ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Поздравляем!

2026 жылғы 20 наурыздағы №144 «2025–2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босатылған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің бұйрығына сәйкес, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ-тың 102 білім алушысы мемлекеттік білім беру гранттарына ауыстырылды. Оның ішінде 83 студент және 19 магистрант бар.Грант тағайындауға үміткерлердің барлығы факультет деңгейінен бастап Ғылыми кеңеске дейінгі конкурстық іріктеу рәсімінен өтті. Олар – оқу үлгерімі жоғары студенттер мен магистранттар, сондай-ақ университеттің ғылыми және қоғамдық өмірінде жетістіктері бар білім алушылар.Айта кету керек, 50 студент пен магистрант университет ішінде босатылған гранттарға ие болса, 52-сі республикалық конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанды.

Грант иегерлерінің ең көп бөлігі келесі білім беру топтарындабілімалады: В057 – Ақпараттықтехнологиялар, В051 – Қоршаған орта, В054 – Физика, В055 – Математика және статистика, В018 – Шеттілімұғалімдеріндаярлау. Магистранттар бойынша: М016 – Тарихпәніпедагогтеріндаярлау, М021 – Арнайы педагогика, 072 – Менеджмент, 094 – Ақпараттық жүйелер бағыттары бойынша оқиды. Білімалушыларымызды мемлекеттік білім беру гранттарын иеленуімен құттықтаймыз! Оқуда табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Жаңа грант иегерлері атынан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне білім алушыларға көрсетілген әлеуметтік қолдау үшін алғыс білдіреміз.