ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

2021 жылғы «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы

2021 жылы «Атамекен» ҰКП рейтингісіне Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бакалавриатының 48 білім беру бағдарламасы қатысты.

 

Университеттің 16 білім беру бағдарламасы (33%-ы) үздік үштікке енді:

- 1 орын – 5 бағдарлама (6В05401-Математика, 6В010509-Биология, 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы, 6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В04112-Әлемдік экономика);

- 2 орын – 3 бағдарлама (6В01901-Дефектология, 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В06101-Информатика);

- 3 орын – 8 бағдарлама (6В07101-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 6В06103-Ақпараттық жүйелер, 6В02303-Шетел филологиясы, 6В01402-Бастапқы әскери дайындық, 6В01403-Дене шынықтыру және спорт, 6В07201-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, 6В07104-Аспап жасау, 6В02204-Тарих).

 

Университеттің 19 бағдарламасы (39%-ы) рейтингке қатысушылардың жалпы тізімінің бірінші жартысында орналасты.

 

2020 жылмен салыстырғанда 5 білім беру бағдарламасы немесе 10%-ы (6В01503-Физика, 6В06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6В04106-Есеп және аудит, 6вВ02301-Аударма ісі) өз позицияларын айтарлықтай жақсартты.

 

Тағы 5 бағдарлама «Атамекен» рейтингісінде үш жыл бойы тұрақтылықты көрсетіп келеді (6В07103-Жылу энергетикасы, 6В01501-Математика, 6В02101-Дизайн, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В04103-Экономика).