ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АҚШ Елшілігі делегациясының келуі

2021 жылдың 28-30 қазаны аралығында экономика және халықаралық бизнес кафедрасына, Жастар кәсіпкерлігі орталығына және Buketov Business and Innovation Hub-қа Айова университетінің (АҚШ) және АҚШ Елшілігінің делегациясы келді. Делегация құрамына Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Эмбер Ора, Джон Пападжон атындағы Кәсіпкерлік орталығының директоры, Халықаралық бизнес институтының қауымдастырылған профессоры Дими Дореска, Халықаралық бизнес институтының профессоры және гранттық бағдарламалардың әкімшісі Келли Бедеян кірді.

Кездесу барысында делегация кафедра және орталықтың бизнес-бағдарланған пәндерді жүргізу бойынша оқу үдерісінің жоғары ұйымдастырылуын және өңірде, университетте стартап-қозғалысты дамытуға арналған іс-шаралардың уақтылы өткізілуін атап өтті.

3 күн ішінде экономика және халықаралық бизнес кафедрасының базасында кәсіпкерлік білімді одан әрі дамыту бойынша воркшоп өтті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті экономика және халықаралық бизнес кафедрасы мен Айова университетінің Халықаралық бизнес институты арасында іскерлік байланыстар орнатылып, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар белгіленген.

АҚШ Елшілігінің өкілі – білім беру және мәдениет жөніндегі атташе Эмбер Ора университет пен факультет басшылығына Айова университетінің делегациясын жылы қабылдағаны және Айова университетінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

*****