кафедра меңгерушісі
PhD докторы, Ассистент профессор
Телефон: +7 7212 351664
E-mail: konst.pravo.buketov@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары шеңберінде оқытуды жүзеге асырады: 6В04203 – «Халықаралық құқық», 6В04201 – «Құқықтану», 6В04202 – «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету», «6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу», 6В04204 – «Сот-прокурорлық қызмет», 7М04201 – «Мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету» (бейінді және ғылыми-педагогикалық магистратура), 8D04201 – «Құқықтану».
Оқу бағдарламасына «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы», «ҚР Мемлекеттік қызметі», «Халықаралық жария құқық», «Дипломатиялық этикет және хаттама», «Қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық көмек», «The law of Eurasian Economic Union», «International legal assistance in civil cases», «Еңбек көші-қонының халықаралық-құқықтық негіздері», «Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу», «Дүниежүзілік сауда ұйымы құқығы» сияқты өзекті пәндер кіреді.
Кафедра түлектері құқық қорғау саласында, құқық қорғау органдарында және халықаралық құқықтық ортада жұмыс жасай алады.
Кафедрада заң ғылымы мен тәжірбиесінің өзекті мәселелерін зерттейтін, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін «Құқықтық зерттеулер және мемлекетттану» ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға белсенді қатысады.
Кафедра жыл сайын оқытушылардың, докторанттардың, магистранттар мен студенттердің еңбектерінің «Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының ғылыми жазбалары» жинағын шығарады, онда ең өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікірталастар жүргізіледі.
Кафедра оқытушылары заң жобаларын талқылауға қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өтініштері бойынша қорытындылар әзірлейді.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра 1975 жылы мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасының негізінде құрылған. 1992 жылы ол конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы болып өзгертілді. Әр жылдары кафедраны кәсіби заңгер-ғалымдар басқарды. Атап айтсақ: з.ғ.к., доцент З.Я. Безганс (1972-1980 жж.), з.ғ.к., доцент А.С. Матвеенков (1980-1984 жж.), з.ғ.к., доцент В.Н. Прокопенко (1984-1987 жж.), з.ғ.к., доцент Е.К. Көбеев (1987-1993 жж.), з.ғ.к., доцент М.М. Құлыбеков (1993-1996 жж.), з.ғ.к., доцент С.К. Амандықова (1996-1999 жж.), аға оқытушы Н.П. Старожилова (1999-2000 жж.), з.ғ.к., доцент Л.С. Жақаева (2000-2002 жж.), з.ғ.д., профессор С.К. Амандықова (2002-2013 жж.), з.ғ.к., доцент А. Божқараұлы (2013-2019 жж.), PhD, доцент Г.У.Балгимбекова (2019-2020 ж.ж.), PhD, доцент М.Н. Абыласимов (2020 ж.), 2020 жылдан бері PhD, қауымдастырылған профессор Р.Б. Ботагарин кафедра меңгерушісі лауазымын атқаруда
Оқытушылар құрамы:
Бүгінгі таңда кафедрада құқықтану, халықаралық құқық, кедендік құқық саласында біліктілігі бар 16 оқытушы жұмыс істейді. Кафедра құрамына ғылым кандидаттары, PhD докторлары, магистрлер, республикалық Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегерлері, практикалық қызметкерлер кіреді.
Білім алушылар:
Қазіргі таңда 6В04203-Халықаралық құқық білім бағдарламасы бойынша 55 студент білім алып жатыр.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Серіктестер:
Кафедра Феррара (Италия), Варшава және Вроцлав университеттерімен (Польша) бірлесіп 8D04201 - Құқықтану бағдарламасы бойынша философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Жыл сайын Италия, Болгария, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Польша және Өзбекстанның халықаралық және мемлекеттік құқық саласындағы жетекші мамандары заң факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін қонақ дәрістерін оқиды.
Кафедра мемлекеттік басқару органдарымен, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Республикалық Бюромен, Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалымен ынтымақтастықта.
Академиялық ұтқырлық:
6В04203 Халықаралық құқық білім бағдарламасының студенттері Карлов университетінде (Чехия), Вильнюс университетінде (Литва) және өзге де жетекші университтерде білімдерін жетілдіре алады.
