ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Шетелдік ғалым Селезнёва Руслана Витальевнаның қонақ дәрістер курсы


2025 жылғы 10 ақпан мен 2025 жылғы 1 наурыз аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (https://buketov.edu.kz/ru/) экономика факультетінде (https://buketov.edu.kz/ru/page/faculty/faculty-econ) техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Жоғары кәсіптік білім мектебінің (Вроцлав, Польша) өкілі Селезнёва Руслана Витальевнаның 72 сағаттық онлайн форматтағы қонақ дәрістері өтеді.«SmartPLS және оның қаржы жүйелерімен интеграциясы» курсы экономикалық деректермен жұмыс істеуге арналған аналитикалық бағдарлама SmartPLS құралдарын меңгеруге бағытталған. Курс SmartPLS-ты қосу, баптау және бастапқы конфигурациялау, макро- және микроэкономикалық процестерді модельдеуде SmartPLS-ты қолдану, бизнес-процестердің тиімділігін бағалау мәселелерін қамтиды. Бұл курс корреляциялық математикалық-статистикалық модельдер құруға, гипотезаларды тексеруге арналған SmartPLS бағдарламасын пайдалануға үйретеді, бұл ғылыми зерттеу жобаларында жұмыс істеу және аналитикалық мақалалар жазу үшін қажет.Дәрістерден бөлек, курс семинарлар, топтық және жеке кеңестер, ПОҚ үшін тренингтер, ғылыми жобалар мен бірлескен жарияланымдарға қатысты консультацияларды қамтиды.