ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Шекарасыз жобалар

2021 жылдың 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Тарих факультетінің оқытушылары Жағыпар Әділет Бауыржанұлы, Ускембаева Айгерим Алдановна, Муратова Мадина Болатовна, Зипатолла Шыңғыс Құрманұлы және Мәкен Әділ Болатұлы Алтай мемлекеттік университеті базасында өткен «Түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтай форумына қатысты.

Форумның мақсаты – Еуразиялық ғылыми-білім беру және әлеуметтік-экономикалық кеңістікте берік интеграциялық байланыстарды қалыптастыру мен өзара іс-қимылды және Үлкен Алтай кеңістігіне қарасты мемлекеттері арасындағы саяси, экономикалық, ғылыми-білім беру және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қолайлы дамыту.

Іс-шараның спикерлері – Ресей, Қазақстан, Түркия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және т.б. елдердің ғалымдары, ғылым докторлары мен профессорлары болды.

Пленарлық отырыста Мәкен Әділ Болатұлы Орталық Қазақстан мысалында Үлкен Алтай мен Қазақстан тұрғындарының арасындағы ерте орта ғасырлар дәуіріндегі көші-қон процестері туралы сұрақ қойды. Ұйымдастырушылар бұл мәселені Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мәдениеттерді зерттеу бойынша ең өзекті және халықаралық ынтымақтастық ретінде атап өтті.

Муратова Мадина Болатовна мен Ускембаева Айгерим Алданова тараптарынан Азияның төрт ірі мемлекеттеріне қарасты Үлкен Алтайдың ұлтаралық қатынастарының қазіргі жағдайына қатысты сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, кофе-брейктер кезінде оқытушылар Ресей, Тәжікстан, Түркия және Қырғызстанның жетекші ғалымдарымен жеке әңгімелесулерде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен ынтымақтастық перспективалары және бірлескен жобаларды қолдауға дайындығы қарастырылды.

Оқытушылар мол тәжірибе жинақтап, халықаралық форумға қатысушылармен тығыз байланыс орнатты.

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының оқытушысы Мәкен Әділ