ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


Зертхана 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде зертхананың негізгі жұмысы қажетті функционалды ерекшеліктерге ие ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалау және құрастыру болды. Зертханада ұшқышсыз ұшу аппараттарының желісі әзірленді: планер, екі гексакоптер, квадрокоптер және жиналмалы квадрокоптер. Ғылыми-зерттеу зертханасында келесі бағыттар дамытылады: - қада іргетастарды салуға арналған геоақпараттық мәліметтер базасын әзірлеу; - трипод типті жаңа параллель роботтардың кинематикасын, динамикасын және қозғалыс симуляциясын зерттеу; - аз ресурсты тілдерге арналған нейрондық машиналық аударма әдістерін әзірлеу және зерттеу; - жасанды интеллект және нейрондық желілер. Сонымен қатар, зертханада келесі бірлескен зерттеулер жүргізіледі: биология-география факультетімен бірге магнит өрісінің өсімдіктердің өсуіне әсерін зерттеу және гидропоникалық қондырғыларды автоматтандыру; физика-техникалық факультетімен бірге жылу оқшаулағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу. «Қолданбалы механика және робототехника» ғылыми-зерттеу зертханасының базасында «Механика», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылады. «Қолданбалы механика және робототехника» зертханасында 2024–2026 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында келесі жобалар орындалады: 1. ГФ жобасы «Жоғары білім беру жүйесінде бейімделген жеке оқытуды жүзеге асыру үшін жасанды интеллект технологиялары» (жоба жетекшісі – аға ғылыми қызметкер Казимова Д.А.) 2. «Жас ғалым» жобасы «Серпімді негіздегі функционалды-градиентті арқалықтардың иілуі мен еркін тербелістерін есептеудің жетілдірілген әдісі» (жоба жетекшісі – Нургозиева А.Ж., ғылыми кеңесші – С.Б. Ахажанов).

Қызметкерлер тізімі:

Аты-жөні

Лауазымы

Ғылыми дәреже, атақ, Хирш индексі, WoS және Scopus-тағы жарияланымдар, ORCID, ResearcherID

ҒЗИ, ҒЗО, зертханада рөлін негіздеу

Электрондық адрес

1

Ахажанов С.Б.

Жетекші, 0,5 бірлік

PhD, Хирш индексі: (WoS - 4, Scopus – 5), WoS – 12 мақала, Scopus – 16 мақала, https://orcid.org/0000-0002-0903-3517 Researcher ID: AAF-7945-2020

Ғылыми топ жұмысының үйлестіруі, жобаларға қатысу, магистранттарды даярлау, мақалалар жазу.

stjg@mail.ru

2

Танин А.О.

АҒҚ, 0,5 бірлік

PhD, Хирш индексі: (WoS - 2, Scopus – 2), Scopus – 4 мақала https://orcid.org/0000-0002-5687-3711 Researcher ID AGG-1641-2022

Жобаларға қатысу, магистранттарды даярлау, мақалалар жазу.

tan_alibek@mail.ru

3

Кайыров Р.А.

АҒҚ, 0,5 бірлік

PhD, Хирш индексі: (WoS - 1, Scopus – 2), Scopus – 10 мақала https://orcid.org/0000-0002-0899-4981 Researcher ID: ABO-0884-2022

Параллель роботтардың кинематикасы, динамикасы және қозғалыс симуляциясын зерттеу бағыты бойынша жұмыс. Жобаларға қатысу, мақалалар жазу және 'Параллель манипуляторлардың кинематикасы және динамикасы' монографиясын жазу.

kairov.rustem@mail.ru

4

Казимова Д.А.

АҒҚ, 0,25 бірлік

Пед. ғыл. канд., профессор, Хирш индексі: (WoS - 0, Scopus – 2), WoS – 1 мақала, Scopus – 7 мақала https://orcid.org/0000-0001-7169-7931 Researcher ID: FGN-7143-2022

Жобаларға қатысу, ғылыми мақалалар мен оқу басылымдарын жазу. Робототехникалық кешендерді, нейрондық желілерді және жасанды интеллект технологияларын әзірлеу.

dinkaz73@mail.ru

5

Сельдюгаев О.Б.

КҒҚ, 1,25 бірлік

Хим. ғыл. канд., Хирш индексі – 0

Металдар бетінің агрессивті орталармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін зерттеу. Мақалалар мен оқу құралдарын жазу.

seldugaev@mail.ru

6

Бибалаев О.Д.

Бағдарламашы инженер, 1,0 бірлік

Магистр

Бағыттаушы роботты модернизациялау. Ұшқышсыз аппараттарды әзірлеу және жасау.