2021 жылғы 14-15 желтоқсан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Sustainable Tourism Development» («Туризмнің тұрақты дамуы») атты IV қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырады.
Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:
13 желтоқсанға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық байқауға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша өтінім жіберуі қажет: tourism_competition@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін
I тур «Жоба» - команда жобаны: «Қалалық туризмнің тұрақты дамуына авторлық көзқарас», тақырыбында презентация форматында ұсынады, жоба Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru.
II тур “Elevator speech” – команданың әр қатысушының сөзін бейнежазбаға беруі (бірыңғай бейне трек түрінде), ұзақтығы 1-2 минут. “Elevator speech” байқау бағыттары бойынша орындалуы тиіс, бейнежазба 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru.
Ғылыми жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық байқау туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: tourism_competition@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна).