кафедра меңгерушісі
з.ғ.к. қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 356416
E-mail: kafprosses@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра білікті заң көмегін көрсету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін сот, прокурорлық, құқық қорғау қызметі саласындағы кәсіби мамандарды дайындайды.
Дайындық барлық деңгейде жүргізіледі: бакалавриат, магистратура және докторантура. Кафедра қос диплом бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынады.
Студенттер «Құқықтану» білім беру бағдарламасы аясында қылмыстық-құқықтық траектория бойынша, сондай-ақ мамандандырылған білім беру бағдарламасы аясында сотқа дейінгі тергеу, прокурорлық қадағалау және сот қызметі бағытында білім алуға мүмкіндік алады.
Студенттер азаматтық және қылмыстық құқық, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу сияқты негізгі құқық салаларының міндетті кешенін оқиды. Кафедра қаржылық, салықтық экологиялық, деликтілік, еңбек, әлеуметтік, кәсіпкерлік құқық, меншік құқығы, сондай-ақ құқықтық конфликтология, криминология, жаза тағайындау теориясы мен практикасы, сот риторикасы, криминалистика, заңгерлік көмекті ұйымдастыру, адвокатура бойынша өзекті пәндерді зерделеуді ұсынады. Қосымша пәндер ретінде құқықтық логика мен этика, ювенология, заң психологиясы, сот медицинасы мен психиатрия негіздері, сот бухгалтериясы, құқықтық статистика оқытылады.
Кафедрада әртүрлі ғылыми қызығушылықтар жүзеге асырылады. Олар: қылмыстық-құқықтық цикл шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің біліктілігі және профилактикасы мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жастар ортасында экстремизмнің, есірткінің таралуының алдын алу, қылмыстық-атқару құқығын жетілдіру мәселелері, жазаларды тағайындау теориясы мен практикасы мәселелері. Сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық бағытта қылмыстық процесте жеке адам құқықтарын сақтау проблемалары, қылмыстық іс жүргізу шешімдерінің негізділігі мен уәждемесі, кәмелетке толмағандардың қатысуымен дәлелдеу, қылмыстық процесте арнайы білімдерді пайдалану, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, қылмыстық мінез-құлық және қылмыстық психология мәселелері зерделенеді.
Кафедра түлегі «А» және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісі, судья, прокурор, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкері, сот сарапшысы-криминалист, тергеуші, сот орындаушысы, пристав, құқық қорғау қызметі және сот төрелігі жүйесінің, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері, заң кеңесшісі, адвокат, персонал жөніндегі менеджер бола алады.
Кафедрада криминалистика және сот сараптамасы оқу зертханасы, мультимедиялық аудиториялар, оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
1977 жылы үш кафедра құрылды: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, азаматтық құқық және процесс, қылмыстық құқық және процесс. Қылмыстық құқық және процесс кафедрасының алғашқы меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент, кейіннен көрнекті қырғыз ғалым-заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор болған К.Ш. Құрманов болды.
Әр жылдары кафедраны з.ғ.к., профессор, И.К.Попов, з.ғ.к., профессор X.C.Құсниденов, з.ғ.к., доцент В.И.Куликов, з.ғ.к., доцент Л.П.Ижнина, з.ғ.к., доцент С.Балтабаев, з.ғ.к., доцент А.Ж.Машабаев басқарған.
К.К.Кусниденовтің меңгерушілік еткен кезінде (1981-1986 жж.) қылмыстық құқық және процесс кафедрасында үлкен өзгерістер болды: кафедраның ғылыми және әдістемелік базасы әзірленді және жетілдірілді, көптеген оқытушылар еліміздің ірі жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, аспирантурада оқыды.
1991 жылы қылмыстық құқық және процесс кафедрасы екі дербес кафедраға айналды: қылмыстық құқық және криминология және қылмыстық процесс және криминалистика кафедраларына бөлінді. Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к., доцент Қ.Ж.Балтабаев, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к., доцент К.В.Ким тағайындалды.
