ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жас ғалымдар форумы

Тарих факультетінің оқытушылары Укембаева Айгерім Алданқызы мен Мәкен Әділ Болатұлы 23-26 қараша аралығында Самара қаласында өткен ІІІ Ресей-Қазақстандық жыл сайынғы «Жас ғалымдар» форумына қатысты.

Бұл форум екі елдің ғылыми ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Қатысушылары ретінде Ресей мен Қазақстанның бірнеше қалаларынан келген жас ғалымдар, ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, университет оқытушылары мен ғылыми жобалардың авторлары мен жетекшілері болды. Жалпы алғанда 100 астам жас ғылымдар қатысты.

Форумның үш тақырыптық сессияны қамтыды, онда ресейлік және қазақстандық зерттеу орталықтарының сарапшылары сөз сөйледі.

Форум аясында ғылыми жобаларды таныстырудың заманауи форматтарымен және оларды танымал ету жолдарымен танысуға мүмкіндік болды. Форумға қатысушылар Википедияға мақала жазу бойынша шеберлік сабағына қатысты, «Цифрлық дәуір және білім берудің қиындықтары» тақырыбындағы дәрісті тыңдады және Ресей мен Қазақстандағы «жас» ғылымның қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Сондай-ақ форумда «Аналитика, зерттеулер және перспективалар: Ресей мен Қазақстанның жас ғылымы» және «Жастар дамуының келешегі: бизнес, цифрлық және білім беру жобалары» атты екі пікірталас алаңы жұмыс жасады. Онда форумға қатысушылар екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын айта алады.

Пікірталас алаңында Мекен Әділ Болатұлы екі елдің ғалымдары тәжірибе алмаса немесе ынтымақтастық туралы ұсыныс жасай алатын бірыңғай платформа құру туралы ұсыныс жасады. Ұсыныстар мен айтылған пікірлер қорытынды резолюцияға енгізілген болатын.

Сондай-ақ форумға қатысушылар «Ресей – менің тарихым» атты саябағында экскурсиялық бағдарламаларды тамашалап, қаланың тарихи орындарын аралап, «Халықтар достығы саябағы» этномәдени кешеніне барып қайтты.

 

Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Ускембаева Айгерим Алдановна