ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ

17 сәуір күні Бөкетов ұлттық университетінде Ұлттық кітап күніне арналған мазмұнды іс-шара өтті.
Жиын барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында университетішілік тестілеудің қорытындысы жарияланып, жоғары ұпай жинаған студенттер марапатталды. Жеңімпаздарға университет ректоры Н.О. Дулатбеков өзінің «Алаш ардақтылары» құнды еңбегін тарту етіп, студент жастарға ізгі тілегін арнады:
«Мен сіздерге “Алаш ардақтылары” кітабын ұсынамын. Бұл еңбек – ұлт зиялыларына арналған. Басты ой өзегі – білімге деген құштарлық. Ол қасиет біздің бабаларымыздан жалғасып келеді, сол рух сіздердің бойларыңызда да жалғаса берсін».
Іс-шараның тағы бір тағылымды тұсы – проректорлар, профессор-оқытушылық құрам, әкімшілік құрылым басшылары мен студенттердің қатысуымен өткен кітап алмасу акциясы болды. Жеребе арқылы таңдалған қатысушылар бір-біріне түрлі жанрдағы кітап сыйлады.
Бұл игі бастама қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім мен руханиятты дәріптейтін ортақ мәдени дәстүрдің қалыптасуына өзіндік үлес қосады.