ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдануға, еңбек даулары бойынша келіссөздер жүргізу және консенсусқа келу негіздеріне оқыту (құқықтық нормаларды талдау, сот тәжірибесін шолу)»

Қарағанды университетінің келісу комиссиясының мүшелері «Келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдануға, еңбек даулары бойынша келіссөздер жүргізу және консенсусқа келу негіздеріне оқыту (құқықтық нормаларды талдау, сот тәжірибесін шолу)» тақырыбы бойынша білім жетілдіруде.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келiсу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнде тепе-тең негiзде жұмыс берушi мен қызметкерлер өкiлдерiнiң тең санынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек даулары бойынша консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқудан өтуге міндетті.

Іс-шарада лектор-тренер қызметін заң ғылымдарының кандидаты, еңбек даулары жөніндегі қорғаушы, Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі, Астана қалалық адвокаттар алқасының Президиумы жанындағы Консультативтік-әдістемелік кеңесінің мүшесі Самал Бақытқызы Серікбекова атқаруда. Самал Бақытқызы университетіміздің заң факультетінің түлегі (1999).

Оқыту барысында еңбек заңнамасына талдау жасалып, сот тәжірибесіне шолу, құжаттар, келісім комиссиясының іс жүргізу тәртібі зерттеледі. Сонымен қатар топтық талқылау, тәжірибе алмасу және тәжірибеден, оның ішінде семинарға қатысушылардың тәжірибесінен жағдайды талдау жүргізіледі (CASE-STADY).