Кафедрада з.ғ.к., доцент А.Н.Ағыбаев, з.ғ.к., доцент Б.Ж.Жунусов, з.ғ.к., доцент Н.О.Дулатбеков, з.ғ.к., доцент Р.Т.Нуртаев, з.ғ.к., доцент А.В.Попов, м.ғ.к., доцент М.А.Сон, з.ғ.к., доцент Г.Ж.Сулейменова, з.ғ.д., профессор А.Кудрявцева қызмет атқарды.
2019 жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасы мен қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасы болып біріктірілді.
Оқытушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада 15 оқытушы жұмыс істейді, олардың арасында заң ғылымдарының кандидаттары, магистрлер, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.
Білім алушылар:
Кафедрада 80 адам мамандандырудан өтеді, олардың арасында мемлекеттік білім грантының иегерлері, Қазақстанның түрлі өңірлерінің өкілдері, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Израиль азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Инновациолық бағдарламалар:
6В04204 - «Соттық және прокурорлық қызмет» (бакалавриат);
7М04203 - «Соттық -прокурорлық қызмет» (магистратура);
7М04204 - «Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздік» (магистратура).
Қос диплом бағдарламасы:
Магистратура арналған қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздік бағдарламасы. Бағдарлама инновациялық және қос дипломды болып табылады: «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетімен (Ресей) бірлесіп іске асырылады. Оқу мерзімі 2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт ұсынылады. Бағдарлама заңсыз кірістер мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы үшін басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Диссертациалық кеңес:
8D04201-Құқықтану бағдарламасы аясында докторлық диссертацияларды қорғау бойынша.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: 2019 және 2020 жылдары магистратура бағдарламалары арасында БСҚТА рейтингінде бірінші орынды; докторантура бағдарламалары арасында АРТА рейтингісінде 3 және 2-орынды иеленді.
Жобалар:
2019-2020 жж. - Ташкент қаласындағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен «Сот төрелігі үшін білім беру» бастамашыл жобасы, білім беру модульдерін талқылау бойынша семинарларға қатысушылар;
АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институттың және Росфинмониторинг жанындағы финмониторингтің халықаралық оқу-әдістемелік орталығының жобасы, жұмыс тобының мүшелері, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
2020 ж. - «Жастар арасында діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимылдың теориясы мен практикасы» ЖОО арасындағы грант.
Л.К.Аренова - қылмыстық мінез-құлықты психологиялық бейіндеу маманы, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
Серіктестер:
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан);
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан);
О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті (Ресей);
«Одесса теңіз академиясы» ұлттық университеті (Украина);
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей);
Ресей мемлекеттік сот төрелігі академиясының Солтүстік-Батыс филиалы (Ресей).
Білім беру бағдарламалары
6B04204 «Соттық және прокурорлық қызмет»: бакалавриат. Бағдарлама инновациялық болып табылады, сот, прокурорлық, құқық қорғау қызметі саласындағы бакалаврларды дайындауға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оқу процесінде студент құқықтық нормаларды материалдық және процессуалдық құқықтарға, заңды фактілер мен құқықтық жағдайларға сәйкес қолдануды үйренеді; юрисдикциялық іс жүргізуді ұйымдастырады және кәсіби түрде қатысады; құқық бұзушылық құрамын элементтер бойынша талдайды, қоғамдық қауіпті әрекетті саралайды, кінәнің түрлері мен нысандарын, міндеттемелер мен жауапкершілікті анықтайды; факт және құқық мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Студентте қажетті аргументацияны, кәсіби дискурсты пайдалана отырып, құжаттар құрастыру және кәсіби қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады. Студент азаматтық-құқықтық дауларды шешу әдістемесі, заң психологиясы, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, сот медицинасы мен психиатрия негіздері, криминалистика және сот сараптамасы сияқты өзекті пәндерді оқиды.
Білім беру бағдарламасының түлектері құқық бакалавры дәрежесін алады және мемлекеттік қызмет саласында, құқық қорғау және сот органдарында, кадр қызметінде, заң бөлімдерінде, адвокатурада, сот сараптамасында жұмыс істей алады.
