кафедра меңгерушісі
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 77-03-59
E-mail: socrab@mail.ru
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Instagram
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; балалар мен жастарға әлеуметтік-педагогикалық қолдау және адамгершілік-рухани білім беру; мәдени және ұлттық құндылықтарды дамыту, ілгерілету мақсатында бос уақытты және шығармашылықты ұйымдастыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Кафедра студенттері келесі бағыттар бойынша білім алуға мүмкіндік алады: «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсету», «Халықтың әртүрлі категориясымен әлеуметтік жұмыс», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс», «Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс», «Балалар мен жастарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс», «Мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдени-тынығу жұмысы», «Бұқаралық бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыру».
Білім беру бағдарламасына мынадай өзекті пәндер кіреді: «Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар», «Полимәдениетті білім беру»,«Коммуникативтік мәдениет негіздері», «Инклюзивті білім беру жағдайындағы мәдени-тынығу жұмысының негіздері», «Әлеуметтік саясат», «Практикум», «Әлеуметтік жұмыстағы IT-технологиялар» және т.б.
Кафедра түлектері әртүрлі мекемелерде әлеуметтік жұмыс маманы ретінде жұмыс істей алады, әлеуметтік мәселелер бойынша менеджерлер мен кеңесшілер бола алады, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі әлеуметтік педагог мамандары, өзін-өзі тану мұғалімдері, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырушылар, әртүрлі мекемелердегі педагог-ұйымдастырушылар, мәдениет және өнер саласындағы ұжымдардың көркемдік жетекшілері және т.б.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 2024 жылдың 27-30 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының, Стамбул Румели университетінің және Халықаралық ғылыми зерттеулер және стратегияларды әзірлеу қауымдастығының бірге ұйымдастыруымен өткелі отырған «Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдары бойынша 2-ші Халықаралық Румелі Конгресіне» шақырамыз. Толығырақ
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтарды дайындауда алғашқы қатардан орын алады.
Кафедра 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі кафедрасы ретінде құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент Т.Н.Олейникова атқарды.
1992 жылы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі кафедрасы жаңадан ашылған әлеуметтік педагогика факультетінде әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы болып қайта құрылды. Алғашқыда п.ғ.к., доцент К.М. Туганбекова, 2009-2013жж. п.ғ.д., профессор Ш.М.Мұхтарова, 2013-2022жж. әлеум.ғ.к., профессор ассистенті Б.Ж.Абдрашева кафедра меңгерушісі болды. Қазіргі уақытта кафедраны әл.ғ.к., профессор ассистенті Г.Ж.Джамалиева басқарады (2022ж. бастап).
Сол 1992 жылдан бастап кафедра «Әлеуметтік педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыра бастады. Кафедра 050905 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығын 1993 жылдан бастап оқытады. Кафедраның бастауында п.ғ.к., доцент А.Г. Трушин, п.ғ.к., доцент А.А. Орлов, педагог-практик Н.Н. Любощинская, п.ғ.к., доцент Т.Н. Олейникова, әл.ғ.к., доцент Б.Ж.Абдрашева, п.ғ.к., доцент Р.И.Бурганова, доцент Г.Г.Черная тұрды.
2004-2005 оқу жылынан бастап Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде алғаш рет әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының бастамасымен, Қарағанды облысы мәдениет басқармасының қолдауымен және сұрауы бойынша 050906-«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы ашылды. 2002-2003 оқу жылында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
2014 жылы кафедра «Философия және психология» факультетінің құрамына кірді.
Оқытушылар:
Кафедрада ғылым докторлары, кандидаттар, магистрлар жұмыс жасайды. Кафедрада республикалық мемлекеттік грант және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын алған оқытушылар жұмыс істейді. Атап айтсақ: п.ғ.д., профессор Ш.М.Мухтарова (2009 ж.), п. ғ. к., доцент М.Т.Баймуканова (2013 ж.), ә.ғ.к., доцент Б.Ж.Абдрашева (2014 ж.), п.ғ.к., доцент Ж.Х. Кендирбекова (2014 ж.).
