ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ


                                                   

 

Педагогикалық қайта даярлау туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Педагогикалық қайта даярлау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығымен бекітілген педагогтік қайта даярлау қағидаларына сәйкес әзірленді.
  2. Ереже «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-да (бұдан әрі – Университет) педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдарды (бұдан әрі – Тыңдаушы) педагогикалық қайта даярлауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
  3. Ереже педагогикалық қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – Білім беру бағдарламалары) әзірлеу, сараптау, бекіту және оларды ESUVO білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеу тәртібін айқындайды https://uchus.kz/platonus/esuvo-platonus-kz/.
  4. Ережені пайдалану кезінде мынадай нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады:
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңымен;
  • «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен;
  • «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңымен;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығымен бекітілген педагогтік қайта даярлау қағидаларымен;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы №569 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішімен;
  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандартымен.
  1. Ереже педагогикалық қайта даярлау бойынша оқытуды ұйымдастыруға қатысатын университеттің барлық бөлімшелеріне арналған.
  2. Педагогикалық қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді университеттің қосымша білім беру факультеті жүзеге асырады.

 

 

 

 

2-тарау. Курстарға қабылдау және педагогикалық қайта даярлауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Педагогикалық қайта даярлау курстарында (бұдан әрі – Курс) оқу ұзақтығы 5 айды құрайды.
  2. Курстарда оқыту екі ағымда жүзеге асырылады:

Бірінші ағым – 29.01-15.06.

Екінші ағым – 04.09-20.01.

  1. Курстарға қабылдау рәсімдері офлайн форматта жүзеге асырылады.
  2. Курстарға құжаттарды қабылдау педагогикалық қайта даярлау туралы осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Қабылдау комиссиясы университет ректорының бұйрығымен құрылады.
  3. Курстарға түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау және кейіннен қабылдау екі ағымда жүзеге асырылады:

         Бірінші ағым. Құжаттарды қабылдау –15.12-20.01, тіркеу – 21.01-25.01

Екінші ағым. Құжаттарды қабылдау – 25.07-25.08, тіркеу – 26.08-31.08

  1.  Курстарға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
  1. ректордың атына өтініш (1-қосымша);
  2. куәландыратын құжат;
  3. өлшемі 3x4 сантиметр болатын алты фотосурет (jpg форматындағы электрондық фотосурет (Id-карталары үшін);
  4.  «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
  5. Білімі туралы мынадай құжаттардың бірі:

Педагогтің кәсіби стандартының 6-деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелері көрсетілген жоғары білімі туралы;

Педагогтің кәсіби стандартының 7-деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы.

Қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларына қабылдау базалық білімнің және педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларының сәйкестік жіктеуіші негізінде жүзеге асырылады (2-қосымша).

  1.  еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-тармағына сәйкес).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясына құжаттарды қайтарады.

  1. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылған жағдайда қабылдау комиссиясының шешімімен курстарға қабылдау жүзеге асырылады және университет ректорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы шығарылады.
  2. Курстарға қабылданғаннан кейін университет пен тыңдаушы арасында шарт жасалады.
  3. Курстар қашықтықтан оқыту элементтері бар күндізгі бөлімде өткізіледі.
  4. Курстарда оқу және оқыту процесі университетте қабылданған Академиялық адалдық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Курстан сәтті өткен және оқу бағдарламасының талаптарын орындаған тыңдаушыларға кәсіби педагогикалық қызметпен айналысу құқығымен педагогикалық қайта даярлау курсынан өткені туралы университет сертификаты (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.
  6. Сертификаттың болуы педагогті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық біліктілік тестін тапсырудан босатпайды.
  7. Университет бір күнтізбелік жыл ішінде курста алған білімдерін тәжірибеде сапалы іске асыру мақсатында педагогикалық қызметке алғаш кірген педагогтердің қызметіне курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын әзірлеу тәртібі

 

  1. Педагогикалық қайта даярлауды университет 3-қосымшаға сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау бағыттары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырады.

