кафедра меңгерушісі
Қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-16
E-mail: gtp_326@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жоғары білім берудің үш деңгейі бойынша білікті мамандарды: «6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу», «6В04202-Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «7М04205-Жеке құқық», «7М04205.1-Жеке құқық» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді, «8D04201-Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторлары (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Халықаралық жеке құқық», «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» және жеке-құқықтық бағыттағы міндетті және элективті курстардың тұтас кешені: «Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу және тендерлік қамтамасыз ету», «Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау», «Бәсекелестік құқық», «Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдері» және т.б. оқу пәндерінің цивилистикалық цикл бойынша студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытудың дәстүрлі нысандарымен үйлесетін заманауи интерактивті әдістер қолданылады.
Кафедра түлектері коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т. б. заңгерлері; мемлекеттік құрылымдарда HR-мамандар, құқықтық департаменттің (бөлімнің) заңгерлері; кәсіпорындағы кадр қызметінің мамандары; заң кеңесшілері; өкілдер (адвокаттар); нотариустар (нотариустың көмекшісі) судьялар; медиаторлар; патенттік жұмыс және авторлық құқықты қорғау жөніндегі кәсіби мамандар; сот орындаушылары; жеке кәсіпкерлер; коммерциялық заңды тұлғаның басшылары және т. б. болып жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми зерттеулерінің тақырыбы заттық, міндеттемелік, корпоративтік құқық саласындағы азаматтық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты жеке құқықты және оны оқыту әдістемелерін трансформациялаудың қазіргі заманғы үрдістері болып табылады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасында кафедра филиалы бар. Филиалдың жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс бағыттары: кәсіпкерлер Палатасында студенттердің оқу және өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу; оқу процесінің практикалық құрамын нығайту мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына практикалық материалдарды жинау және жинақтауда кәсіпкерлер палатасы тарапынан көмек көрсету және т. б. болып табылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ «#Nodresscode» еріктілер клубының студенттері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң клиникасында отбасылық-неке заңнамасы, мұрагерлік құқық, тұрғын үй, банк, еңбек және азаматтық құқықтық қатынастар, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа зиянды өтеу және т. б. мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауға және халыққа тегін кеңестік көмек көрсетуге үнемі қатысады. Күнделікті жоспарлы жұмыстардан басқа, «Заңгерлер кеңес береді» тақырыптық акциялары мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады.
Кафедра үнемі тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі конкурстар, акциялар, олимпиадаларды өткізеді.
Кафедра оқытушылары заң жобаларын талқылауға және сараптауға үнемі қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындайды.
Кафедрада келесі мамандандырылған кабинеттер бар: «Сот отырысы залы», «Медиация кабинеті», «Құқықтық ақпарат кабинеті», оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы өзінің қалыптасу және даму тарихы бар кафедра. Кафедра жетекші рөлге ие бола отырып, құқықтану саласында жоғары білікті мамандар даярлауды жолға қойған. Заң факультетінің қалыптасуындағы ең күрделі мәселелердің бірі білім беру процесін ғылыми және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету болды. Бұл мәселе басқа университеттердің жетекші ғалымдарын шақыру арқылы шешілді. Сондықтан 1975-1977 жылдар аралығында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасын Калининград мемлекеттік университетінің доценті, з.ғ.к. И.В.Гущин басқарды. Кафедрада оқу үдерісін жүзеге асыруда Беларусь мемлекеттік университетінен келген доцент А.М.Туезарова, оқытушы А.Е.Тимшкевич, А.А.Жданов атындағы ЛМУ бітіргеннен кейін жас мамандар Е.Н.Нургалиева (қазір заң ғылымдарының докторы, профессор), әл-Фараби атындағы ҚазМУ түлегі Т.П.Щеголевалардың (қазір заң ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор аграрлық университетінің деканы) және тағы басқалардың келуі үлкен көмек болды.
70-ші жылдардың соңында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы және ауылшаруашылық және еңбек құқығы кафедрасы болып екіге бөлінді, алайда 1995 жылы қайта біріктірілді.
