ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Эмоционалды интеллекті дамыту»

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы» 2021 жылдың 18 қазанынан 5 қарашасына дейін «Эмоционалды интеллекті дамыту» тақырыбында семинар-тренингтер өткізді. Семинар-тренингтерді өткізген: «8D01100102 – Білім беру психологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Анар Рашидқызы Альгожина. Ғылыми жетекшісі – пс.ғ.к., профессор, психология кафедрасының меңгерушісі Райхан Шайхышқызы Сабирова.

Семинар-тренингтердің мақсаты өз эмоцияларын және басқалардың эмоцияларын ұғыну мен түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ оларды басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

ЖОО педагогтарымен өткізілген семинар-тренингтер барысында өз эмоцияларын ұғыну және түсіну біліктерін жақсарту, эмоцияларға қатысты көзқарастармен жұмыс істеу, эмоциялық сөздік қорын кеңейту, басқалардың эмоцияларын ұғыну және түсіну біліктерінің деңгейін арттыру, өз эмоцияларын және басқаларын басқару, эмоционалдық жағдайды сақтау және өзгертудің практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Семинар-тренингтер барысында жеке және топтық психотерапия элементтері (арт-терапия, гештальт-бағыт,) миға шабуыл, автотренинг, тыныс алу жаттығулары, бірлескен іс-әрекеттер, қарым-қатынас, рөлдік ойындар, еліктеу ойындары, медитация әдістері қолданылды. Сондай-ақ тренингте алынған белгілі бір дағдыларды (өз және өзгелердің эмоцияларын ұғыну және түсіну дағдылары, әртүрлі жағдайларда тиімді қарым-қатынас орнату дағдылары, басқа адамдардың эмоцияларын басқару дағдылары) талап ететін жағдайларды пысықтау әдістері қатысушылардың нақты іс-әрекеттерінен проблемалық жағдайларды пайдаланып, топпен ойнап, талдады.

Оқытушылар тобындағы сабақтар кезінде ыңғайлы, достық атмосфераға қол жеткізілді, бұл қатысушыларға жаңа жүріс-тұрыс әдістерімен еркін тәжірибе жасауға және оларды практикалық дағдылар деңгейінде қолдануға мүмкіндік берді.

Алынған білім қатысушыларға конструктивті тұлғааралық қарым-қатынастарды құру дағдыларын қалыптастыруға, өнімді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, туындайтын жағдайларды талдауға, өзін және басқаларды тану және түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді (қарым-қатынас пен белсенділік процесінде).