Жобалар:
Кафедрада бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады:
2009-2011 жж. - Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе мен нысандарды жетілдірудің конституциялық және теориялық-құқықтық мәселелері, жаһандық процестердің дамуы тұрғысындағы мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету;
2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері;
2015-2017 жж. - Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету;
2018-2019 жж. - Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері.
2022-2024 жж. Интеграциялық процестерді дамыту жағдайында Қазақстан Республикасында азаматтығы және азаматтығы жоқ азаматтығын қысқарту AP14870745 іргелі гранттық тақырыбы.
Түлектер:
Бүгінгі таңда кафедраның көптеген түлектері ҚР Президентінің аппаратында, ҚР Парламентінің аппаратында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінде, шет елдік заң компанияларында, ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Жоғарғы сотында, ҚР Бас прокуратурасында, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мәслихаттар аппараттарын, сот және өзге де құқық қорғау органдарында қызметтер атқаруды
Білім беру бағдарламалары
6В04203 Халықаралық құқық: бакалавриат. Бағдарлама халықаралық және ұлттық құқық саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен байланысты. Оқу барысында студенттер заңгерлік білім мен құзыреттілікке ие болады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейін, тілдік дағдыларды және IT - дағдыларды меңгереді. Кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Түлектер халықаралық құқық бакалавры дәрежесін алады және ҚР министрліктері мен агенттіктерінде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, халықаралық құқық саласында заңгер-консультант, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық департаменттерінде маман ретінде, ҚР адвокаттары, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, тергеушілер; сақтандыру саласындағы, инвестициялар, бағалы қағаздар саласындағы талдаушылар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т.б. заңгерлері болып жұмыс істей алады.
7М04207801 Мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету: магистратура. Бағдарлама жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың құқықтық саласы үшін басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Екі оқу бағдарламасы ұсынылады: бір жылдық бейіндік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық.
Оқу процесінде магистрант құқық саласында ғылыми зерттеу жүргізуге, нормативтік және нормативтік емес сипаттағы құжаттарға, құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуге; заң қызметінің нақты салаларында білікті заң қорытындылары мен консультациялар беруге; ғылыми атқарымдар мен шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, заң құбылыстары мен процестері туралы білім жүйесін түсіндіруге; заң пәндерін оқытуға үйренеді.
Оқу жоспарына ғылымның тарихы мен философиясы, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы, педагогикалық практика, шет тілі (кәсіби), ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, қазіргі әлемдегі инновациялар мен адам құқықтары, құқықтық зерттеулер әдіснамасы, атқарушы билік органдарының қызметі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық табиғаты, әкімшілік-деликтілік және процестік-атқару құқығы, мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы қызметі, азаматтық қоғам институттарын дамыту проблемалары, Қазақстан Республикасының конституциялық нормаларындағы азаматтық институтын жүйелі талдау сияқты пәндер енгізілген.
Түлектер құқық магистрі (бейінді бағыт) немесе заң ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт) дәрежесін алады, мемлекеттік биліктің құқық қорғау, сот, атқарушы және өкілді органдарында және басқаруда; адвокатурада; нотариатта; қаржы мекемелерінде; сақтандыру және аудиторлық компанияларда жұмыс істей алады. Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргендер ЖОО-да сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
8D04201 Құқықтану: докторантура. Бағдарлама ғылыми және педагогикалық академиялық орта үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Оқыту үдерісінде докторант құқықтану саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелердің жай-күйіне сыни, тұжырымдамалық талдау жасауды, құқықтық саладағы заңдылықтарды анықтауды, заңнамалық және құқық қолдану тәжірбиесін жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген және эмпирикалық тексерілген болжамдар мен ұсыныстар ұсынуды, қолданыстағы заңнаманы және құқық нормаларын іске асыру жөніндегі қызметті доктриналық талдау мен түсіндіруді жүзеге асыруды, сондай-ақ құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеуді үйренеді.
Докторант келесі пәндерді оқиды: «Академиялық хат», «Ғылыми зерттеудің әдістері», «Кратология: билік туралы ғылым», «Қазақстан Республикасында азаматтық құқық доктринасының дамуы», «Қылмыстық саясатты іске асыру мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі атқарушы билік органдарының қызметін реформалау мәселелері», «Конституциялық заңнаманы реформалау мәселелері» (ағылшынша).
Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.