2024 жылғы 12 желтоқсан күні Астана қаласында «Қазақстан отбасылары – 2024» ұлттық баяндамасының таныстырылымы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Философия және психология деканы, PhD докторы, профессордың ассистенті А. Д. Макатова баяндама авторларының бірі болып табылады.
Ұлттық баяндамасында отбасыларының әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы және қазақстандықтардың отбасын жоспарлау, репродуктивті мінез-құлқы, некелесу және ажырасу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының неке-отбасы қарым-қатынасындағы құндылықтар, медианы қолданудың заманауи тәжірибелері, сондай-ақ кіріптар болу және оның отбасының қарым-қатынасына әсеріне талдау жасалды.
Зерттеу елдің барлық аймағын қамтыған. Жаппай сауалнамаға 3000 адам қатысқан, респонденттерден 40 тереңдетілген және 10 сарапшылық сұхбат алынған. Сондай-ақ баяндамада Ұлттық статистика бюросы және мемлекеттік органдарының деректері қолданылған.
Баяндамада Қазақстан Республикасының отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар берілді. Баяндама әлеуметтанулық зерттеулер, ресми статистика, заңнамаға және халықаралықаралық тәжірибелердің талдау дерегіне негізделген.
Айта кетейік, іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ мүшелері, сондай-ақ Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдарының консорциумы қатысты.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, баяндамада қамтылған тақырыптарға қатысты ұсыныстарын айтты.