Педагогикалық қайта даярлау бағыттары еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескереді.

Болашақта университеттің педагогикалық қайта даярлау бағыттары мен бағдарламаларын кеңейтуге болады.

  1. Курстардың мақсаты педагогикалық білімі жоқ және педагогикалық қызметке, жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысқа алғаш рет кірісетін тыңдаушыларды қайта даярлау болып табылады.
  2. Университет факультеттері педагогтің кәсіби стандартында айқындалған білім беру бағдарламасы пәндерінің тізбесін, мазмұны мен көлемін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлейді.

Оқыту нәтижелері Болон процесінің, Ұлттық біліктілік шеңберінің, педагогтың кәсіби стандартының талаптарына сай оқыту деңгейіне сәйкес келеді.

  1. Курстың білім беру бағдарламасы 40 кредиттен тұрады (4-қосымша).
  2. Білім беру бағдарламасының мазмұны зияткерлік, практикалық және әмбебап (transferable skills, soft skills) дағдыларды қалыптастыру арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.

Оқыту нәтижелері SMART-мақсат қою технологиясы және оқытудың академиялық ілгерілеуі негізінде тұжырымдалады.

  1.  Курстың білім беру бағдарламасын игеру университет айқындайтын нысанда тыңдаушыларды қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

 

4-тарау. Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын сараптау, бекіту және тіркеу тәртібі

 

  1. Қосымша білім беру факультеті регламентке (5-қосымша) сәйкес әзірленген білім беру бағдарламасының жобасын университеттің білім беру бағдарламаларын жобалау және сараптау жөніндегі академиялық комитетіне сараптамаға жібереді.

         Сараптамадан кейін білім беру бағдарламасының жобасы мақұлдау үшін Академиялық кеңеске жіберіледі.

  1. Академиялық комитеттің сараптамасының және академиялық кеңестің мақұлдауының қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
  2. Білім беру бағдарламасы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тізіліміне енгізіледі (ESUVO).
  3. Білім беру бағдарламасы  университеттің сайтына орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

 

Басқарма төрағасы – «Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті» КЕАҚ ректоры,

  профессор Н.О. Дулатбековке

азаматтан (азаматшадан) ____________________________________________

ЖСН __________, мекенжайы бойынша тұратын

___________________________________________,

байланыс телефоны ____________________,

оқу орнын __________________________________,

мамандығы бойынша бітірген ____________________

 

Өтініш

 

Мені қосымша білім беру факультетінің педагогикалық қайта даярлау курсына қабылдауыңызды сұраймын

_______________________________________________________________________

білім беру бағдарламасы бойынша (ББ шифры және атауы).

Оқыту тілі ___________________________________________________

 

Дербес деректерді өңдеуге рұқсат етемін.

Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 

Жұмыс орны, лауазымы  ________________________________________________

______________________________________________________________________

 

 

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-да педагогикалық қайта даярлау туралы Ережемен таныстым.

 

 

 

«_____»______ 202___ ж.                          ___________________________

                                                                                                                                      қолы

 

2-қосымша

Базалық білім мен педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларының

сәйкестік жіктеуіші

 

Педагогикалық қайта даярлау бағыты

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасының атауы

Базалық жоғары білім бойынша БББТ

Жоғары оқу орнынан кейінгі базалық білім бойынша БББТ

 

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау

6В01402 – Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

B094 – Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

М150 –  Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

 

B097 – Өрт қауіпсіздігі

 

6В01403 – Дене шынықтыру және спорт

В091 – Туризм

М147 – Туризм

 

6В01406 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау

В026 – Композиция

М035 – Сән, дизайн

 

В030 – Бейнелеу өнері

 

В031 – Сән, дизайн

 

6В01407 – Кәсіптік оқыту

В057 –Ақпараттық технологиялар

M094 – Ақпараттық технологиялар

 

