Н. Аман, Е. Өтеш, А. Торғаева Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен өткізілетін «Ustaz tilegi» конкурсына қатысып, 1 дәрежелі дипломдарға ие болды.
- Студент А. Ахметшин 2021 жылы Жоғары математика пәні бойынша Республикалық олимпиадада 1 орын алды.
- Кафедра студенттері сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлыққа қатысады. Олар Румыния, АҚШ, Ресей, Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алған.
Оқытушылар:
Кафедрада 20 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 6 кандидат, 4 қауымдастырылған профессор, PhD докторы, 8 магистр. Кафедра қызметкерлері арасында Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері, Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, Т.Ғ. Мұстафин атындағы сыйлыққа 3 оқытушы ие болды, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, 4-еуі ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары ҚР Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің ұлттық аккредитациясына ие және ұлттық рейтингтерде ие болған орындарға лайықты: 5В010900-Математика БСҚА рейтингінде 2-орын, «Атамекен» рейтингінде 8-орын; 5В012700-Математика-информатика - БСҚА рейтингінде 1-орын.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедра түлектері Қазақстандағы мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және басқа да білім беру мекемелерінде жұмыс істейді. Кейбір түлектер Қарағанды қаласының НЗМ-да жұмыс істейді.
Түлектердің жұмысқа орналасуы 98-99% құрайды. Кафедра түлектері ҚарУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ММУ филиалында және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада білім алуда.
Түлектер:
Көптеген түлектер марапаттар мен стипендияларға ие болды:
Н. Гүлманов, 2 курс докторанты, «2019 жылдың үздік мұғалімі» атағын алды.
Е.В. Нипрук Нұрмақов атындағы ММИ-да жұмыс істей отырып, 2019 жылы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Республикалық маңызы бар «Шапағат» медалінің иегері болды, математика пәні мұғалімдерінің республикалық конкурсында бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, 2017 жылы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы болды.
Серіктестер:
Кафедра Томск мемлекеттік университетімен (Ресей, Томск), Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетімен (Ресей, Томск), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) ынтымақтастық орнатқан. Кафедра Қарағанды қаласының мектептерімен, гимназияларымен, лицейлерімен меморандум жасасты. Кафедра студенттері Қазақстанның барлық аймақтарында педагогикалық іс-тәжірибеден өте алады.
Білім беру бағдарламалары
6В01501-Математика: бакалавриат. Бағдарлама жоғары математиканың негіздерін, математиканы оқыту әдістемесін, психологиялық-педагогикалық пәндердің циклын зерттеумен байланысты. Оқу процесінде студент оқу-тәрбие жұмысын, педагогикалық білім беру мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуді; инновациялық оқыту тәжірибесін жинақтау мен таратуды; оқу орындарында ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруды үйренеді. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады.
6В01502-Математика-информатика: бакалавриат. Бағдарлама математика мен информатиканың іргелі бөлімдерінің теориясын, математика мен информатиканы оқыту әдістемесін, психологиялық-педагогикалық пәндердің циклын зерттеумен байланысты. Студент информатиканың жоғары мамандандырылған бөлімдері бойынша білімді меңгереді; математика мен информатиканы оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдануды үйренеді; педагогика ғылымдары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; бағдарламалық қамтамасыз ету мен есептеу техникасын пайдалану дағдыларын меңгереді. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде математика және информатика пәнінің мұғалімі, сондай-ақ математик-бағдарламашы болып жұмыс істей алады.
Мұғалімдердің профильдері
Бейсенова Д.Р.