Қазіргі уақытта кафедра Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы деп аталады.
Кафедраны әр жылдары доцент В.С.Ем, доцент Т.П.Иосифиди, аға оқытушы З.Т.Нурабаева, доцент Т.Р.Кенжетаев, з.ғ.к., доцент С.Б.Идрисова, з.ғ.к., доцент М.Ж.Муканова, з.ғ.к. В.В.Зинченко басқарды. 2008 жылдан 2019 жылға дейін азаматтық және еңбек құқығы кафедрасын Қарағанды университеті заң факультетінің 1997 жылғы түлегі з.ғ.к., доцент А.С.Киздарбекова басқарды.2019 жылдан бастап кафедраны з.ғ.к., профессор Ильясова Гульжазира Актуреевна басқарды. 2021 жылдан бастап азаматтық және еңбек құқығы кафедрасын PhD докторы, қауымдастырылған профессор М.Т.Акимжанова басқарады.
Оқытушылар:
Кафедрада барлығы 17 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде заң ғылымдарының кандидаттары, философия докторлары (PhD), заң ғылымдарының магистрлері, республикалық Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Үздік ғылыми қызметкер атағының иегерлері бар.
Білім алушылар:
2020-2021 оқу жылында: кафедрада 102 білім алушы мамандандырудан өтуде.
Білім беру бағдарламалары:
6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
6В04202 - Бизнесті заңдық қамтамасыз ету
7М04205-Жеке құқық (ғылыми-педагогикалық магистратура)
7М04202- Бизнесті заңдық қамтамасыз ету (ғылыми-педагогикалық магистратура)
8D04201- Құқықтану
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Тағылымдамалар:
Кафедра оқытушылары Германия, Чехия, Болгария, Әзірбайжан, АҚШ-тың жетекші халықаралық білім беру орталықтарында, Өрлеу АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыруда.
2013 ж. - кафедра профессоры А.С.Киздарбекова Interkulturelle Weiterbildungs Gesellschaft e.V. халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында (Дюссельдорф қ., Германия), 2016 жылы PennStateLow-да (Пенсильвания, АҚШ) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
2014 ж. - профессор Г.А.Ильясова Генрих Гейн атындағы Дюссельдорф университетінің базасында Interkulturelle Weiterbildungs Gesellschaft e.V. (Германия, Дюссельдорф қ.) халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында шетелдік тағылымдамадан өтті.
2017 ж. - аға оқытушы Г.Б.Асетова Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полция Академиясының азаматтық құқық кафедрасында Әзірбайжан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ғылыми тағлымдамадан өтті (Баку, Әзірбайжан).
2020 ж. - профессор Г.А.Ильясова Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің заң факультеті базасында ХХІ ғасырдағы заң ғылымының дамуының өзекті тапсырмалары мен бағыттары тақырыбы бойынша қашықтықтан халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті (Киев, Украина);
2021 ж. - АР09259787 Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесі (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында) іргелі тақырыбы аясында зерттеу тобының мүшелері Г.А.Ильясова, М.Т.Акимжанова, А.А.Нукушева, Г.Б.Асетова Antalya Bilim University-де атты ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік экономикалық университетіне (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) және Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасына барды;
2022 ж. - зерттеу тобының мүшелері Г.А.Ильясова, Р.А.Тоқатов, М.Т. Акимжанова Италия Республикасында (Кассино қ.) Кассино және Оңтүстік Лацио университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті және Бернде (Швейцария Ұлттық кітапханасы) ғылыми зерттеулер жүргізді.
Жобалар:
Кафедра шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарының өкілдерімен белсенді ынтымақтастық жасайды. Шет елдердің ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде кафедраның ПОҚ цивилистік ғылым мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға қатысады.
2013-2015 жж.: доцент А.С.Киздарбекова, профессор Г.А.Ильясова, доцент М.Т.Акимжанова TEMPUS-VI бағдарламасы бойынша Орталық Азияның жоғары білім беру жолында: тюнинг құрылымы және сапалы мәдениетті құру (TuCAHEA) халықаралық ғылыми-білім беру жобасын іске асыруға қатысты.
