ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Жоғары мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында өткен вебинар

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы 2022 жылдың 20-21 қаңтарында «ZOOM» платформасында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жас оқытушыларымен «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізді. Сондай-ақ, вебинарда күндізгі, ҚОТ-тың (Қашықтықтан оқыту технологиясы) күндізгі қысқартылған оқыту түрі үшін арналған тапсырмаларды құрастыру сұрақтары қарастырылды.

Қазақ тілінде вебинардың лекторы МДжППД кафедрасының профессор ассистенті, п.ғ.к. Гүлмира Бекінқызы Бейсенбекова.

Орыс тілінде вебинардың лекторы МДжППД кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Жанат Алпысқызы Карманова.

Вебинардың мақсаты: жоғары оқу орнында жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемесін тиімді игеру және практикада пайдалануда көмек көрсету.

Вебинар тақырыбының өзектілігі жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемесі арқылы білікті мамандар даярлауға негізделген.

Көптеген жоғары оқу орындары педагогтарының алдында күрделі міндет – студенттерді кәсіби практикада дербестікке үйрету, педагогикалық ситуацияда шешімді әрекет жасауға, яғни, педагогикалық ойлау қабілетін қолдап, шығармашылық қуатының белсенділігін арттыру, білімге, болашақ мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тапсырмалары қойылған.

Жас маманның ақыл-ойын және шығармашылық мүмкіндігін дамыту арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында емес, оқытудың көпжылдық барлық үдерісі барысында: лекциялар оқу, семинар және практикалық сабақтар жүргізу барысында жүргізіледі.

Белгіленген міндеттер, ең алдымен, жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін педагогтардың тапсырманы түсінуі нәтижесінде жүзеге асады. Жүргізілетін сабақтардың тиімділігі, мамандар даярлау сапасы оқытушылардың біліктілігіне, студенттерді пәнге қызықтыра алуына тәуелді.

Өз кезегінде, сабақтың сапасы мен тиімділігі озық педагогикалық технологияны шебер пайдалана білуге байланысты. Бұл – материалды селқос қабылдауға жол бермей, білім алушылардың өзара әрекеттесуін, оқу үдерісіне ынталана қатысуын қамтамасыз ететін белсенді интерактивті әдістер. Оқу үдерісіне, білім алуға студенттер ынталануы үшін білім берудің дәстүрлі және дәстүрден тыс формаларын үйлестіре қолдану, интерактивті оқытуды пайдалану арқылы сабақтарды жаңа мазмұнмен байыту материалды үздік игеруге ықпалын тигізеді.

Вебинарға қатысушылар студенттерге білім беруде кездесетін мәселелерді талқылады, сондай-ақ, жоғары оқу орнында білім беруді жақсарту үшін нақты, пайдалы ұсыныстар жасады.

Г.Қ.Белгібаева,

ПШДО жетекшісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор