ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

7 сәуір күні Неапольдегі Федерико II атындағы университеттің рим құқығы кафедрасының профессоры Фабиана Туччилло білім беру бағдарламаларының «6В04201 – Құқықтану» және «6В04205 – Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» мамандықтарының студенттерімен тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында рим құқығы мен еуропалық құқықтың негізгі қағидаттары кеңінен талқыланып, олардың қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің қалыптасуына тигізген ықпалы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар жеке құқық институттарының дамуы мен құқықтық мәдениеттің қалыптасу үдерісі де назардан тыс қалмады.
Мұндай мазмұнды кездесулердің маңызы зор. Себебі ол студенттерге шетелдік білікті сарапшының тәжірибесінен тағылым алуға мүмкіндік беріп, олардың құқықтық ой-өрісін кеңейтуге, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық көзқарасты қалыптастыруға жол ашады. Трансұлттық құқықтық ұстанымдарды терең түсінуге ықпал етеді.
Қонақ дәрісті ұйымдастыруға заң факультеті мен азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы ұйытқы болды.