2015-2017 жж.: кафедра профессоры Г.А.Ильясова Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау және қамтамасыз ету іргелі грант тақырыбын орындаушы ретінде (ҰШЖ) жүзеге асыруға қатысты.
2021 жылы республикалық конкурс нәтижесінде кафедра оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021-2023 жж. арналған ИРН AP09259787 Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы және тәжірибесі (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары саласында) іргелі тақырыбы бойынша грантқа ие болды. Ғылыми жетекшісі з.ғ.к., профессор-зерттеуші Г.А.Ильясова.
2023 жылы. з. ғ. к., зерттеуші профессор Г. А. Ильясова ЖТН 19679658 Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясын қолдануды құқықтық реттеу: теория және практика іргелі тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім Министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған грантының иегері атанды.
Серіктестер:
Кафедра докторанттардың кеңесшілері болып тағайындалған Әзірбайжан Республикасы ІІМ полиция академиясының құқық бойынша философия докторы Р.Ю.Мамедов (Әзірбайжан), құқық бойынша доктор, Неофит-Рильский Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры Д.Чанкова (Болгария), заң ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің шаруашылық және көлік құқығы кафедрасының меңгерушісі Е.Н.Клюева (Украина) сияқты шетелдік профессорлармен ынтымақтастық туралы шарттар жасасты.
Кафедра оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесіп Scopus базасына кіретін рейтингтік журналдарда, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды.
Білім беру бағдарламалары
6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу: бакалавриат. Білім беру бағдарламасының мақсаты қалыптасқан құзыреттерді қолдану арқылы кәсіпкерлік қызметті құқықтық қамтамасыз ету (және оның заңдылығын қамтамасыз ету) үшін стратегиялық міндеттердің негізінде және оларды орындау үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Білім беру бағдарламасының модульдерін игеру нәтижесінде білім алушылар: кәсіпкерлік қызметті құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, бизнес-жобаларды басқарудың арнайы технологиялары мен техникасы арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық, экономикалық және қаржылық қызметін талдауға, кәсіпкерлік дауларды шешудің сот және балама тәсілдерін айқындауға және қолдануға, корпоративтік құжаттаманы әзірлеуге және талдауға, электрондық коммерция саласындағы кәсіпкерлер тұтынушылардың құқықтарын қорғау стратегиясын жобалауға және т.б. қабілетті болады деп күтілуде.
Түлектер құқық бакалавры дәрежесін алады және коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т. б. заңгері; HR-мамандар, мемлекеттік құрылымдардағы құқықтық департаменттің (бөлімнің) заңгері; кәсіпорындағы кадр қызметінің маманы; заң кеңесшілері; өкіл (адвокат) болып жұмыс істей алады; нотариус (нотариустың көмекшісі); судья; төреші; медиатор; патенттік жұмыс және авторлық құқықты қорғау жөніндегі кәсіби маман; сот орындаушысы; жеке кәсіпкер; коммерциялық заңды тұлғаның басшысы және т.б. ретінде жұмыс істей алады.
6В04202 Бизнесті заңдық қамтамасыз ету: бакалавриат.Білім беру бағдарламасы кәсіпкерлік қызметті құқықтық қамтамасыз ету саласында кәсіби құзыреттерге, қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін қондырғылар мен құндылықтарға ие, құқық саласында IT қолданудың терең дағдылары бар, құқық қолдану және құқық шығару қызметінде дамыған тілдік құзыреттілігі бар мамандарды даярлаумен байланысты. Оқу үдерісі барысында студенттер қолданыстағы заңнаманы, бизнесті құқықтық қамтамасыз ету саласындағы сот практикасын талдауды, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкердің нақты ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін, бизнес-ортада туындайтын құқықтық қатынастарды, нақты құқықтық мәселені шешуде құқық нормаларын қолданудың құқықтық салдарын болжауды, субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді іске асыруда құқықтық кедергілер мен шектеулерді болжауды, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау стратегиясын жобалауды және т.б. үйренеді.
