Директорлар кеңесінің 17.12.2024 ж. шешімімен (№9 хаттама) "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған (2024 жылғы 2 жартыжылдық) даму жоспарын нақтылау бекітілді (идентификатор -14-990540002444-2025-001)
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 03 желтоқсандағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 543 Бұйрығы) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Директорлар кеңесінің 19.11.2024 ж. шешімімен (№8 хаттама) «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған (2024 жылғы 2 жартыжылдық) даму жоспарын нақтылау бекітілді (идентификатор14-990540002444-2020-049).
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 54-ТК бұйрығы) Мадина Максимовна Өмірқұлова академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі-«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ проректоры болып тағайындалды.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 05 қыркүйектегі шешімімен академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі-проректор Жүсіпбек Талғат Зыпарбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 08 тамыздағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 398 бұйрығы) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ корпоративтік басқару Кодексі бекітілді.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "КЕАҚ 21.06.2024 жылы Директорлар Кеңесі қабылдаған шешім туралы хабарлайды.
Директорлар кеңесі шешім қабылдады:
Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.М. Тәжбаевтың міндеттерін атқару 07.08.2024 жылдан бастап 31.12.2024 жылға дейінгі оқу демалысы уақытына радиофизика және электроника кафедрасының профессоры Асылбек Қалқенұлы Зейниденовке жүктелсін.
Жалғыз акционердің 2024 жылғы 29 мамырдағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің № 279 бұйрығы) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы ғылым және жоғару білім министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар:
«Аудиторлық ұйымды анықтау туралы» Қазақстан Республикасы ғылым және жоғару білім министрінің 26.04.2024 жылғы № 199 бұйрығымен ««ЦЕНТР-АУДИТ S&M»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік Қоғамының 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы ғылым және жоғару білім министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар (жалғыз акционер) («Тағайындау туралы» 22.04.2024 ж. №29-ж/қ бұйрығы):
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академиялык мәселелер бойынша Басқарма мүшесі - проректоры негізгі қызметші Талғат Зыпарбекүлы Жүсіпбектің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 22 сәуірден 2024 жылғы 31 тамыз аралығына уақытша бос лауазымына Мадина Максимовна Умуркулова тағайындалсын.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы ғылым және жоғару білім министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар (жалғыз акционер) (01.04.2024 ж. №52-ж/қ бұйрығы):
Сауле Саветовна Сагинтаева «Академик Е.А. Бокетов атындагы Қараганды университеті» коммерциялык емес акционерлік коғамының академиялык мәселелер бойынша Баскарма мүшесі - проекторы лауазымынан босатылсын.