кафедра меңгерушісі
PhD, қауымдастырылған профессор
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы 6В04201 «Құқықтану», 7М04206 «Құқықтану», 7М04207 "Құқықтану", 8D04201 "Құқықтану" Білім беру бағдарламалары бойынша түлек шығарушы кафедра болып табылады. Сондай-ақ, кафедра 6В04202 "Бизнесті заңдық қамтамасыз ету ", 6В04203 "Халықаралық құқық", 6В04204 "Соттық және прокурорлық қызмет" білім беру бағдарламалары бойынша құқық саласындағы бакалаврларды даярлау кезінде оқу процесін қамтамасыз етеді.
Кафедра ЖОО компоненті пәндері:
Мемлекет және құқық теориясы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Арнайы курстар:
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Қазақтардың әдет-ғұрыптық құқығы: тарихы және қазіргі заман
Мұсылман құқығы
Адам құқықтарын іске асырудың қазіргі мәселелері
Қазақстан Республикасындағы әскери қызметті құқықтық реттеу
Заңгер қызметіндегі құқықтық деонтология және аксиология
Қазіргі жағдайдағы құқықтық реттеу механизмі
Заңдық жауапкершілік - кешенді құқық институты ретінде
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық процесі: теория мен практика мәселелері
Заңдық техника: теория мен практика мәселелері
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқық қолдану қызметі
Мемлекеттік билік және басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының құрылу тарихын заң факультетінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. 1978 жылы Мемлекет және құқық кафедрасы келесі екі кафедраға бөлінді: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы және мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасы.
1978-1980 жылдар аралығында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасын заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.А.Владимиров басқарды. 1980 жылдан 1981 жылға дейін М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін кафедраны доцент Е.А.Поноженко басқарды. Ғылыми кадрларды нығайту және заңгерлердаярлау үшін университет басшылығы республиканың басқа жоғары оқу орындарынан мамандар шақырды. 1981 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны басқару С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А.Агдарбековке тапсырылды. 1984 жылдан 1994 жылға дейін кафедра меңгерушісі атақты академик С.З. Зимановтың шәкірті, жас ғалым Н.С. Ахметова болды. 1994-2019 жылдары кафедраны Д.И.Курский атындағы Саратов заң институтының түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Какимова басқарды.
2019 жылдан бастап PhD докторы, қауымдастырылған профессор К.С.Мусин басшылық жасауда.
Оқытушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде үш ғылым кандидаты, PhD докторы, магистрлер, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: з.ғ.к., профессор Н.С.Ахметова, з.ғ.д., профессор Г.З.Кожахметов, з.ғ.к., профессор А.В.Турлаев бар.
Білім алушылар:
Кафедрада 80 білім алушы мамандандырудан өтеді.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: үш жыл ішінде 5В030100 – «Құқықтану» бағдарламасы БСҚТА рейтингінде 4-орынды иеленді
Серіктестер:
Кафедра Мемлекеттік басқару органдарымен, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Республикалық бюромен, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-мен ынтымақтастықта.
Жыл сайын Польша, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасынан халықаралық және мемлекеттік құқық саласындағы жетекші мамандар заң факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін қонақ дәрістерін оқиды.
Академиялық ұтқырлық:
Польша, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасынан келген шетелдік профессорлар кафедраға салыстырмалы құқықтану мәселелері бойынша қонақ дәрістерін өткізеді.
Кафедра Вроцлав әкімшілік құқық және экономика университетінің (Польша) конституциялық құқық кафедрасының профессорларымен: құқық докторы Кристиан Цомплакпен және құқық докторы Артур Лавничакпен PhD докторларын бірлесіп даярлауды жүзеге асырады.
Жобалар:
Кафедраның ПОҚ бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді:
2009-2011 жж. - «Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе мен нысандарды жетілдірудің конституциялық және теориялық-құқықтық мәселелері, жаһандық процестерді дамыту аспектісінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету»;
2012-2014 жж. - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері»;
2015-2017 жж. - «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету»;
2018-2019 жж. - «Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері».
Білім беру бағдарламалары:
6В04201 Құқықтану
Білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жауапты, өз кәсібін еркін меңгерген және қызметтің сабақтас салаларына бағдарланған, әлемдік стандарттар деңгейінде мамандығы бойынша тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жоғары білікті заңгерлерді даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мазмұны курстардан тұрады:
Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, ҚР Мемлекет және құқық тарихы, Рим жеке құқығы, Адам құқықтарын іске асырудың қазіргі мәселелері, Сайлау құқығы және үдеріс, ҚР-дағы мемлекеттік қызмет, ҚР-дағы әскери қызметті құқықтық реттеу, Қылмыстық жауаптылықты іске асыру нысандары, ҚР Отбасы құқығы, Криминология, ҚР Еңбек құқығы, Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, Адвокатура және заң көмегін ұйымдастыру, Заңгер қызметіндегі құқықтық деонтология мен аксиология, Заңгер қызметіндегі сандық технологиялар, Электрондық үкімет, Сот риторикасы, Құқықтық статистика, Атқарушылық іс жүргізу, Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдері, Адам құқықтарын халықаралық қорғау, Кәсіпкерлік құқық, Криминалистика, ҚР Қылмыстық-атқару құқығы, Халықаралық жеке құқық, Халықаралық жария құқық, ҚР-дағы прокурорлық қадағалау, ҚР-дағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, Кәсіби қазақ тілі, ҚР Салық құқығы, Көші-қон құқығы, Қазіргі жағдайдағы құқықтық реттеу механизмі, Заңдық жауапкершілік - кешенді құқық институты, Мұрагерлік құқық, ҚР экологиялық құқығы.
