ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – СЛОВАКИЯ ТӨРІНДЕ

Словакияның Банска-Бистрица қалалық кітапханасында қазақ әдебиетіне арналған тұрақты кітап бұрышы ашылады. Бұл игі бастама Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асуда.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы, бай әдеби мұрасы, ұлттық болмысы мен рухани құндылықтарын дәріптейтін бұл кітап қоры словакиялық оқырмандардың, студенттердің және зерттеушілердің Қазақстанды тереңірек тануына жаңа мүмкіндік береді.
Жаңа кітап қорының алғашқы легін Бөкетов ұлттық зерттеу университеті ғалымдарының ғылыми еңбектері толықтырды. Олардың қатарында университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтың еңбектері де бар. Ректор өз кітаптарын кітапхана директорына арнайы табыстап, халықаралық мәдени жобаның бастауына жол ашты.
Банска-Бистрица қалалық кітапханасы өңірдегі ең ірі рухани орталықтардың бірі саналады. Қорында екі миллионға жуық кітап сақталған, ал төрт мыңнан астам тұрақты оқырманға қызмет көрсетеді.