7М04203 «Соттық-прокурорлық қызмет (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша»: магистратура. Бағдарлама бойынша магистранттарды дайындау мақсаты құқық саласы, құқық қорғау қызметі, терең кәсіби зерттеу және ғылыми-педагогикалық даярлығы бар жоғарғы оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басқарушылық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.
Дайындықтың екі бағыты ұсынылады: бейінді (бір оқу жылы) және ғылыми-педагогикалық (2 оқу жылы). Оқу процесінде магистрант ғылыми зерттеу жүргізуге, сабақ беруге, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың теориялық және практикалық проблемаларын табуға және шешуге, қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану практикасын сыни тұрғыдан зерттеуге, қолданыстағы құқықты жетілдіру бойынша ғылыми ұсыныстар әзірлеуге, қылмыстық заңнаманың одан әрі даму үрдістерін болжауға, қолданыстағы құқық нормаларын сыни талдауға, қылмыстық мінез-құлық пен қылмыстық құқық бұзушылықтың заңдылықтары мен себептерін анықтауға, кәсіби қызметте қылмыстың әртүрлі криминологиялық теорияларының ережелерін қолдануға үйренеді.
Магистрант криминалдық мінез-құлықты зерттеудің инновациялық әдістері, қылмыстық құқық бұзушылықтың құқықтық табиғаты (ағылшын тілінде), заңсыз кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттар (ағылшын тілінде), криминологиялық теориялар, қылмыстық құқық бұзушылықтар біліктілігінің қолданбалы мәселелері сияқты өзекті пәндерді оқиды.
Бейіндік даярлық түлектері құқық магистрі дәрежесін алады және құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда, прокуратурада, соттарда жұмыс істей алады. Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргендер ЖОО-да сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
7М04204 «Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздік»: магистратура. Бағдарлама инновациялық және қос дипломды болып табылады: «МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетімен (Ресей) бірлесіп іске асырылады. Оқу мерзімі 2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт ұсынылады. Бағдарлама заңсыз кірістер мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы үшін басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Оқу процесінде магистрант ғылыми зерттеу жүргізуді, сабақ беруді; қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл және заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялау мүмкіндіктері тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдауды; банк қызметі саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдануды; банктің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық салада құқық бұзушылықтар жасау қатерінің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді; банктердің экономикалық қауіпсіздігі, қаржылық қауіпсіздігі саласындағы танымдарды пайдалана отырып, қаржылық тергеулер жүргізу; кәсіби қызмет саласында бастапқы қаржы мониторингінің орындалуын ұйымдастыру және бақылауды үйренеді.
Магистрант экономикалық қауіпсіздік, бәсекелестік барлау, тәуекелдерді басқару негіздері, трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, қаржылық тергеулер және қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттар сияқты өзекті пәндерді оқиды.
Түлектер екі диплом алады: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ заң ғылымдарының магистрі дәрежесі және «Экономикалық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша МИФИ магистрі дәрежесі. Олар ЖОО-да сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, қарсы іс-қимыл саласында қаржы талдаушылары, комплаенс-офицерлер, банк саласындағы қауіпсіздік қызметінің офицерлері, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері болып жұмыс істей алады. Сондай-ақ олар ЖОО-да сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
8D04201 «Құқықтану»: докторантура. Бағдарлама ғылыми және педагогикалық академиялық орта үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Оқыту процесінде докторант құқықтану саласындағы теориялық және қолданбалы проблемалардың жай-күйіне сыни, тұжырымдамалық талдау жасауды, құқықтық саладағы заңдылықтарды анықтауды, заңнамалық және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген және эмпирикалық тексерілген гипотезалар мен ұсыныстар ұсынуды, қолданыстағы заңнаманы және құқық нормаларын іске асыру жөніндегі қызметті доктриналық талдау мен түсіндіруді жүзеге асыруды, сондай-ақ құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеуді үйренеді.
Докторант келесі пәндерді оқиды: Академиялық хат; Ғылыми зерттеудің әдістері; Кратология: билік туралы ғылым; қылмыстық саясатты іске асыру проблемалары, қазіргі кезеңдегі атқарушы билік органдарының қызметін реформалау мәселелері, конституциялық заңнаманы реформалау мәселелері (ағылшын тілінде).
Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.