Білім алушылар:
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының мамандықтарына Қазақстанның басқа өңірлерінен («Серпін» бағдарламасы бойынша), сондай-ақ жақын шет елдерден (Өзбекстан, Моңғолия, Қытай) студенттер оқуға түседі.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері 11 жыл бойы республика бойынша пәндік олимпиадада көшбасшы атанып келеді. Болашақ бос уақытты ұйымдастыру мамандары және әлеуметтік педагогтар үнемі олимпиада жүлдегерлері атанып жүр. Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасында білім алып шығатын студенттердің жетістіктерін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» байқауының нәтижесінен көруге болады.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедраның барлық мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі жоғары көрсеткішке ие. Түлектеріміз Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратында, Қарағанды қ. әкімдігінде, Қарағанды обылысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Қарағанды қ. кеншілер мәдениет сарайында, Қарағанды қ. теміржолшылар мәдениет сарайында, Қарағанды обылысының білім басқармасында, және т.б. көптеген мекемелерде еңбек етуде.
Серіктестер:
Кафедра қызметі әлеуметтік қызметкерлерді, әлеуметтік педагогтарды, мәдени-тынығу жұмысының мамандарын кәсібилендірумен байланысты, түрлі жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен кең халықаралық байланыстарға ие. Олардың қатарында: И. Куза атындағы Университет (Румыния), Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті (Ресей), И.П.Шамякин атындағы Мозыр мемлекеттік педагогикалық университеті (Беларусь Республикасы), Сочи мемлекеттік университеті (Ресей), Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Балаларды қатыгездіктен қорғау Ұлттық Қоры.
Кафедра филиалы және тәжірибе базалары:
Кафедра филиалдары Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының базасында, Қарағанды облысының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған МӘМ-де, Қарағанды қаласының №68 мектеп-интернатында табысты жұмыс істейді: кафедра ұжымы осы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп, студенттер мен магистранттарға кәсіби қызметке дайындықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында семинарлар, тренингтер өткізеді. Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының қызметкерлерімен бірге Қарқаралы ұлттық саябағында семинар-тренинг; қайырымдылық іс-шараларын өткізу, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы бойынша МӘМ-ге қамқорлық көмек көрсету; Қарағанды қаласының №68 мектеп-интернатының базасында әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру дәстүрге айналған.
«Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-сі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қарағанды облысының мәдениет басқармасы, SOS балалар ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар Достығы орденді орыс драма театры он жылдан астам уақыт бойы практикалық даярлықтың базалық ұйымдары болып келеді.
Жобалар:
Кафедра екі рет (2000 ж., 2009 ж.) TEMPUS халықаралық білім беру бағдарламалары жобаларының және басқа да бірқатар халықаралық ғылыми жобалардың, атап айтсақ: «Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту» (Қазақстан-Германия), «Қарағанды облысында әлеуметтік күтімнің заманауи жүйесін енгізу» (Қазақстан-Германия) және т.б, жобалардың қатысушысы.
Әлеуметтік жобалар:
Кафедраның жас оқытушыларының бастамасымен көптеген қайрымдылық шараларын, әлеуметтік, психологиялық, моральдық және материалдық көмекке мұқтаж түрлі санаттағы жандарға арналған акциялар ұйымдастырып үлгерген «GoodWay» еріктілер клубы құрылып, жұмыс істеуде.
Білім беру бағдарламалары
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану: бакалавриат. Бағдарлама тәрбие мен оқыту мәселелерін, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нысандары мен әдістерін, «өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асырудың инновациялық әдістерін зерделеумен байланысты. Оқу процесінде студент жастар әлеуметтендіру процесіне әлеуметтік-педагогикалық араласу қажеттілігін бағалауды; балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық проблемаларының сипатын талдауды; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың, «өзін-өзі тану» пәнін оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдануды үйренеді.