M104 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

 

В061 – Материалтану және технологиялар

 

M111 – Азық-түлік өндірісі

 

В063 – Электротехника және автоматтандыру

 

M124 – Құрылыс

 

M125 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

 

В068 – Азық-түлік өндірісі

 

В065 – Автокөлік құралдары

 

В070 – Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

 

 

 

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

6В01501 – Математика

В055 – Математика және статистика

М092 – Математика жәнестатистика

В056 – Механика

М093 – Механика

6В01503 – Физика

В054 – Физика

M090 – Физика

В055 – Математика және статистика

M092 – Математика және статистика

В056 – Механика

M093 – Механика

В059 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар

M096 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар

В061 – Материалтану және технологиялар

M098 – Жылу энергетикасы

В062 –Электротехника және энергетика

M099 – Энергетика және электротехника

В063 – Электротехника және автоматтандыру

M100 – Автоматтандыру және басқару

В064 – Механика және металл өңдеу

M101 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

В065 – Автокөлік құралдары

M102 – Робототехника және мехатроника

В076 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

M103 – Механика және металл өңдеу

В095 – Көлік қызметтері

M104 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

В162 – Жылу энергетикасы

M108 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша)

В171 – Металлургия

M150 – Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

В176 – Көлік құрылыстары

В271 – Мұнай-газ ісі

6В01505 – Информатика

В057 – Ақпараттық технологиялар

М094 – Ақпараттық технологиялар

В058 – Ақпараттық қауіпсіздік

В063 – Электротехника және автоматтандыру

6В01507 – Химия

B053 – Химия

М089 – Химия

В060 – Химиялық инженерия және процестер

М097 – Химиялық инженерия және процестер

6В01509 – Биология

В050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

М080 – Биология

М082 – Биотехнология

6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау

6В01601 – Тарих

B032 – Философия және этика

M050 – Философия және этика

B033 – Дінтану және теология

M051 – Дінтану және теология

B034 – Тарих

M053 – Тарих

B035 – Түркітану және шығыстану

M054 – Түркітану

 

B134 – Археология және этнология

M055 – Шығыстану

B140 – Халықаралық қатынастар және дипломатия

M064 – Халықаралық қатынастар

M153 – Археология және этнология

 

 


6В017 Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

B036 – Аударма ісі

М056 – Аударма ісі, синхронды аударма

 

B037 – Филология

 

M057 – Тіл білімі

 

M058 – Әдебиет

 

M059 – Шетел филологиясы

 

M060 – Филология

 

6B01703 – Орыс тілі мен әдебиеті

B036 – Аударма ісі

М056 – Аударма ісі, синхронды аударма

 

B037 – Филология

 

M057 – Тіл білімі

 

M058 – Әдебиет

 

M059 – Шетел филологиясы

 

M060 Филология

 

6B01705 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)

В036 – Аударма ісі

М056 – Аударма ісі, синхронды аударма

 

М057 – Тіл білімі

 

М058 – Әдебиет

 

М059 – Шетел филологиясы

 

6В019 Арнайы педагогика

6B01902 – Арнайы педагогика

В041 – Психология

М066 – Психология

 

В050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

М080 – Биология

 

В084 – Мейірбике ісі

М141 – Мейірбике ісі

 

В086 – Жалпы медицина

М143 – Биомедицина

 

М144 – Медицина

 

В088 – Педиатрия

M140 – Қоғамдық денсаулық сақтау

 

В089 – Қоғамдық денсаулық

М146 – Әлеуметтік жұмыс

 

В090 – Әлеуметтік жұмыс

 

 

Ескерту: 2018 жылға дейін берілген білім туралы құжаттардың сәйкестігін айқындау үшін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары жіктеуішіне және Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішіне сәйкестігін айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар пайдаланылсын (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 65 бұйрығы).

