ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ДӘРІПТЕУ

2026 жылғы 2 маусымда әскери кафедрада «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және дәріптеу ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға оқытушылар және әскери-оқу тәжірибесін өтіп жатқан студенттер – болашақ запастағы офицерлер мен сержанттар қатысты. Кездесудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм мен әскери борышты қалыптастырудағы Ту, Елтаңба және Әнұранның рөлін талқылау болды.
Студенттер алдында әскери кафедраның лауазымды тұлғалары құттықтау сөз сөйледі. Студенттерге жолдаған үндеуінде олар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы әрі болашақ офицер мен сержанттың іргелі міндеті екенін атап өткен.
"Мемлекеттік рәміздер - бұл жай ғана көрнекі атрибуттар емес, бұл біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің бейнесі. Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын және Гимнін құрметтеу әрқайсыңыздың жүрегіңізде болуы тиіс. Осы құрметтен нағыз патриотизм, тәртіп пен өз Отанын қорғауға дайындық туындайды", - деп атап өтті сөз сөйлеген офицерлер.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әскери кафедрада мемлекеттік рәміздерді танымал ету - идеологиялық жұмыстың негізі болып табылады. Ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу әскери кафедра қабырғасында тек білікті мамандарды ғана емес, кез келген сәтте Қазақстан Республикасының егемендігін қорғауға дайын нағыз патриоттарды даярлауға көмектеседі.