ББ игеру нәтижесінде қалыптасатын түлектердің құзыреттері:
Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздерін қалыптастыратын гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің өзекті білімдерін көрсетеді. Құқық пен заңға құрметпен қарауды, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті анықтайды;
- Заңдық қайшылықтарды шешу кезінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын және құқық қолдану практикасының материалдарын талқылайды, түсіндіреді, қолданады. Іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ресми мемлекеттік, орыс және шет тілдерін еркін қолданады;
- Жүйелік құбылыстар ретінде мемлекет пен құқықты ғылыми зерттеудің тарихи, нормативтік-мазмұндық, аксиологиялық, құрылымдық-функционалдық білімдері мен әдістерін меңгерген. Болашақ кәсібінің әлеуметтік маңыздылығы, құқықтық қызметтегі дене шынықтырудың рөлі туралы нақты түсінігі бар.
Сандық құзыреттер (digital skills)
- Кәсіби қызметте құқықтық ақпараттың сандық көздерін, деректерді талдау және басқару құралдарын қолданады. Электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен және анықтамалық құқықтық сервиспен жұмыс істеу дағдыларына ие;
- Жеке және коммуникациялық қасиеттерді, зерттеудің инновациялық әдістерін дамытады және тиімді пайдаланады, кәсіби салада шығармашылық қолдану үшін құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттырады;
- Сандық кеңістікте қалыптасатын құқықтық қатынастарды анықтайды. Сандық ортадағы әрекеттер мен құбылыстарды және олардың заңды салдарын саралайды.
Кәсіби құзыреттер (hard skills)
- Объектінің ерекшелігін, нысанасын және реттеу әдісін ескере отырып, белгілі бір салалық құқықтық норманы таңдайды. Мемлекеттік және жеке-құқықтық институттар арасындағы айырмашылықты ажыратады;
- Құқық жүйесінің әртүрлі салаларындағы материалдық және іс жүргізу рәсімдерін түсінеді. Құқық қорғау, құқық сақтау және ұйымдастыру-басқару функцияларын орындайды;
- Азаматтық-құқықтық қатынастар мен кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласындағы практикалық мәселелерді,жеке және тұлғалардың мүдделерін қорғаудың халықаралық және ұлттық тетігіндегі тараптардың құқықтық мүдделерін айқындайды;
- Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды саралайды, олардың алдын алу шараларын әзірлейді. Сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу барысында техникалық, тактикалық және әдістемелік құралдар мен тәсілдерді қолданады;
- Ұлттық құқық пен заңнама теориясы мен практикасын жетілдіру жолдарын, заң қызметіндегі, мемлекеттік басқарудағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі құқықтық тәуекелдерді талдайды. Заңды құжаттарды жасау кезінде тұжырымдамалық-категориялық аппаратты тиімді пайдаланады.
Алынған дәреже және жұмысқа орналасу мүмкіндігі:
Білім беру бағдарламасының түлектері құқық бакалавры дәрежесін алады және құқық қорғау саласында әртүрлі мемлекеттік органдарда, соның ішінде құқық қорғау органдарында жұмыс істей алады; заңгер, заңгердің көмекшісі, нотариус, адвокат ретінде жеке практикамен айналысады.
7М04206 Құқықтану ( ғылыми және педагогикалық бағыт)
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметі, коммерциялық құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар саласындағы жұмысқа бағдарланған, жоғары құқықтық мәдениеті бар, іргелі білімі, кәсіби және инновациялық құзыреттері, құқықтық қызметтің зерттеу, талдамалық және практикалық дағдылары бар жаңа буынның бәсекеге қабілетті, білікті заң кадрларын даярлау.
Білім беру магистрлік бағдарламасының мазмұны: Қылмыстық сот ісін жүргізудегі инновациялар, Қазіргі заманғы криминалистикалық ілімдердің әдіснамасы, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Интернет желісіндегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жеке тұлғаның мәдени құқықтары мен инновациялық әлеуеті, Қазақстан Республикасының конституциялық даму модельдері, Қазақстан Республикасындағы құқық Шығармашылық үдерісі: теория мен практика мәселелері, теория және азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану практикасы, Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану теориясы мен практикасы, мемлекеттік басқарудың сервистік моделі жағдайындағы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, құқықтық жүйелердің конвергенциясы жағдайындағы ұлттық қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы.