 

3-қосымша

 

Педагогикалық қайта даярлау бағыттары мен бағдарламаларының тізбесі

 

Педагогикалық қайта даярлау бағыттарының атауы

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларының атауы

  1.  

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау

6В01402 – Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

6В01403 – Дене шынықтыру және спорт

6В01406 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау

6В01407 – Кәсіптік оқыту

  1.  

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

6В01501 – Математика

6В01503 – Физика

6В01505 – Информатика

6В01507 – Химия

6В01509 – Биология

  1.  

6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

6В01601 – Тарих

  1.  

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

6B01703 – Орыс тілі мен әдебиеті

6B01705 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)

  1.  

6В019 Арнайы педагогика

 

6B01902 – Арнайы педагогика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-қосымша

 

Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны

 

Модуль атауы

Пәндер.

 Кредиттер саны

Жалпы  кредиттер саны

  1.  

Психологиялық-педагогикалық дайындық негіздері

Педагогика – 5

Психология – 5

Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы – 3

13

  1.  

Әдістеме және білім беру технологиялары

Пәнді оқыту әдістемесі – 5

Инклюзивті білім беру – 2

7

  1.  

Арнайы дайындық

Арнайы пәндер – 8

Педагогикалық практика – 10

18

  1.  

Қорытынды аттестация

Бітіру жұмысын қорғау – 2

2

Барлығы

40

 

5-қосымша

 

Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының

құрылымы мен мазмұнының регламенті

 

1. Осы педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-да (бұдан әрі – Университет) педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – білім беру бағдарламасы) құрылымы мен мазмұнын іріктеу жөніндегі іс-қимылдардың реттілігін айқындау мақсатында әзірленді.

2.   Регламент жоғары оқу орындарының дербестігі, оқытудың мәлімделген нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқыту мазмұнын іріктеудің жүйелілігі мен толықтығы қағидаттарына сәйкес әзірленді.

3. Білім беру бағдарламасы қосымша білім беру факультеті, академиялық жұмыс департаменті және университеттің қабылдау комиссиясы бойынша әзірленеді.

4.   Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны esuvo білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінде педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді https://uchus.kz/platonus/esuvo-platonus-kz/.

5.   Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының құрылымы:

  1. Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы туралы мәліметтер
  2. Оқытудың қалыптасқан нәтижелері
  3. Пәндер туралы мәліметтер

 

6. Білім беру бағдарламасы келесі мазмұнға ие:

1. Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы туралы мәліметтер

Білім беру бағдарламасы әзірленетін құжаттардың тізбесі көрсетілген.

Білім беру бағдарламасының келесі сипаттамалары көрсетіледі:

Тіркеу нөмірі ___

ЖжЖОКБҰ___ (әзірлеуші)

Мақсаты____

ББ түрі____

ҰБШ бойынша деңгейі____

Оқыту тілі____

Кредиттер саны_____

Оқу мерзімі (айлармен) ___

Ғылыми кеңесте ББ бекіту күні ___

Кадрларды даярлау бағыттары және даярлау бағытына лицензия нөмірі  ___

 

2. Оқытудың қалыптасқан нәтижелері

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері (OP1, ... OP n) кодты көрсетумен (ON1 ... ON n) көрсетіледі.

3.   Пәндер туралы мәліметтер

Пәндердің атауы арқылы педагогикалық қайта даярлау мазмұнының сипаттамасы, пәндердің қысқаша сипаттамасы, келесі кестеге сәйкес оқу жоспарының циклі (БП/БП), компоненті (МК/ЖК), кредиттерінің көлемі көрсетіледі:

 

Пәннің атауы

Пәннің қысқаша сипаттамасы

БП/БП циклі

МК/ЖК компоненті

Кредиттердің көлемі

  1.  

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

6. Университеттің факультеттері білім беру бағдарламасының негізінде педагогикалық қайта даярлау бағыттары бойынша жұмыс оқу жоспарларын және білім беру бағдарламасы пәндерінің жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.