Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «FinTech индустриясы: трендтер, сын-қатерлер, даму бағыттары» халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы шығарылды
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Экономика факультетінің «Қаржы» кафедрасы ұйымдастырған «FinTech индустриясы: трендтер, сын-қатерлер, даму бағыттары» атты халықаралық қашықтықтан студенттік ғылыми жұмыстар байқауы өз мәресіне жетті.
Аталған байқау Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарынан келген студенттерді, жас зерттеушілерді және ғылыми жетекшілерді біріктірген маңызды халықаралық ғылыми алаңға айналды. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, инновациялық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен цифрлық экономика саласындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіру болды.
Қазіргі таңда қаржылық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады. Цифрлық төлемдер жүйелерінің, жасанды интеллекттің, үлкен деректердің, блокчейн технологияларының және цифрлық қаржы қызметтерінің дамуы қаржы секторын түбегейлі өзгертуде. Осыған байланысты байқау студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, олардың заманауи мәселелерге қатысты тың идеялары мен практикалық шешімдерін қолдауға бағытталды.
Биыл ұйымдастыру комитетіне 23 ғылыми жұмыс келіп түсті. Байқауға ұйымдастырушы жоғары оқу орнының студенттерімен қатар Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Мәскеу политехникалық университеті, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті, Каспий қоғамдық университеті, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысты. Қатысушылардың кең географиялық құрамы ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Байқау келесі ғылыми бағыттар бойынша өткізілді:
1. Цифрлық төлемдер және төлем экожүйелері;
2. FinTech саласындағы жасанды интеллект және Big Data;
3. Цифрлық валюталар мен блокчейн;
4. Қаржы ұйымдарының цифрлық трансформациясы;
5. FinTech және киберқауіпсіздік;
6. RegTech;
7. Мобильді қаржы және суперқосымшалар;
8. ESG және жасыл қаржы.
Барлық жұмыстар тәжірибелі ғалымдар мен сарапшылардан құралған комиссияның жан-жақты бағалауынан өтті. Бағалау барысында тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, авторлық идеялардың бірегейлігі, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы, әдіснамалық негізділігі, талдау сапасы және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы ескерілді.
Байқауға ұсынылған жұмыстар студенттердің жоғары ғылыми әлеуетін көрсетті. Қатысушылар қаржы секторындағы цифрлық өзгерістерді терең талдап, қаржылық технологияларды дамытуға бағытталған тың ұсыныстар мен практикалық шешімдер ұсынды. Көптеген зерттеулер экономика, қаржы және ақпараттық технологиялар салаларын ұштастырған пәнаралық сипатымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ арнайы номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Қазақстан мен Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының студенттері бар.
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге, сарапшыларға және серіктес жоғары оқу орындарына шынайы алғысын білдіреді. Ғылыми жетекшілердің қолдауы мен тәжірибесі студенттердің зерттеу жұмыстарын табысты жүзеге асыруында маңызды рөл атқарды.
I дәрежелі дипломмен марапатталады:
Габит Инкар Руслановна, Абдуллаева Муяссар Расуловна (УиА-23-2р тобы)
«Мұнай-газ секторы компанияларының ESG-скоринг алгоритмін әзірлеу: логистикалықрегрессия негізіндегі FinTech тәсілі» тақырыбындағы ғылыми жоба
Каспий қоғамдық университеті
Ғылыми жетекшілері: Мархаева Баянслу Ахилбековна, Парманова Римма Султанқұловна
Костяков Борис Михайлович (МЕН24-13 тобы), Щеглов Александр Алексеевич (ИД24-2тобы), Ламуева Кристина Максимовна (ФБД22-3 тобы)
«Әлемдік қаржы жүйесіндегі цифрлық валюталар мен блокчейннің болашағы» тақырыбындағы ғылыми жоба
Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті
Ғылыми жетекшісі: Ниязбекова Шакизада Өтеулиевна
II дәрежелі дипломмен марапатталады:
Samina Monir, Bhuiyan Md Sohag (251– 623 тобы)
«Тұрақты даму мақсаттарын салыстыру: Бангладеш пен Ресей» тақырыбындағы ғылымижоба
Мәскеу политехникалық университеті
Ғылыми жетекшісі: Tijani Forgor Alhassan
Оспанов Иманғали Мақсұтович (ҚЭТ-24-01 тобы)
«Қазақстан Республикасында жасанды интеллекттің зейнетақы жүйесінің тұрақтылығынаәсері» тақырыбындағы ғылыми жоба
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
Ғылыми жетекшісі: Кожахметова Әсемгүл Гиззатовна
III дәрежелі дипломмен марапатталады:
Руслан А.Р., Таңсықпаева А.М., Тлеуова Н.Е. (ФН-23-1к тобы)
«Қазақстан Республикасындағы Open Banking және Open API дамуы» тақырыбындағығылыми жоба
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
Ғылыми жетекшісі: Тиштыкбаева Арнагүл Жәкешовна
Әділбаева Назерке Шалқарқызы 6В40105-«Қаржы және аналитика» ББ 4курс студенті
«Қазақстанда жасыл несиелеу жүйесін цифрлық трансформациялау: трендтер мен стратегиялық қадамдар» тақырыбындағы ғылыми жоба
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Ғылыми жетекшісі: Турдалиева Райхан Қадылбековна
Омеркулова Аружан, Тынчтыкбеккызы Мадина (ФН-23-2р тобы)
«Инвестициялық қызметтегі FinTech технологиялары» тақырыбындағы ғылыми жоба
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
Ғылыми жетекшісі: Калкабаева Гаухар Мұратовна
«FINTECH индустриясы: трендтер, сын-қатерлер, даму бағыттары» тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстардың халықаралық қашықтықтан өткізілетін байқауында келесі студенттерді номинациялармен марапатталды:
«Қаржы секторындағы сандық экожүйелер» номинациясы:
Болат Олжас Нұрбекұлы (ҚЭТ-24-01 тобы), ғылыми жетекшісі: Кожахметова Асемгуль Гиззатовна, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
«Қаржы секторындағы жасанды интеллект» номинациясы:
Anik Md Shahidur Rahman, Zzaman Md Asrafur, Mim Sumiaya Akter (251– 623 тобы), ғылыми жетекшісі: Tijani Forgor Alhassan, Moscow polytechnic university
«Сандық валюта және блокчейн»:
Лубков Владислав Владимирович (ФФ25-1у тобы), ғылыми жетекшісі: Захарова Ольга Владимировна, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті
«FinTech саласындағы қазіргі заманғы үрдістер»:
Проказов Илья Иванович (ФБД22-1 тобы), ғылыми жетекшісі: Дюдикова Екатерина Ивановна, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті
«Қаржы институттарының цифрлық трансформациясы»:
Банахович Анастасия Денисовна, ғылыми жетекшісі: Чупина Жанна Сергеевна,Российский университет дружбы народов им. Патриса Лумумбы
Осындай халықаралық ғылыми іс-шаралар жас зерттеушілерді қолдауға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және цифрлық экономиканың болашақ мамандарын даярлауға зор үлес қосады. Байқау студенттік ғылымның жаңа идеялар мен инновациялық шешімдердің маңызды қайнар көзі болып қала беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.