ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Үздіксіз білім беру институты мен филология факультетінің бірлескен бастамасымен ұйымдастырылған «Кел, қазақша сөйлесейік!» курсы өз мәресіне жетті. 2026 жылдың 18 наурызы мен 20 мамыры аралығында өткен бұл жоба қатысушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қазақ тілінде еркін әрі сенімді сөйлеу дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік берді.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар екі деңгей бойынша білім алып, тілдік дағдыларын жан-жақты жетілдірді:� бастапқы деңгей;� жалғастырушы деңгей.
Сабақтарды филология факультетінің оқытушылары жүргізді:�бастапқы деңгей тобына – А.Ш. Смайылова;� жалғастырушы деңгей тобына – Б.О. Рахимбаева дәріс оқыды.
Курсқа қатысқан 15 тыңдаушы 36 академиялық сағат көлеміндегі оқу бағдарламасын толық меңгеріп, күнделікті өмірде қазақ тілінде сенімді әрі еркін қарым-қатынас жасауға қажетті тәжірибелік білім мен дағдыларға ие болды.
Жобаның басты мақсаты – тыңдаушылардың қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту, мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту және қоғамдағы тілдік белсенділікті арттыру болды.
Курс барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да кең көлемде ұйымдастырылды. Университеттің ресми ақпараттық платформалары мен әлеуметтік желілерінде арнайы жарияланымдар жарияланып, көрнекі баннерлер мен жарнамалық материалдар дайындалды.
Оқу қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Жылы әрі әсерлі атмосферада өткен салтанатты кездесуде қатысушылар ұйымдастырушылар мен оқытушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған мұндай маңызды жобалардың қоғам үшін ерекше құндылыққа ие екенін атап өтті.
«Кел, қазақша сөйлесейік!» жобасы 2024 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бұл бастама аға буынның белсенді өмір салтын қалыптастыруға, үздіксіз білім алуға деген ынтасын арттыруға және мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеуге зор үлес қосып отыр.