ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиада

2021 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының Сочи қаласында ПОД/ФТ саласындағы Халықаралық жүйелік институтының ұйымдастыруымен Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасы өткізілді. Бұл халықаралық олимпиадаға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің Үкімет басшылары, екінші деңгейлі банктер және бизнес өкілдері, студенттері мен магистранттары қатысты.

Қазақстан Республикасы және біздің университетіміздің атынан экономика факультетінің 3 магистранты мен заң факультетінің 2 студенті шықты:

- Сайлау Айбек – «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты;

- Калмаганбетов Данияр – «Іскерлік әкімшіліктендіру» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты;

- Оразова Айымжан – «Экономикалық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты;

- Шаянбаев Руслан – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті;

- Сарсембаев Асхат – «Құқықтану» образовательной программы 4 курс студенті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жалпыкомандалық 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!

*****