Корпоративтік оқиғалар 2026
- Корпоративтік күнтізбесі
2026 жылға арналған "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ іс-шаралары
06.08.2026 ж.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 371 ««Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне қатысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі Тоқтыбасва Ернар Дүйсенбекұлының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментінің директоры Зейнулла Айдын Зейнуллаұлы сайланды.
Зейнулла Айдын Зейнуллаұлының өкілеттік мерзімі Қоғамның Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталған кезде аяқталады.
20.07.2026 ж.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі №341 бұйрығымен ресімделген Жалғыз акционердің шешімі негізінде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ Жарғысына мынадай толықтырулар енгізілді:
1) Жарғы мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын: "Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына адам сайланбайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) бұрын акцияларды мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап акцияларды мэжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім кабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған».
13.05.2026 ж.
2026 жылғы 13 мамырдағы Жалғыз акционердің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №234 бұйрығы) «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
17.03.2026 ж.
Директорлар кеңесінің 17.03.2026 ж. шешіміне (№3 хаттама) сәйкес «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тәуелсіз директор Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы сайланды.
25.02.2026 ж.
25.02.2026 ж.
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 25.02.2026 жылғы № 94 бұйрығымен:
- «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- 5 (бес) мүшеден тұратын Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамы анықталды;
- Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:
|
№
|
Т.А.Ж.
|
Атқаратын лауазымы
|
|
1
|
Токтыбаев Ернар Дуйсенбекұлы
|
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министірлігі инфраструқұрлымдық жобалар, мемлекеттік тапсырыс және активтер департаментінің директоры
|
|
2
|
Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы
|
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы (келісім бойынша)
|
|
3
|
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
|
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры
|
|
4
|
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы
|
Тәуелсіз директор, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
|
|
5
|
Күмісбеков Айбек Күмісбекұлы
|
Тәуелсіз директор, «В2С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
|
20.02.2026 ж.
Жалғыз акционердің 20.02.2026 жылғы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің №83 бұйрығы) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті" КеАҚ 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сыртқы аудитор болып "Аудит Бизнес Групп"ЖШС анықталды.