ББ игеру нәтижесінде қалыптасатын магистратура түлегінің құзыреті:
Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
- Кәсіби, іскерлік және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік және шет тілдерді еркін пайдалана алады.
- Мемлекеттік органдар, мемлекеттік және жеке ұйымдар жүйесінде басқару функцияларын жүзеге асырады; ұжымда міндеттерді басқару және бөлу кезінде стратегиялық ойлау, шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді.
- Ғылым тарихы мен философиясы, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы, кәсіби қызмет саласындағы дәстүрлі және заманауи мәселелерінің теориялық, әдіснамалық негіздері туралы білімін қолданады.
Сандық құзыреттер (digital skills)
Кәсіби құзыреттер (hard skills)
Алынған дәреже және жұмысқа орналасу мүмкіндігі:
Түлектер заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және құқық қорғау, сот, атқарушы және өкілді мемлекеттік органдарда және басқаруда жетекші сарапшылар мен басшылар ретінде жұмыс істей алады; адвокатура; нотариат; қаржы институттары; сақтандыру және аудиторлық компаниялар. Сондай-ақ, осы білім беру бағдарламасының түлектері оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
7М04207 Құқықтану (бейіндік бағыт)
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Жоғары құқықтық мәдениеті мен құқықтық қызметтің практикалық дағдылары бар, кәсіби және цифрлық құзыреттері бар, мемлекеттік басқару, құқық қорғау қызметі, коммерциялық құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар саласындағы жұмысқа бағдарланған құқықтану саласындағы бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру магистрлік бағдарламасының мазмұны:
Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесі: теория мен практика мәселелері, еңбек дауларын қарау және шешу мәселелері, мемлекеттік басқарудың сервистік моделі жағдайындағы мемлекеттік қызмет, заңнамалық техника: теория мен практика мәселелері, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және қылмыстық кірістерді заңдастыру, әкімшілік Әділет, қылмыстық құқық бұзушылықтардың Виктомологиялық профилактикасы курстарынан тұрады.
ББ игеру нәтижесінде қалыптасатын магистратура түлегінің құзыреті:
Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
- Құқықтың дамуының қазіргі тенденцияларын, оны жетілдіру тетіктерін, заң қызметінің нақты салаларындағы теория мен практиканың жаңа жетістіктерін айқындайды және бағалайды.
- Нормативтік құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеу дағдыларын; халықаралық-құқықтық актілер мен ұлттық заңнаманы сыни талдау дағдыларын меңгерген.
- Басқарушылық, құқықшығарушылық, құқыққолдану, құқық қорғау қызметті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты анықтау үшін әртүрлі тілдік құралдарды қолданады.
- Ситуациялық және жүйелі талдау дағдыларын, құқықтық ойлау мәдениетін, ақпаратты жалпылау қабілетін, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын; басқару жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу дағдыларын, тиімді ұйымдастырушылық-басқарушылық және құқықтық шешімдер қабылдау, олар үшін жауапты болу қабілетін меңгереді.
Сандық құзыреттер (digital skills)
- Қолданыстағы заңнама және құқық қолдану практикасы нормаларына талдау жүргізеді, нақты заңдық істерді қарау және заң құжаттарын жасау кезінде инновациялық технологияларды, сандық технологиялармен және ақпараттық деректер банкімен, электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен жұмыс істеу дағдыларын пайдаланады.
- Құқықшығармашылық және құқыққолдану қызметін дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін анықтайды, құқықтық ақпараттың сандық көздерін пайдаланады.
- Электрондық ақпараттық сервисті пайдалана отырып, адам құқықтарын қорғаудың, мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің, нормативтік-құқықтық реттеудің, ұлттық заңнама институттарын дамыту перспективаларының мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік тетіктерін іске асырады.
Кәсіби құзыреттер (hard skills)
- Заң шығару сапасын қамтамасыз ету және заңнаманы жүйелеу мақсатында құқық шығармашылық қызметінде қолданылатын арнайы заңдық техниканы меңгерген.
- Құқық бұзушылықтарды, киберқылмыстарды, қылмыстық кірістерді заңдастыруды саралауды жүзеге асырады, халықаралық, ұлттық, шетелдік нормативтік құқықтық актілерді талдайды.
- Құқық жүйенің әртүрлі салаларындағы материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын нақты құқықтық жағдайға (казус) қолданады, сондай-ақ заң практикасының нәтижелерін жинақтайды.
- Азаматтықты алу және тоқтату, конституциялық және әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдарын; конституциялық даму модельдерін, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасын, әкімшілік әділетті дамыту мәселелері мен перспективаларын бағалайды.
Алынған дәреже және жұмысқа орналасу мүмкіндігі:
Түлектер заң магистрі дәрежесін алады және құқық қорғау, сот, атқарушы және өкілді мемлекеттік органдарда және басқаруда жетекші сарапшылар мен басшылар ретінде жұмыс істей алады; адвокатура; нотариат; қаржы институттары; сақтандыру және аудиторлық компаниялар.