ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасының Жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2022 жылдың 17 ақпанында «Маркетинг» кафедрасы және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің цифрлық экономиканы зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасының нәтижелері қорытындыланды. Биылғы жылы олимпиадаға қатысушылар саны 51 (18 команда) болды, олар отандық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Ресей мен Беларусь өкілдері.

Қатысушылар тапсырмалар орындауға шығармашылықпен қарады, өйткені бірінші турға туған өлкесінің туристік әлеуетін көрсететін «фотожобасын» ұсыну қажет болды. Екінші турда студенттер мен магистранттар ұсынылған бағыттар бойынша бейнеролик дайындауы керек болды, оның ішінде келесілер қатысушы командалардың ерекше қызығушылығын тудырды:

  • «Ішкі автомобиль туризмі, staycation – карантиннен кейінгі кезеңдегі үрдістер»;
  • «Киноөндіріс туристік дестинацияларды жылжыту құралы ретінде»;
  • «Қазақстан туризмін дамытудағы чат-боттардың мүмкіндіктері»
  • «Авторлық тақырыптық турды енгізу және жылжыту құралдары»;
  • «Туризмді дамытудағы кеңейтілген шындықпен Google Maps Live View мүмкіндіктері» және т.б.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Фотожоба» бағыты бойынша жүлделер келесідей бөлінді:

1 орын:

Ломако Анна Александровна, Шинкевич Анастасия Павловна құрамында Янка Купала атындағы Гродненск мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы)  “DoubleAN”  студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Чувак Светлана Викторовна– экономика және менеджмент магистрі, аға оқытушы.

2 орын:

- Сатыбалдинова Айгерим Айтпаевна, Бименде Анель Сакеновна құрамында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Constellation» магистранттар командасы.

Ғылыми жетекшілері: Мамраева Динара Габитовна – э.ғ.к., профессор, Ташенова Лариса Владимировна - э.ғ.к., аға оқытушы.

3 орын:

- Бреус Анна Александровна, Батушева Валерия Романовна, Гладков Марк Глебович құрамында Н.А. Добролюбова атындағы Нижегород мемлекеттік лингвистикалық университетінің (Ресей Федерациясы) “LUNNtravel” студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Смирнова Ирина Павловна – жарнама, қоғаммен байланыс және туризм кафедрасының аға оқытушысы.

- Пак Екатерина, Баимбаева Куляш, Наурызова Жания құрамында «Тұран-Астана» университетінің (Қазақстан Республикасы) “AURA” студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Атикеева Сайран Николаевна – б.ғ.к., доцент.

Қорытынды нәтижеге сәйкес «Бейнеролик» бағыты бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын:

- Николаев Александр Александрович, Разиев Саид Рустемович, Ким Денис Евгеньевич құрамында «Тұран» университетінің (Қазақстан Республикасы) “The Columbus travel team” студенттер командасы. 

Ғылыми жетекші: Величко Анастасия Викторовна – магистр, сениор лектор.

2 орын:

- Мелешко Екатерина Геннадьевна, Лысенко Ольга Сергеевна, Сидоркевич Арсений Викторович құрамында Янка Купала атындағы Гродненск мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) «Туристические новаторы» студенттер командасы.  

Ғылыми жетекші: Боярчук Татьяна Николаевна– аға оқытушы, тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары.

- Тишалович Алеся Вячеславовна, Черняк Дарья Анатольевна, Шостак Екатерина Владимировна құрамында Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің «Киностудия «Туристы»» студенттер командасы.  

Ғылыми жетекші: Бессараб Дмитрий Александрович – г.ғ.к., доцент.

3 орын:

- Жаңабай Талшын Нұрланқызы, Оспан Аружан Қайратқызы, Сламгали Алуа Ерболқызы құрамында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің “JANALEP” студенттер командасы.  

Ғылыми жетекшілері: Төлеуұлы Алмас - PhD, қауымдастырылған профессор, Джумабаева Шолпан Бахытовна - э.ғ.м., аға оқытушы.

- Қанақ Адемы Айдосқызы, Балабек Томирис Бауржанқызы, Бахытбек Раушан Бахытбекқызы құрамында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Kone Taraz Travel» студенттер командасы.

Ғылыми жетекшілері: Досымова Оразкуль Жумабаевна – аға оқытушы, Джоланов Ермек Ермекович – аға оқытушы.

- Измайлова Олеся Халитовна, Тумановская Алена Эдуардовна, Колодезный Федор Владимирович құрамында Н.А. Добролюбова атындағы Нижегород мемлекеттік лингвистикалық университетінің (Ресей Федерациясы) «ЮнИс» студенттер командасы.

Ғылыми жетекші: Пияшова Светлана Николаевна – г.ғ.к., доцент.

Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!