ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БІЛІМ АЛУ ЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС

2026 жылғы 6–7 сәуір күндері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Күміс университет» (50+) бағдарламасы аясында
«Барельеф техникасында ою-өрнек орындау» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Қатысушылар барельеф техникасының ерекшеліктерімен танысып, сәндік ою-өрнектерді өз қолдарымен жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Семинарды жоғары деңгейде бірлесіп ұйымдастырып, өткізгені үшін педагогикалық факультетке алғысымызды білдіреміз!
«Күміс университет» — кез келген жаста білім алып, дамуға мүмкіндік беретін тамаша жоба!