Түлектер «6В01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дәрежесін алып, білім беру жүйесінде әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімі, бала құқықтарын қорғау жөніндегі маман, жұмыссыз және табысы аз адамдарды әлеуметтік қолдау органдарының маманы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің, интернаттардың, мамандандырылған білім беру мекемелерінің маманы лауазымдарында жұмыс істей алады.
6В10201 Әлеуметтік жұмыс: бакалавриат. Бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет жүйесіндегі азаматтардың қорғалмаған және проблемалық санаттарына мамандандырылған әлеуметтік көмек көрсету негіздерін зерделеумен байланысты. Оқу процесінде студент әртүрлі санаттағы азаматтардың әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалауды; әлеуметтік проблемалардың сипатын талдауды; әлеуметтік жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолдануды; азаматтардың әртүрлі санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді және т.б. үйренеді.
Түлектер «6В10201 – Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласында бакалавр дәрежесін алады және әлеуметтік мәселелер бойынша менеджерлер мен консультанттар, мекемелерде, ұйымдарда, халықты әлеуметтік қорғау органдарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі мамандар болып жұмыс істей алады.
6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы: бакалавриат. Бағдарлама нарықтың заманауи талаптарына бейімделген демалыс пен шығармашылықты ұйымдастыру саласын зерттеумен байланысты. Оқу процесінде студент әр түрлі санаттағы азаматтардың кәсіби әлеуметтік-мәдени қызметтеріне қажеттілігін бағалауды үйренеді; әлеуметтік-мәдени қызметтің заманауи әдістері мен технологияларын қолданады; шығармашылық ұжымдардың қызметін және т.б. ұйымдастырады.
Түлектер «6В11102 – Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласында бакалавр дәрежесін алады және мәдениет пен өнер саласындағы ұжымдардың көркемдік жетекшілері; түрлі мекемелердегі педагог-ұйымдастырушылар; жаппай мерекелік қойылымдар мен шоу-бағдарламалардың сценарийлік-режиссерлік қойылымдарының жетекшілері және т.б. болып жұмыс істей алады.
7M01802001-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану: магистратура. Бағдарлама әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың теориялық-әдіснамалық негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы инновацияларды зерттеумен байланысты. Оқу процесінде магистрант әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы білімді қолдануға және біріктіруге; ғылыми негізде әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруға; көмек көрсетуге мұқтаж адамдар үшін әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар әзірлеуге үйренеді; инновациялық технологияларды және т.б. пайдалану есебінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттырудың әдіснамалық негіздерін, қағидаттарын, тетіктері мен шарттарын меңгереді.
Түлектер «7М01802001 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, білім беру жүйесінде жоғары және орта арнаулы оқу орнының оқытушысы, ғылыми-зерттеу институттарында маман, мекемелерде, ұйымдарда, білім беру органдарында әлеуметтік педагогика бойынша маман, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі лауазымдарында жұмыс істей алады.
7M10214601-Әлеуметтік жұмыс: магистратура. Бағдарлама теорияның, әдіснаманың, ғылыми зерттеу әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік жұмыстағы инновациялық технологиялардың өзекті мәселелерін зерттеумен байланысты. Оқу процесінде магистрант әлеуметтік жұмыс саласындағы білімді қолдануды және біріктіруді; адамдардың түрлі санаттарымен тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен құралдарын қолдануды; көмек көрсетуге мұқтаж адамдар үшін әлеуметтік-түзету бағдарламаларын әзірлеуді; әлеуметтік-еңбек қатынастары және жұмыспен қамту саласында және т.б. әлеуметтік қызметтер көрсетуді үйренеді.
Түлектер «7М10201 – Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар мен консультанттар; жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшелерінің, зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдардың мамандары; әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу саласындағы сарапшылар; жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мамандар; кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы арнайы пәндер оқытушылары және т.б. болып жұмыс істей алады.