ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАЛЫНДЫ ЕСТЕЛІГІ

Дене мәдениеті және спорт факультетінде студенттер отставкадағы полиция полковнигі, жазушы Кәренов Қанат Саттарұлымен өткен кездесуге қатысты.

Тағылымды басқосу барысында ол Қарағанды өңірінен шыққан батырлардың тағдыры туралы баяндап, рухани құндылықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Қарлығаштар оралар ма?» атты кітапта көрініс тапқан әйел танкистер туралы оқиға тудырды. Көркем бейнелер арқылы студенттер соғыс жылдарындағы оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.

Жүздесу пікір алмасу форматында өтті. Жастардың қойған сұрақтары тарихқа деген қызығушылық пен ардагерлерге құрметтің әлі де маңызды құндылық болып қала беретінін көрсетті.