ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

EcoSystemERG: Entrepreneurial MeetUp 2021

2021 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі 2021" жобасы аясында Entrepreneurial MeetUp іс-шарасы өтті, оған академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ экономика және халықаралық бизнес кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Entrepreneurial MeetUp - бұл Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларынан келген өңірлік оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері жаңа құзыреттерді дамытатын, сондай-ақ әрбір қатысушының белсенділігі мен ынтасымен қызықты тақырыптар мен трендтерді талқылайтын оқиға.

Студенттер тренингтер мен мастер-кластарға белсенді қатысты, спикер ретінде Валентин Морозов - Еуразиялық банк СЕО, Евгений Волков - BTS Digital CDO, Еңлік Тлепова – кәсіпкер, @jumsaq.kz қазақстандық брендтің негізін қалаушы сияқты түрлі қызмет салаларындағы кәсіпкерлер мен бизнесмендер болды. Сонымен бірге оқытушылар үшін "Оқытуды трансформациялау: білім алушыларды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мультфильмдерді пайдалану" және "Сабақтарды ұйымдастырудың стандартты емес тәсілдері: кейстер" тақырыптарында практикалық тренингтер, сондай-ақ "Пандемиядан кейінгі білім беру: үздік практика" панельдік форсайт-сессиясы ұйымдастырылды.

"Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасының ұйымдастырушылары: ERG компаниясы (Еуразиялық Топ), Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы.