ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ "NEWSKY AWARD" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасындағы "Newsky Award" халықаралық сыйлығын философия және психология факультетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының магистранты Асылан Смағұлов иеленді. "Newsky Award" халықаралық сыйлығы Қазақстан және әлемдік медианың кәсіби журналистеріне, сондай-ақ жас репортерлер мен әлеуметтік желідегі блог авторларына (блогерлерге) беріледі. Newsky Award сыйлығының негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік материалдардың авторын анықтау, олардың сыртқы саясат пен өңіраралық келісім мәселелерін, мәдени және рухани құндылықтарды, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік қауымдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық және әлеуметтік қызметті жариялаудағы сіңірген еңбегін ынталандыру. Ең үздік деген журналистік жұмыстарды қазылар алқасы www.newskyaward.org сайтына жіберілген 4000-нан астам өтінімнің ішінен іріктеп алды. Өтінімдер Қазақстанның ұлттық және өңірлік БАҚ-нан, шетелдік медиа ұйымдардан, жас журналистер мен танымал блогерлерден, соның ішінде Италия, Франция, Түркия, Хорватия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Испания, Қытай, БАӘ және Орталық Азия елдері репортерлерінің журналистік материалдарынан алынды.