Түлектер құқық бакалавры дәрежесін алады және коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т.б. заңгері; мемлекеттік құрылымдардағы құқық департаментінің (бөлімінің) заңгері; кәсіпорындағы кадр қызметінің маманы; өкіл (адвокат); нотариус (нотариустың көмекшісі); судья; төреші; медиатор; патенттік жұмыс және авторлық құқықты қорғау жөніндегі кәсіби-маман; сот орындаушысы; жеке кәсіпкер; коммерциялық заңды тұлғаның басшысы және т.б. ретінде жұмыс істей алады.
7М04205-Жеке құқық:ғылыми-педагогикалық магистратура. Білім беру бағдарламасы жеке құқық ғылымының теориялық негіздерін және құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін тереңдетіп зерделеу негізінде тең субъектілер арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін жеке құқық саласында жоғары деңгейдегі теориялық және практикалық білімі бар магистрлерді даярлауға, осы білімді кейінгі практикалық қызметте, жеке құқық саласындағы ғылыми-практикалық зерттеу қызметінде, педагогикалық қызметте табысты қолдану үшін қажетті кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
7М04205.1-Жеке құқық: бейіндік магистратура. Білім беру бағдарламасының мақсаты жеке-құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы жеке құқық доктринасы бойынша іргелі теориялық білімі бар, кәсіби заң қызметін жүзеге асыру кезінде алған теориялық білімдерін қолданудың практикалық дағдыларын меңгерген, негізделген шешім қабылдау, заң құжаттарын жасау; азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету; тиісті материалдық және іс жүргізу құқықтық нормаларын белгілі бір жағдайға қолдану; татуластыру рәсімдерін және құқықтық жанжалдарды шешудің балама тәсілдерін қолдану арқылы жанжалдарды шешу бойынша жоғары білікті практикалық бағыттағы магистрлерді даярлау болып табылады;.
Білім беру бағдарламаларының модульдерін игеру нәтижесінде білім алушылар: шарт жобасын әзірлеуді, азаматтық-құқықтық шарттың мазмұнына сараптама жүргізуді; клиенттерге құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді; талап-арыз жұмысын; корпоративтік-басқару жұмысын; сотта өкілдік етуді; compliance немесе компанияның заңнамалық нормаларды сақтауын тексеруді; мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіпорынның өкілдігін жүзеге асыра алады деп күтілуде. органдармен, ҚР соттарында және басқа да құқық қорғау органдарында; азаматтық-құқықтық дауларды реттеу жөніндегі медиативтік, төрелік қызмет; жеке құқықтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі ғылыми қызмет; ЖОО-дағы оқытушылық қызмет және т. б. үйренеді.
Түлектер құқық магистрі (бейіндік бағыт) және заң ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт) дәрежесін алады, құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істей алады; заң бөлімдеріне, жобалар мен компанияларға басшылықты жүзеге асыра алады; білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстармен айналыса алады.
8D04201 Құқықтану: докторантура.Бағдарлама ғылыми және педагогикалық академиялық орта үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Оқыту үдерісінде докторант құқықтану саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелердің жай-күйіне сыни, тұжырымдамалық талдау жасауды, құқықтық саладағы заңдылықтарды анықтауды, заңнамалық және құқық қолдану тәжірбиесін жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген және эмпирикалық тексерілген болжамдар мен ұсыныстар ұсынуды, қолданыстағы заңнаманы және құқық нормаларын іске асыру жөніндегі қызметті доктриналық талдау мен түсіндіруді жүзеге асыруды, сондай-ақ құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеуді үйренеді.Докторант келесі пәндерді оқиды: Академиялық жазба, Ғылыми зерттеулердің әдістері, Кратология: билік туралы ғылым, Қазақстан Республикасында азаматтық құқық доктринасының дамуы, Қылмыстық саясатты іске асыру мәселелері, Қазіргі кезеңдегі атқарушы билік органдарының қызметін реформалау мәселелері, Конституциялық заңнаманы реформалау мәселелері (ағылшынша).
Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.